1 Жалпы терапия және алдына алу шаралары



бет1/4
Дата06.12.2019
өлшемі80.61 Kb.
#447659
  1   2   3   4
VNB Aa-1-1-1-1-1

1

1.Жалпы терапия және алдына алу шаралары. Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу; Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология); Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез); Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау; Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау; Аурудың өту барысына сүйене готырып оған болжам жасау (прогноз); Ауруға ем тағайындау (терапия); Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).Жануарларға тексеру жүргізу үшін клин.қ тексерудің жоспарын міндетті түрде білу қажет.

2.Тыныс алу жүйесінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан баска — ауатамыр мен өкпенін қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. жатады.

Өкпенің қабынуы.Аурудың кең тарағаң түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе кабынады. Өкпе кабынғанда дене қызуы 39,4-40 градуска дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды.

Ауатамырдың қабынуы.Баяу басталады, оның белгілері бірден сезіле қоймайды. Науқас сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дененің қызуы кетеріледі. Ауру өршіп, ұзаққа созылуы да мүмкін.

Тыныс демікпесі.Ауырған малдың тыныс алуы қиындайды. Бұл — булықтыратын ұстамалы ауру.

3.Ас қорыту жүйесі ауруларының патогенезі.Ас қорыту жүйесінің ауруларының дамуында жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуының орны ерекше.Малдарды белгілі бір уақытта азықтандыру, серуендету, дем алдыру сол жүйке жүйесінің қызметінің қызметінің дұрыс болуының бірден бір кепілі.Мал рационының құрамында азықтардың әртүрлігі, онда тұздардың, минералды витаминді заттардың белгілі бір мөлшерде болуының, олардың әсіресе қыс мезгілінде қорада ұстаған жағдайда, таза сумен қамтамасыз етілуінің мағызы өте зор. Ол үшін мал азықтарын әр кезде химиялық тексеруден өткізіп отыру керек. Көбінесе ондағы қорытылатын протеинді, каротинді минералды заттарды, сүрлемнің құнарлылығын,қышқылдылығын анықтайды.Мал қанындағы, сүттегі, зәрдегі белокты, витаминді микро және макроэлементтерді, кетон заттарын анықтау арқылы мал азығының құнарлылығын қадағалап отыруға болады.

2



1.Сумен жылулықпен емдеу.Сумен және жылумен емдеу, малдардың сыртқы тері рецепторлары мен ішкі кілегей қабықтарына судың термикалық, механикалық және химиялық қасиеттері әсер ету арқылы пайда болған тітіркену жартылай миға берілуге негізделген табиғи емдік әдіс.Су өзінің үлкен жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігінің арқасында және өте ыңғайлы қол жетерлік әдіс болғандықтан емдеуден сақтандыруда жаппай кең тараған. Мал шаруашылығы тәжірибесінде көбінесе сумен емдеу іс әрекеттері үшін тұщы су пайдаланылады.Жылу теріні және оның астында жатқан ұлпаларды жылытады, жоғарыда және терең жатқан қан тамырларының аздаған бөлшегін кеңейтеді, лимфа айналымы мен зат алмасуын күшейтеді.

2.Тыныс алу жүйесі ауруларының патогенезі. Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан баска — ауатамыр мен өкпенін қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. жатады.

Өкпенің қабынуы.Аурудың кең тарағаң түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе кабынады. Өкпе кабынғанда дене қызуы 39,4-40 градуска дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды.

Ауатамырдың қабынуы.Баяу басталады, оның белгілері бірден сезіле қоймайды. Науқас сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дененің қызуы кетеріледі. Ауру өршіп, ұзаққа созылуы да мүмкін.

Тыныс демікпесі.Ауырған малдың тыныс алуы қиындайды. Бұл — булықтыратын ұстамалы ауру.

3.Рентгеноскопия. Рентген сәулесін мал ауруларын анықтап, оны зерттеу үшін қолданады. Клиникалық және лабораториялық зерттеулермен бірге рентген сәулесін қолдану ауру малға толық және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді. Мал дәрігерлік жұмыстарда рентген зерттеудің бірнеше түрі қолданалады: рентгеноскопия ( немесе рентген сәулесі арқылы ағзалар мен денені айналдыра көру) , рентгеногрфия ( немесе дене мен ағзалардың кескінн рентгенограммаға түсіру ) және флюорография тәсілдері. Рентгеноскопия тәсілімен жұмыс істегенде зерттелетін малға , дәрігер рентгенологқа сәуленің тигізетін зиянды әсері көп болады. Сол себепті айнамен қарау тісілін қосымша тәсілдерге жатқызуға да болады. Денелер мен ұлпалардың кескінін көру үшін арнайы көру айнасы қолданылады. Ол денеден өтіп түскен рентген сәулесінің мөлшері мен қарқынына қарай көру айнасы жарқылдайды. Көру айнасының көлемі 30х40 см ақ картоннан тұрады, оның бір жағы химиялық затпен көмкерілген , ол рентген сәулесі түскен кезде жарқылдайды . Химиялық заттың бірі платинсинеродисті барий , ол рентген сәулесі түскенде сары жасыл түспен жарқылдайды, флюоресценцияланады. Егер айнаға , яғни платинсинеродисті бариға рентген сәулесі неғұрлым көп және қатты қарқынмен әсер етсе, соғұрлым ол қатты жарқылдайды. Бұл жарқылдау құбылыс Стокс заңына тікелей байланысты , әсер етуші жарықтың толқынының ұзындығынан пайда болған жарық толқынының ұзындығы үлкен болады.

3



1.Электр тоғымен емдеу.Табиғи ем бөлмелерінде барлық электр қосқыштарын қорғаушы жабқыштармен жауып қою керек. Әрбір қосқыштарын жолына тез ерігіш металдарды орнату арқылы аппараттарды электр жүйесінде қысқаша қосылудан сақтандырады. Электр сымдарының жалаңаш қалған жерлерін резеңкеден жасалған трубкамен немесе изолентамен орап, ал емдік аппараттардың ток апарушы бөліктерін – изоляциялық немесе қорғаушы қақпашақтармен жабады. Диатермия мен УЖЖ аппараттарында жоғарғы кернеу болады.

2.Қарын және ішек аурулары. Ішектердің паталогиясы олардың секрет пен экскрет бқлу, жиырылу және сіңіру қызметтерінің бұзылуымен, сондай-ақ органикалық өзгерістермен сипатталады. Аурудың негізгі белгілері малдың түріне, қабыну процесінің орны мен сипатына тікелей байланысты. Алғашқыда аурудың жеңіл түрінде клиникалық белгілері байқалмауы да мүмкін. Ондай жағдайда малдың тәбеті дұрыс, суды көбірек ішеді, аздап тынышсызданады, тез шаршағыш келеді. Ащы ішектердің қабынулары айқынырақ білінеді. Әсірсе 12тұтам ішек қабынғанда сары аурудың белгілері жылдам білінеді. Қанда билирубинге оң реакция береді, ішектердің жиырылуы күшейеді, ас қорту нашарлайды, нәжісте толық қортылмаған ас қалдықтары көптеп анықталады. Бастапқыда ніжңс қатып ащы ішекті бітеп тастауы мүмкін. Тоқ ішектердің қабынуларында тік ішектің сфинктері босаңсыған, іш өтеді, ішектердің жиырылуы үдейді, шуылы қатаяды. Нәжісте көп жалқаяқ анықталады, кейде қан аралас болады. Ауру мал қарнын ішіне тартып жылдам арықтайды.

3.Рентгенография. Рентген сәулесін мал ауруларын анықтап, оны зерттеу үшін қолданады. Клиникалық және лабораториялық зерттеулермен бірге рентген сәулесін қолдану ауру малға толық және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді. Мал дәрігерлік жұмыстарда рентген зерттеудің бірнеше түрі қолданалады: рентгеноскопия ( немесе рентген сәулесі арқылы ағзалар мен денені айналдыра көру) , рентгеногрфия ( немесе дене мен ағзалардың кескінн рентгенограммаға түсіру ) және флюорография тәсілдері. Рентгенография – ең қолайлы және тиімді тәсіл. Рентгенограммада , айнадағы көрініске қарағанда өте ұсақ өзгерістер жақсы көрінеді.Рентген пленкасының негізгі целлуойдтан жасалып , балуызбен көмкерілген. Оның екі жақ бетне жарық сезгіш күміс қоспа жағылған, сондықтан таза пленканы қараңғы жерде, каротиннан жасалған қорапта сақтайды. Суретке түсіру үшін пленканы кассетаға салады, оның жануарға қараған жағы алюминимен жасалғандықтан рентген сәулесне ұқсамайды. Рентген суретіндегі мүшелер әр уақытта үлкейіп көрнеді, оларды өз деңгейінде көру үшін рентген түтігін суретке түсіретін мүшеден алыстатып, мүшені рентген пленкасына барынша жақындату қажет.

4



1.Физиотерапия (physicus-табиғи, therapia-емдеу) – табиғи факторларды малды емдеуге пайдалану. Табиғи куштермен ауруларды алдын алу сақтандыру-организмдегі зат алмасу процесін қалыпқа келтіру, оның жалпы қарсылық күшін көтеру және малдың саулығын нығайту мақсатымен табиғи және жасанды физикалық факторларды пайдаланудың шаралар жиынтығы.

2.Диспансеризация.Диспансеризация – дені сау, сапалы өнімді, конституциясы қолайлы, организмдегі зат алмасу деңгейі жоғары малдар тобын құру үшін жүргізілетін диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.

Диспансеризацияның теориялық негізі – организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын қағидалайтын жалпы биологиялық заң болып табылады. Ол заң бойынша топырақтағы, онда өсетін өсімдіктегі және ол өсімдікпен қоректенетін мал организміндегі зат алмасу процестерінің өзара байланысы келтірілген.

Малдәрігерлік тәжірибеде диспансеризация алғаш рет Қызыл әскер бөлімдерінің малдәрігерлерінің жылқы малдарын күнделікті клиникалық тексеруден өткізуінен басталады (И.Г.Шарабрин және басқалар).

Ал диспансеризацияны мал шаруашылығына еңгізу сол кездегі ауылшаруашылық министірінің ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі бойынша, Қазан ветеринарлық институтының ғалымы Х.Г.Гизатуллиннің ұсынысымен, 1957 жылы басталды. Ол ұсынысқа сәйкес диспансеризация негізгі және негізаралық болып екіге бөлінеді. Негізгі диспансеризация жылына екі рет: жазғытұрым - мал жайылымға шығарда және күзде – мал қыстаққа қойыларда, ал негізаралық – жыл тоқсанында бір рет жүргізіледі.

Диспансеризация үш кезенден тұрады:1.Диагностикалық;2.Емдеу;3.Аурудан сақтандыру.

3.Бронхит, пневмония.

Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан ауру малға антибиотиктер беруге болмайды.

Өту барысы бойынша жіті және созылмалы, пайда болу себептеріне байланысты негізгі және туындаған, қабынудың сипатына байланысты катаральді, ірінді, қанталаған, фибринді түрлеріне бөлінеді.Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне  тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас төлдер мен кәрі малдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар(пневмококк,стафилококк,стрептококк)қоздырады. Пневмония екіге бөлінеді: лобарлы (бөлікті) және лобулярлы(бөлшекті).Лобарлы (бөлікті,ошақты)пневмония – қабыну процестерінің әдеттегідей өткен жағдайының өзінде, өкпелерге тез өрбіп, үлкен көлемге таралып, аурудың бастапқы сағаттарының ішінде-ақ көп бөліктерін не жеке өкпелерін зақымдаумен сипатталады.Лобулярлы(бөлшекті)пневмония – қабыну процестерінің өкпе бөлшектеріне бірте-бірте таралуымен сипатталады.

5



1.Жарық сәулесімен емдеу.Жарықпен емдеу (фототерапия)-малдың организімінде жарықтың энергиясымен әсер ететін ем әдісі. Жарық өте кушті белгі беретін қоздырғыш. Жарық сәулелері көздердің тор қабықтары арқылы интерорецепторлар байланыстарының жәрдемі мен ми қабына үздіксіз әсер етіп, сол арқылы ағзалардың қызметтеріне рефлекторлы түрде ықпалын тигізеді және белгілі бір мөлшерде зат алмасу процесін арттырып не төмендетіп тұрады. Жарық, организмге терінің, кілегей қабықтарының экстерорецепторлары арқылы биологиялық әсерін де тигізеді.

2.Алдынғы қарыншақтарының аурулары.Күйіс қайыратын малдардың адынғы қарыншақтары өте күрделі, организмге өте қажетті ас қорыту қызметін атқарады.Мес қарынның гипотониясы мен атониясы.Олардың жиырылу процесінің бұзылуымен сипатталатын аурулар.Жиырылудың саны азайып, оның күші әлсірегенде гипо, ал жалпы жиырылу процесі тоқтағанда атониясы деп аталады.Себептері.Ауру әсіресе ірі қара малда жиі тіркеледі.Көбінесе кәрі,арық, буаз,әлсіз малдар жиі аурады.Сондай аө рацион дұрыс болмағанда, жеуге дұрыс дайындалмаған, жарнақталмаған дәнді дақылды көп, диірменнен қалған қалдықты құрғақтай бергенде, кенеттен азықтың құрамын өзгерткенде ауру пайда болады.Дамуы.Нашар өорытылатын, құнарсыз, құрғақ, қатқыл азықтар қарыншақтардың қабырғаларын кереді, оның етінің тоеусы әлсіреді.Онымен қоса жүйке жүйесінің реттеушілік қызметі бұзылады.Осының салдарынан атониялық кеіею пайда болады. Ондағы рН өзгереді, азық қалдықтары араласпайды, уақытында келесі бөлімдерге өптейді, микроорганизмдердің әлсіреуінен астың қорытылу және организмге сіңу процесі нашарлайды.Азық алдыңғы қарыншақтарда нығыздалып жатып қалатындықтан, онда улы заттар (шоғырланады, ас қорыту бездерінің секрет бөлуі нашарлайды, асқазан мен ішектерде іру шіру процестері үдейді де, организмді одан әрі уландыра түседі.Клиникалық белгілері. Ауру малдың тәбеті нашар, кейде бұзылған. Қозғалысы сылбыр, көіңлсіз,сиырлардың сүт беруі азаяды.Малдың күйіс қайыруы әлсіз, ритімі бұзылған. Месқарынның жиырылуы әлсіз.Ауру ұзаққа созылғанда нәжісі не қатып қалады не іш өту байқалады.

3.Миокардит және миокардоз.

Миокардит (Муосаrdіtіs - жүрек бұлшық етінің абынуы) —Миокардтың қабынуы. Жүректік бұлшық еттің миокардит деп аталатын қабынуы, көбінесе вирустық инфекциямен байланысты. Бірақ оған ревматизмдік шабуыл немесе сәулелену, дәрілік және химиялық заттардың әсер етуі себеп бола алады. Көп жағдайда ауру емдеусіз жазылады.

Миокардоз (Myocardosis) – деп, жүрек етінің қабынбай өтетін ауруының жалпы жиынтығын айтады. Малда бұл ауру екі клиникалық түрде – жүрек етінде зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын онша бұзбай (миокардиодистрофия) және жүрек етінің зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын байқарлықтай бұзып (миокардиодегенерация) өтеді.

6



1.Жүрек қан тамырының жүйесінің аурулары.Жүрек пен қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару. 
Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады.Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Жүрек қабы ауруларының өзін екіге бөледі: жүрек қабының қабынуы (перикардиты) және шеменденуі(гидроперикард). 
Жүрек етінің аурулары да осы принципке негізделіп бөлінеді – жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз). Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар – жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз). 

2.Ауру малды зертханалық тексеру / Тыныс жолдары және өкпе аурулары.Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:1.Тыныс алу  жолдарының  аурулары   (ринит,   гайморит, фронтит, ларингит, трахеит);Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. 2.Өкпе   мен   оның   сірілі   қабықтарының  аурулары  (өкпе қабынулары; пневмония; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі).Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне  тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас төлдер мен кәрі малдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Пневмония екіге бөлінеді: лобарлы (бөлікті) және лобулярлы(бөлшекті).Лобарлы(бөлікті,ошақты)пневмония – қабыну процестерінің әдеттегідей өткен жағдайының өзінде, өкпелерге тез өрбіп, үлкен көлемге таралып, аурудың бастапқы сағаттарының ішінде-ақ көп бөліктерін не жеке өкпелерін зақымдауменсипатталады.Лобулярлы(бөлшекті)пневмония – қабыну процестерінің өкпе бөлшектеріне бірте-бірте таралуымен сипатталады.

3.Зат алмасу жүйесі ауруларының патогенезі.Заттар алмасуы дегеніміз – айналадағы ортадан келетін немесе организмнің өзіндегі органиқалық және органиқалық емес заттардың химиялық өзгерістерінің жиынтығы. Қазірде шаруашылық малдарында кездесетін зат алмасуының бұзылуынан болатын 30-дан астам аурулары белгілі. Бұл аурулар көп себепті аурулардың қатарына жатады.Малдарда зат алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды анықтаудағы кейбір ерекшеліктер:1)Азықтық заттардың құрамындағы белоктардың, углеводтардың, майлардың, витаминдердің, минералдық заттардың организмге түскеннен бастап ақырғы қалдыққа айналуға дейінгі процестерінің дамуын жақсы білу керек. 2)Зат алмасу процесінде организмге зиянды заттардың пайда болуын және олардың ары қарай ыдырауын білу керек;3)Зат алмасу процесі жеке дара жүрмейтінін, олардың бір бірімен тығыз байланыста болатынын ескеру қажет;4)Зат алмасу процесі көптеген ферменттердің әсер ететінін, ол процестердің нейроэндокринді жүйемен реттелетінін ескеру керек;5)Зат алмасу процесінің қалыпты деңгейде болып, организмде геомостаздың сақталуы малдың күтіміне, азықтануына және жұмысқа дұрыс пайдаланылуына тікелей байланысты;6)Бірден топты малдың ауыратынына, оларды топтап емдеу әдісіне көңіл бөлген дұрыс;7)Организмде зат алмасуының бұзылуын алғашқы сатысында анықтау барлық зерттеу әдістерін (әсіресе дабораториялық) жан – жақты білген жөн.

7 билет

1. Жүрек аурларына клиникалық негіздеме. Жүрек қан тамырлар жүйесі организмдегі ең басты жүйенің бірі. Жануарларды жүрекпен қан тамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Жүрек қызметінің нашарлауынан болатын ісіктің негізгі себептері қанның көк тамырлар мен капиллярдағы /майда тамырлар/ іркілісінен қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын керіп, түтікшелерін қаттырақ ашып, қан сұйығының ет пен терінің арасында жиналуынан, әдетте дененің төменгі /астыңғы/ бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін.Жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы ол, тығызырақ қамыр тәріздес /саусақпен басқанда із қалады/, ісікті басса ауырады, бірақ малдың қызуы көтерілмейді. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларының бөлінуі.Жануарлардың - жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларының бөлінуін –жіктеуде бірнеше ұқсастық бар. Мысалы: Г.В.Домбрачев ұсынысы бойынша: 4 топқа бөледі.- жүрек қабының;- жүрек етінің;- жүректік ішкі қабының;- қан тамырларының аурулары.Жүрек қабының ауруларының өзін екіге бөледі: - жүрек қабының (перикардит) және шеменденуі (гидроперикард). Жүрек етінің аурулары да осы қағидаға негізделіп бөлінеді:- жүрек етінің қабынуы (миокардит) және зат алмасуының бұзылуы (микардоз). Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар – жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (микардиофиброз) және склерозы (миокардиосклероз). Бұл көбәнесе, миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалқы түрінде де дамитын дерттер.Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан (эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды да оған бірте-бірте жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса онда, жүрек ақауларына әкеліп соғады.

2.Ішектердің аурулары.Ішектердің паталогиясы олардың секрет пен экскрет бқлу, жиырылу және сіңіру қызметтерінің бұзылуымен, сондай-ақ органикалық өзгерістермен сипатталады. Аурудың негізгі белгілері малдың түріне, қабыну процесінің орны мен сипатына тікелей байланысты. Алғашқыда аурудың жеңіл түрінде клиникалық белгілері байқалмауы да мүмкін. Ондай жағдайда малдың тәбеті дұрыс, суды көбірек ішеді, аздап тынышсызданады, тез шаршағыш келеді. Ащы ішектердің қабынулары айқынырақ білінеді. Әсірсе 12тұтам ішек қабынғанда сары аурудың белгілері жылдам білінеді. Қанда билирубинге оң реакция береді, ішектердің жиырылуы күшейеді, ас қорту нашарлайды, нәжісте толық қортылмаған ас қалдықтары көптеп анықталады. Бастапқыда ніжңс қатып ащы ішекті бітеп тастауы мүмкін. Тоқ ішектердің қабынуларында тік ішектің сфинктері босаңсыған, іш өтеді, ішектердің жиырылуы үдейді, шуылы қатаяды. Нәжісте көп жалқаяқ анықталады, кейде қан аралас болады. Ауру мал қарнын ішіне тартып жылдам арықтайды.

3.Бронхит, пневмония.

Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан ауру малға антибиотиктер беруге болмайды.

Өту барысы бойынша жіті және созылмалы, пайда болу себептеріне байланысты негізгі және туындаған, қабынудың сипатына байланысты катаральді, ірінді, қанталаған, фибринді түрлеріне бөлінеді.Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне  тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас төлдер мен кәрі малдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Пневмония екіге бөлінеді: лобарлы (бөлікті) және лобулярлы(бөлшекті).Лобарлы (бөлікті,ошақты)пневмония – қабыну процестерінің әдеттегідей өткен жағдайының өзінде, өкпелерге тез өрбіп, үлкен көлемге таралып, аурудың бастапқы сағаттарының ішінде-ақ көп бөліктерін не жеке өкпелерін зақымдаумен сипатталады.Лобулярлы(бөлшекті)пневмония – қабыну процестерінің өкпе бөлшектеріне бірте-бірте таралуымен сипатталады. 

8



1.Жүрек қан тамырлар ауруларының патогенезі

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару. 


Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады.Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Жүрек қабы ауруларының өзін екіге бөледі: жүрек қабының қабынуы (перикардиты) және шеменденуі(гидроперикард). 
Жүрек етінің аурулары да осы принципке негізделіп бөлінеді – жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз). Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар – жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз). 

2.Тыныс жолдары және өкпе аурулары

Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:

    1.Тыныс алу  жолдарының  аурулары   (ринит,   гайморит, фронтит, ларингит, трахеит);

Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады.

    2.Өкпе   мен   оның   сірілі   қабықтарының  аурулары  (өкпе қабынулары; пневмония; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет