Жылу
соғу.
Ағза
қызуының
кӛтерілуімен,
бұзылуымен
сипатталатын, орталық жүйке жүйесінің қызметі ауру.
Ауру себептері: жануардың сыртқы қызуы кӛтерілуі және ауа
райының ылғалдығының жоғарылауы. Кӛбінесе ыстық күндері жұмыс
аттары, күнің ыстығында малды айдау, тасымалдау және ыстық
вагондарда малдарды тығыз ұстау кезінде ауру туындайды.
Ауру жіті түрінде ӛтеді. Емдеу. Жануарды желдетілген қорада
ұстайды және суық сумен қамтамасыз етеді. Басына, жүрек тұсына
суық компресс қояды, басына және кеуде тұсына суық су шашады,
суық клизмалар да пайдалы. Ӛкпенің ісінуі байқалған кезде аздап
тамырдан қан ағызады, тамыр ішіне гипертониялық ерітінділер глюкоза
кофеинмен бірге енгізеді және жүрек әлсіздігі кезінде, жүрек
жұмыстарын жақсартатын заттар қолданады.
Ыстық күнде малдарды, әсіресе шошқаларды, айдауға болмайды.
Темір жолмен, су кӛлігімен малдарды тасымалдаған кезде вагондарда
малдардың тығыз орналаспауын, вагондардың желдетілуін қадағалап
отыру керек.
Улану
Улану кезіндегі терапияның жалпы принциптері. Улану
кезіндегі емдеудің негізгі принциптері: удың қанға сіңіп кетпеуін
қадағалау; уды ыдырату, бейтараптау; удың жиналуын анықтау; уды
химиялық
түрмен
залалсыздандыру
және
кӛрінетін
кілегей
қабықтардан уды сумен жуу. Сіңіп кеткен уды антидот (уды
қайтаратын зат) арқылы ғана залалсыздандыруға болады. Антидоттық
терапияны: цианидпен уланған кезде метгемаглобин түзуші заттармен,
(күшәламен), сынаппен уланған кезде, унитиолмен, орталық жүйке
жүйесі уланған кезде, орталық жүйке жүйесін белсендіретін заттар,
холинэргиялық жүйке жүйесінің қоздырғыштарын қолданады; сіңіп
уланған
кезде
миорелаксанттарды
физиологиялық
қызметін
ынталандыру үшін және зат алмасуын жақсарту үшін қолданады.
Удың шығуын зәр шығару арқылы тездетуге болады, ішек-
қарынның жиырылуын, тыныс алуды жиілетіп, қан айналуды
жақсартуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |