Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Дезинфекцияның электроаэрозольді әдісі



Pdf көрінісі
бет173/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   205
index

Дезинфекцияның электроаэрозольді әдісі. Дезинфекцияға 
аэрозольді препараттарды қолданған кезде, нысанның беткейлері толық 
ӛңделмейді. 
Аэрозольді бұлттар ауа әсерінен, бӛлшектердің ауырлық күшінің 
әсерінен олардың коагуляциясы мен булануы есебінен ӛңдейтін 
нысанның еденіне және кӛлденең беткейлеріне түседі. 
Оны жоюға аэрозольді бӛлшектердің заряды мүмкіндік береді. 
Аэрозольді бӛлшектер заряд алғаннан кейін ыдырап, дезинфекциялаушы 
нысан беткейіне интенсивті және бірқалыпты түседі. 
Бүкіл 
ресейлік 
ветеринарлық-санитарлық, 
гигеналық 
және 
экологиялық 
ғылыми-зерттеу 
институтының 
ғалымдары, 
рефрижераторлық вагондарды дезинфекциялау технологиясын және оны 
жүзеге асыру үшін қолданылатын арнайы аппараттарды ойлап тапқан. 
Изометриялық вагондарда электроаэрозольді дезинфекция жасау 
үшін:АП-ТАН аэрозольді құрылым, УЭ-1 электрозарядты құрал; 30м
3
ӛндіретін компрессор; дезинфекциялаушы ерітінді үшін герметикалық 
ыдыс; аспалы және сұйықтықты шлангалар; аэрозольді құрылғыны 
бекітетін штатив; есіктерді тығыздайтын материалдар қолданады. 
Дезинфекциялау алдында вагондарды жүн қалдықтарынан тазартады. 
Әсіресе толық емес торшалар тазалығына үлкен кӛңіл бӛлінеді. 
Еденді су лайлылығы кепкенге дейін жуып, кейін қабырғалар мен 
тӛбесін жуады. Жууды бүйірлік қабырғаларды жуумен аяқтайды. 
Жуғаннан кейін вагондарды судан тазалайды. Вагон ішіндегі ауа 
температурасы 12ºС тан тӛмен ылғалдылығы 60%дан аспауы керек. 
Вагон ішіне УЭ-1 электрозарядты құралы бар, АП-ТАН аэрозольді 
қондырғыны штативте бекітіп орналастырады. 
Ұстағыш штатив тұрақты тірегіш стерженді және ұзын ұстағыштары 
бар, оларға қондырғыштар бекітіледі. Ұстағыштың екінші шетінде 
тұтқасы бар. 


304 
ДЖС жағдайларына байланысты, ұстағыш-штатив құрылысы басқа 
болуы мүмкін. 
Штативті вагонға немесе платформаға орналастырады. Ұстағыш-
штатив тұтқасы есік саңылауынан сыртқа шығып тұруы қажет. Вагон 
ішіне аэрозольдің бірқалыпты шашырауы үшін (вагонның алдыңғы 
есігіне қарай), ұстағыштың тұтқасымен 4-6 бұрылым жасайды. 
Вагон есіктерін тығыздау материалдарымен герметизирлейді, олар 
есіктерінің периметіріне сәйкес келуі керек, содан кейін есіктерді 
тығыздап жабады. 2200х250 мл кӛлемдегі тығыздатқыш әр түрлі 
полимерлі қабықтан (полиамидинді ПК-4 ТУ-У ХП-17-58, полиэтиленді 
қабығы ГОСТ 10354 -63, поливинхлоридтті кабық В-108, ТУ МПХ М 
786-57) сонымен қатар брезентті болуы мүмкін. 
Дайындалған тығындарды тығыздайтын материалдармен толтырады 
(пролон, ескі зат, шүберек, сабан, мақта және т.б.). Тығындарды 
толтырғаннан кейін оларды тігеді немесе желімдейді, ыдысты 
дезинфекциялық ерітінділерімен толтырып 4-5 атм жеткенше дейін 
компрессорды және электрозарядты құралды қосады. Қысым (0,4-0,5 мп) 
шүмегін ашады (АП-ТАН ауалы немесе сұйықтықты жүйесі). 
Техникалық параметрлері мынандай: сұйықтың шығыны 400-500 мл/мин, 
қысымы 4-5атм; аэрозольді бӛлшектерді медиальды диаметрі 20-25 мкм
болу керек. Аэрозольді қондырғының ӛндірілімі кезінде 400-500 мл/мин
вагон сыйымдылығы 100м куб болған кезде дезинфекцияны 1-10 мин 
бойы шашыратады; жүйе кернеуі 220 В, токқа айналу кернеуі 1000 В, ток 
ауыстырғышы 2 х 10
-6
А.
Вагондарды электроаэрозольді дезинфекциялау үшін 4% глутар 
альдегид ерітіндісін 150 мл/м
3
шығыны есебінде қолданады, 
экспозициясы 1 сағат препараттарды енгізгеннен кейін вагондардан 
штативті алып шығып, есікті тығыздап жабады. Дезинфекция 
аяқталғаннан кейін вагонды дезинфектанттардан тазарту үшін сумен 
шаяды, керек болған жағдайда желдетеді. Электроаэрозольмен жұмыс 
істеген кезде қауіпсіздік шараларын мықтап сақтау керек. Бұл жұмыспен 
айналысатын жұмысшылар арнайы киімдермен жабдықталуы қажет 
(халаттар, резеңке қолғаптар, етіктер, алжапқыштар). Дезинфекцияны А 
патронды РУ-46 респираторымен немесе қорапшаны «А» марканы 
противогазбен жүргізеді. 
Рефрижераторлы вагондарды бұл әдіспен дезинфекциялау олардың 
толық ӛңделуін қамтамасыз етеді, ылғалды дезинфекцияға қарағанда 
ерітінділер аз мӛлшерде кетеді, темірлі құрылыстың коррозияға 
ұшырауын тӛмендетеді, соның әсерінен вагондардың жарамдылығы кӛпке 
шыдайды. 
Дезинфекцияның технологиялық үрдісі операторсыз жүзеге 
асырылады және химиялық заттардың қоршаған ортаға тасталуын 
болдырмайды.


305 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет