Бейбіт ТӨлеубайұЛЫ, С. Сейфуллин атындағы Қату доценті, техника ғылымдарының кандидаты



Дата23.02.2016
өлшемі31.31 Kb.
#8065
Егемен Қазақстан.- 2013. - № 1287 – 17 мамыр

Бейбіт ТӨЛЕУБАЙҰЛЫ,

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ доценті,

техника ғылымдарының кандидаты,

Сайт ЗАХАНҰЛЫ,

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ доценті,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Cапа саласының сұранысы

Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті ал­дың­ғы 30 елдің қатарына кіру мақсатын жүзеге асыруда ауылшаруашылық өнім­дерінің сапасы мен қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің жоғарғы деңгейіне қол жет­кізудің маңыздылығы зор. Қазіргі кезеңде әсіресе тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіп­сіздігін қамтамасыз ету дүние жүзі көлемінде аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Ауылшаруашылық өнімдері саудасының әлемдік cипат алуы, гендік түрлендірілген өнім­дердің пайда болуы, қор­шаған ортаның техногендік ластануы, тамақ өнімдеріне жалған (жасанды) қоспалардың көптеп қолданылуы, содан өнім құрамының күрделене түсуі, сонымен қатар өнім сапасын бақылау, қадағалау жүйесінің әлі де болса толық жетіле қоймауы ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіп­сіздігі мәселесін халықаралық деңгейге көтеруде.

Сондай-ақ, қазіргі Кеден одағы жағдайында еліміздің кәсіпорындары үшін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қам­тамасыз ете отырып, өзіндік құнын төмендету арқылы бәсекелестікке қабілеттілікті артты­ру негізгі мақсат болып табылады.

Қазіргі кезде елімізде тамақ өнімдері және басқадай тауарлар мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау жөнінен көптеген орталықтар жұмыс істеуде. Олардың негізгі міндеті өнімнің қауіпсіздігі мен сапа көрсеткіштерін анықтау, баға­лау болып табылады.

Қазірде Қазақстанда 500-ден астам ірі және орта та­мақ өнімдерін өңдеу кәсіп­орын­дары, 10 мыңнан астам шағын өндіріс орындары жұмыс іс­тей­ді. Алайда, олардың күн­­­­де­лікті шығарып жатқан өнім­­­­де­рінің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын бақылау, қадағалау жүйесі жоғары дең­­­­гейде деп айту қиын. Себебі, 2007 жы­лы қабылданған «Тамақ өнім­де­рінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, сондай-ақ 2008 жылы қабылданған ет, сүт, астық, жеміс-көкөніс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі бірқатар техникалық регламенттер өз күшінде болса да, олардың әрекет ету механизмдері әлі де жеткіліксіз күйде қалып отыр.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет­тің алдына 2014 жылға қарай ішкі рыноктағы азық-түлік тауарларының 80%-дан астамын отандық өнімдердің үле­сінде болдыруды міндет етіп қойды. Осы міндетті жүзеге асыру үшін стандарттау, сертификаттау жөніндегі заң актілері мен нормативтік құжаттарды жетілдіру, ха­лықаралық стандарттарды тікелей қолдану немесе отандық стандарттармен үй­лестіру, өнімді каталогтау, штрих код жүйелерін да­мы­ту, мемлекеттік бақылау, қадағалау, сертификаттау жү­йе­лерін жоғары деңгейге кө­­те­ру, еліміздің өнім өн­­ді­ру­­­­­­­­­ші, қызмет көрсетуші кә­сіп­­­­­­­­­­орындарына сапа менедж­мен­­­ті жүйелерін енгізу үрдісін же­­­дел­дете отырып, олардың ти­­ім­­­ділігін арттыру сияқты іс-шара­ларды атқару қажет.

Нарықтық экономика жағ­­­дайында тұ­тыну­шыға сер­­­ти­­фи­­кат­талған өнімді ұсыну кә­­сіпорын үшін көптеген ар­тық­шылықтар әкеледі. Мәсе­лен, сыртқы және ішкі тұ­ты­ну­шылардың өнім сапасына деген сенімін қамтамасыз етеді, тұтынушылардың өзіне қажетті өнімді таңдауын жеңіл­детеді, тұтынушыны өнім сапасы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ұқсас өнімдер импортын азайтады, сапасы нашар өнімді импорттаудың алдын алады, нормативтік-техникалық кұжаттар талап­та­рын жоғары деңгейге көте­ру арқылы өнім сапасын жақсартуды ынталандырады, өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін жоға­рылату, сапа басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етеді, ғылы­ми-техникалық дамуды жеделдетеді.

Еліміздің экономикалық бәсекелестікке қабілеттілігін арт­тырудағы өнім сапасы мә­се­лесінің айрықша рөлін ескере отырып, Астана қаласы С.Сей­фуллин атындағы ҚАТУ-де 2004 жылдан бері «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы жұмыс істеп келеді. Осы кафедра өткен жылдары аталмыш мамандық бойынша 700 маман даярлап шығарды. Қазіргі кезеңде бакалаврмен қатар магистратура бөлімін оқып бітірушілердің саны жыл сайын арта түсуде. Оған себеп, елімізде осы маманға деген қажеттіліктің артуынан туындап отыр. Сондықтан да аталмыш сала бойынша маманданған түлектер еліміздің ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпорындарында көптеп қызмет атқаруда. Алдағы уақытта кафедрада осы мамандық бойынша бакалавр, магистр дайындау көлемін ұлғайтумен қатар, докторантура ашу мәселесін күн тәртібіне қойып отыр.



Жоғарыда келтірілген маңыз­дылығы мен қажеттілігіне байланысты еліміздің кәсіп­орындарында әрі қарай да стандарттау, сертификаттау саласының маманына деген қажеттілік арта берері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет