Рaint-пен жұмыс жасау
Берілген тапсырма: Көбелектің суретін салу
Microsoft Paint –көпфункциалық бірақ сонымен қатар қарапайым растырлық графикалық редактор. Ол
Microsoft компаниясының туындысы және бағдарламаларының алғашқы нұсқаларында да кездеседі.
Бағдарламаны ашу үшін
Пуск – Программы – Стандартные – Paint батырмаларын басамыз. Сонда бізде
Paint терезесі пайда болады.
Жұмыс аймағында 6 түрлі шеңбер сызамыз. (Shift
батырмасын қолданамыз, яғни ол шеңбердің пішінің сақтап тұрады )
Ол үшін құрал –сайман панелінен
фигура қатарынан шеңберді таңдаймыз.
Құрал –сайман панелінен тік сызықты таңдап, сызып, шеңберлерді
бір- бірінің ішіне жинаймыз, сол жақ бетін жанастырамыз. (Белгілеу құралын пайдаланамыз).
Ол үшін фигуралар қатарынан тік сызықты таңдаймыз
Кейін шеңберлерді орнатамыз тік сызықтың бойына орнатамыз
Барлық шеңберлерді түрлі түсті бояумен бояймыз. Бояу үшін құрал сайман панелінен Қарандаш құралымен қанаттың қалған элементтерін саламыз және бір түспен бояймыз.
Нәтиже осындай болуы керек.
Кейін суретті белгілеп, оның көшірмесін жасаймыз
( Таңдап алу- Көшіру , Қою)- (Выделить -Копировать, Вставить)
Бірінші суретті белгілеп
Повернуть- Отразить по горозинтали командасын орындаймыз.
Кейін екі суретті қосамыз
Енді көбелек денесін құраймыз, бояймыз және біріктіреміз. Ол үшін біз дөңгелек фигураны таңдаймыз.
Кейін бұл көбелектің денелерін екі суреттін ортасына қоямыз. Кейін мұртшасын қарындашпен сызамыз
Жұмысымыз осындай қортынды береді.
Кейін жұмысымызды Файл-Сохранить батырмасын басып, қажетті жерге орналастырып, белгілі бір атпен сақтаймыз.