1.3.2.4. Газдарды жинау және сақтауға арналған
аспаптар мен құрылғылар
Газ алу үшін қарапайым аспап-құты және цилиндр немесе конус тәрізді сынауық қолданылады. Егер реакция қыздыру арқылы жүретін болса, оны құтыда немесе цилиндр тәрізді сынауықта жүргізген дұрыс.
Бастапқы затты газ шығатын түтігі бар тығынмен жабдықталған құтыға салады. Газ шығатын түтікті газ алу әдісіне сәйкес оның қасиеті мен қолдану жағдайының формасына байланысты таңдайды. Бастапқы зат бар ыдысты тұрғы шеңгеліне орнатады; түтіктің ұшын газ қабылдағышқа салады. Көп мөлшерде газ алу үшін Кипп аппаратын қолданады.
Газ алуға арналған АКТ-500 аппараты (Кипп аппараты) Аппарат металдарға (мырыш, магний) сұйытылған тұз және күкірт қышқылымен әсер ету арқылы көміртек (ІV) оксидін алуға арналған. Кейде аппаратты күкіртсутек алуға қолданады. Басқа газдарды аппаратта алу қажет емес. АКТ-500-де жарылыс қауіпіне байланысты ацетилен алуға болмайды.
Аппарат (12-сурет) шар тәрізді бөлік-негізгі ыдыс ортасы тарылған реактордан (1) және жарты шарлы тіреуіш бөліктен тұрады. Реакторға 500 мл газ сияды (аспап маркасында көрсетілген). Реактордың жоғарғы саңылауы түбі жіңішкеріп келетін құйғының аппаратың түбіне дейін жететін шар тәрізді формадағы салмақты құйғыны (2), ал бүйір тесігі шүмегі бар газ шығатын түтікті орнатуға арналған. Көптеген аппараттардың тіреуіш бөлігінде оларды жинағанда
химиялық ыдыстарды жалғау әдістерімен танысып алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |