Бекболатова Багила Баймуратовна Пән/Сынып: география, 10 Қай аптаның нешінші сабағы 15 сабақ



Дата13.09.2023
өлшемі1.11 Mb.
#477429
түріСабақ
13 сабақ. Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Бекболатова Багила Баймуратовна

Пән/Сынып:

география, 10

Қай аптаның нешінші сабағы

15 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Бөлім: Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Сабақтың тақырыбы:

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністері

Оқу мақсаты:

  • 10.7.1.4 – Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау

Бағалау критерийі:

  • Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерімен танысады

  • Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтауды үйренеді

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Ресурстар

Ұйымдастыру (1 минут)

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатымен таныстыру. Өткен сабаққа шолу

Презентация № 1,2 ,3,4

Жаңа сабақ (7-8 минут)

ХХ ғасырдың екінші жартысында неғұрлым дамыған өңірлердің (Солтүстік Америка, Еуропа, Аустралия) экономикалық әлеуеті өсуді жалғастыруда. Сонымен бірге Оңтүстік Америка мен Африканың экономикалық әлеуеті қарқынды түрде өсе бастады, ал ең үлкен өсім Азияда байқалды. Қазіргі уақытта Азия ЖІӨ көлемі бойынша Еуропа мен Солтүстік Америкадан 1,5 есе асып түседі. Бұл халықтың тығыздығының, урбанизацияның жоғары деңгейіне, өнеркәсіптік және көліктік әлеуеттің дамуына себепші болды.
1-кезең – бастапқы капитал жинақталғаннан кейін қаржы өз ресурстары мен отар елдер ресурстарын тұтынуға, сондай-ақ бөтен аумақтарды басып алу жөніндегі әлеуметтік-саяси қақтығыстардың туындауына бағытталады. Бұл кезең екінші дүниежүзілік соғыспен аяқталды.
Жер шарында бейбітшілікті сақтау, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу басты назарда. Себебі қазіргі кезде Жер шарында жинақталған ядролық қарудың қуаты бүкіл әлемді жойып жіберуден асып түседі. Осы уақытқа дейін болған дүниежүзілік соғыстар, аймақтық жанжалдар, азамат соғыстары, ұлт араздығы орасан мол адам шығынына алып келді. Ядролық қаруды пайдалану Жер шарындағы климаттық жағдайды түбегейлі өзгертеді. Мысалы,1986ж Чернобыль АЭС жарылысы ядролық апаттың бір елдің деңгейінде қалып қоймайтындығын дәлелдеді. Сондықтан бейбітшілікті сақтау мен жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмауда ядролық қаруға ие мемлекеттердің бұл қарудан бас тартуы маңызды.
2-кезең – соғыстан кейінгі кезеңде басталды, соғыста экономикасы бұзылған елдердің экономикалық өсуі сандық, сапалық өзгерістермен қатар жүреді. Жаңа технологиялар мен ғылымды қажетсінетін өндірістер дамыды. XXI ғасырдың басында энергия сыйымды, ресурс сыйымды және экологиялық қауіпті өндірістер дамушы елдерге ауысуда. Демек, техногендік жүктеме басқа аумақтарға таралады, антропогендік әсердің аумақтық шекаралары өзгереді.



Презентация № 5,6,7,8 ,9, 10,11

Тәжірибе (8 минут)







№2 Берілген афоризмді оқып, мағынасын түсіндіріңіз:







Бағалау критерийі:

  • Мағынасын түсіндіре алады

  • Өтілген тақырыпқа қорытынды жасай алады




Презентация №12,13

Бекіту (3 минут)

Экономикалық себептерден туындайтын мәселелердің барлығы адам өмірінің түрлі салаларын қамтып, біртіндеп жаһандық ауқымға ие болады. Жаһандық экология түрлі элементтер өзара әрекеттесетін экожүйелердің тұтастығын қарастырады және географиялық кеңістіктік-аумақтық байланыстарға сүйенеді.

Презентация № 14


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет