Бекебай Толепберген Сейдульдаулы Токтамисова Жанат Еримбетовна Султанбекова Гулзия Серкебаевна


Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата22.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#496286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
1620468639 1

Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау
 
 
 
 
 
Ауызша сөйлеуді үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. 
Мысалы, қазіргі білім беру үдерісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды 
басшылыққа алып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, 
біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік 
тапсырма беру арқылы әр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз. Балалар сөйлеу 
арқылы өз ойындағысын жеткізу үшін, ең біріншіден, оқушылардың сөздік қорын 


16 
байытып, содан соң жаңа өткен сөздердің есте сақтап және де әр жағдайда қандай 
мағынаны беретінін түсіндіру қажет. Кейін осы жаңа сөздері бар фильмдер 
көрсету, өлеңдер тыңдату, диалог және монолог құрастыру арқылы жұмыстар 
жүргізуге болады. 
Ағылшын тілін монолог арқылы ауызша сөйлеуге үйрету 
 
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің 
ролі өте зор. Оқытудың ең басты мақсаттарының бірі – сөйлеуге үйрету. Сөйлеу 
адамдар арасында өзара түсінушілікті дәлелдеу, сендіру, эмоционалды сезімдерін 
білдіру түрінде қалыптасатын тілдесудің ауызша түрі. Ол монолог және диалог 
сөйлеу болып бөлінеді. Монолог түрінде тілдесудің мәні – оқушының жеке 
меншікті ойы. Монолог сөйлеу дегеніміз – белгілі бір адам өз ойын, ниетін, 
оқиғаны бейнелеуін білдіреді. Мектептердегі бағдарлама бойынша, шетел тілін 
үйретудегі мәселелердің бірі – монолог сөз сөйлеуге үйрету . Мұндағы мақсат – 
монолог сөзді сөйлеуге меңгеруді қалыптастыру, оның ішінде коммуникативті- 
дәлелденген, логикалық дәйекті және қисынды сөйлеуді қалыптастыру, тілдік 
қатынаста айтарлықтай толық әрі жөнді, ауызша түрде өз ойын баяндау. Қазіргі 
кезде мектептерде монолог түрде пікірін айтуға үйретуге аса мән берілмейді. Бұл 
жаңсақ көзқарас, себебі оқытудың осы аспектісі тыңдарманға өз ойын жеткізу үшін 
ойды жинақтауға септігін тигізеді, логикалық ойлауды, соған сәйкес 
мазмұндамасын, ішкі жай-күйі, тебіренісін жеткізуді үйретеді . Монолог (гр. monos 
- дара, logos- сөйлеу) кейіпкердің тілдік құралдарды пайдалана отырып, көпшілікке 
қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монолог сөз 
продуктивті және репродуктивті түрінде келеді. Репродуктивті сөйлеу 
коммуникативтілікке жатпайды. Мектептерде қойылатын талаптардың бірі 
дайындалмаған продуктивті сөйлеуді дамыту. Монолог сөз диалог сияқты 
жағдайға (ситуация) байланысты шартты және психологтардың айтуынша 
дәлелденген, сонымен қатар оқушының бір нәрсені көпшілікке жеткізуге ниеті, 
ықыласы болуы керек. Содан кейін монолог өзінің жеке ортасын құрайды, ол – 


17 
мәнмәтін (контекст) . Диалог және полилогпен тығыз байланысты болғандықтан 
монологты мәнмәтінді деп атау қажет. Сондықтан оған айрықша талаптар 
қойылады. Монолог сөз сөйлеу келесі коммуникативті қызметтерді атқарады: - 
ақпараттық (белгілі бір пән жайлы білімін немесе қоршаған орта жайлы шындық, 
оқиға, іс-әрекет, жағдайы туралы жаңа ақпаратты қабылдау) - ықпалды (белгілі бір 
ойлар, әрекет, наным, көзқарастардың дұрыстығын сендіру) - эмоциялы-бағалау 
Мектептерде монолог сөйлеуді үйретерде ақпараттық қызметі – өзектісі болып 
табылады. Жоғарыда айтылған қызметтердің әрқайсысының өзіндік тілдік сөйлеу 
амалқұралдары 
және 
психологиялық 
ынталандыруы 
(стимул) 
болады. 
Психологиялық әдебиеттерде, диалог сөйлеуге қарағанда монолог сөйлеу күрделі 
әрі қиындау. Ол сөйлеуші адамнан қисынды және дәйектілікпен өз ойын 
баяндауды, оны түсінікті әрі анық жеткізуді талап етеді. Шет тілінде монолог 
сөйлеуді меңгеру кезінде тілдік құралдарды еркін қолданбағандықтан, оқушыға өз 
ойын жеткізу кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін. Монолог сөз келесі 
коммуникативті мақсаттарға бөлінеді (А.Қ. Артықбаева, Н.В. Долгалова, М.Н. 
Кальнин, О.А. Нечаева, Л.И.Новожилова, О.Г.Резель және т.б.): монолог 
хабарлама, монолог-сипаттама, монолог-пайымдау,монолог-әңгімелеу, монолог- 
сендіру. Барлық айтылған түрлері көп жағдайда сөйлемдерді байланыстыратын 
мезгіл үстеу (lately, then, next, soonafterthat), себеп-салдар үстеуі (thus, therefore, 
firstly, secondly), сонымен қатар сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, жалғаулық 
сөздерді қолдана отырып оқиғалар, деректерді, ойды дұрыс жеткізуді меңгереді 
деп топшыланады. Монолог ниет білдіру кезінде өте анық көрінеді. Мектептерде 
монолог сөйлеуді меңгерудің өзектілігі жоғары деңгейде болмаса да, 
коммуникативтілік жағынан жетерліктей деңгейде өзі жайлы, қызығушылығы, 
мектебі, туған қаласы, отбасы туралы және барлық қызықты деген тақырыпта 
өзінің құрбы-құрдастарына немесе шет тілін иеленушіге әңгімелеуде көрінеді. 
Монолог сөйлеуді үйрету мектептегі оқу жылдарының алғашқы жылдарынан 
басталып, аяғына дейін созылады . 


18 
Монолог сөзді оқытуда қолданылатын жаттығуларды анықтамас бұрын 
келесі критерийлерді есепке алу керек: 
1. Монолог түрлері (хабарлама, сипаттама, пайымдау, әңгімелеу, сендіру); 
2. Қисындылығы, ойға қонымдылығы; 
3. Әңгімелеуде көркемділігі – мәтіннің тақырыбын ашу деңгейі және сөйлемдер 
саны; 
4. Тілдік құралдарын (грамматикалық, лексикалық) қиыстыру деңгейі, сөйлеудегі 
шығармашылық сипаты; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет