Бекітемін:_____________
«Ақбота»балабақшасының
әдіскері С.Т.Абулгартаева
Отбасы эстафеталық сайысы
Өткізген:Дене шынықтыру нұсқаушысы:
А.Е.Ермекбаева
2015-жыл
Тақырыбы: «Толағай»отбасы эстафеталық сайысы.
Мақсаты: Отбасымен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға және
дене қозғалыстарын жетілдіріп,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер,ата-аналар,бүлдіршіндер, бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға қош келіпсіңдер! Сайысымызды бастамас бұрын балабақша директоры Бердибаева Сания Ретханқызына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Сайыскерлер сайысын салыстырып,
Жеңіс үшін ат басын шабыстырып,
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
1.________________________________________
2.________________________________________
3.________________________________________
Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Сайысты ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысатын ата-аналарды,
7-топ бойынша ортамызға шақырамыз.
1) «Бөбек» тобынан _____________________________ отбасы
2) «Күншуақ»тобынан _____________________________ отбасы
3) «Балапан» тобынан _____________________________ отбасы
4) «Балдырған» тобынан _____________________________отбасы
5) «Тұлпар» тобынан _____________________________отбасы
6) «Көгершін» тобынан _____________________________отбасы
7) «Қарлығаш» тобынан _____________________________отбасы
«Көгершін,Қарлығаш» топтарының тәрбиеленушілерінің флешмобын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ендеше сайыстың шартымен таныс болыңыздар!
1) Таныстыру бөлімі ( топтың аты,ұраны)
2) «Тез жүгір» сайысы
3) «Мергендеу» сайысы
4) «Шеңберден шеңберге»секіру
5) «Кім епті» сайысы
6) «Допты жалғастыр »
7) «Бәріміз бірге»
Жүргізуші: Топтардың сайысатын күні бүгін,
Сәті түсіп,жеңеді екен кімді-кім.
Ең алғашқы сайыс шарты бойынша,
Әр топ таныстырсын бір-бірін.
Таныстыру бөлімі: (топтың аты,ұраны)
Шарты: Әр топ өз топтарының атымен,ұранын таныстарады.
Жүргізуші: II-бөліміміз «Тез жүгір» сайысы.
Шарты: Текшелер арасынан өтіп,межедегі үлкен себеттен гүлді бір-бірден алып,кері жүгіріп келу.
(Құралдары: Текшелер,гүл,себет,ысқырғыш)
Жүргізуші: Біз көңілді отбасы,
Шыныға да аламыз,
Сәулетті ел көгінде
Жұлдыз болып жанамыз-деп «Мергендеу»сайысы.
Ойын шарты: Текшелер арасынан,уақ допты теннистің таяғымен домалатып,
сол допты қолға алып,межедегі шелекке лақтырып салып,кері жүгіріп қайту.
(Құралдары: текшелер,уақ доп,теннистің таяғы,шелек)
Жүргізуші: Көңіл қойып қараңыз,
«Толағай» сайысын.
Шынығайық бәріміз,
Эстафеталық сайыстан- демекші «Шеңберден шеңберге секіру» сайысы. Ойын шарты: Әр топқа 2 круг беріледі.Бір шеңберді алға қойып секіру арқылы межеге дейін барып,кері қайтып,сөреде ұзыннан тұрған арқан- нан секіру.
(Құралдары: Кругтар, кедергілер,арқан,ысқырғыш)
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныда,
Жету үшін мұратқа- дей келе «Кім епті»сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Төбемізге құм дорбаны қойып,жердегі бөренелерден аттап, межедегі шашақты алып,кері қайту.
(Құралдары: Құм дорба,бөренелер,шашақтар).
Жүргізуші:Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды.
Бір-бірінен қалыспай,
Допты түсірмей ойнайды-деп «Допты жалғастыр»ойынын бастай- мыз.Ойын шарты: Пішіндер арасынан еденде отырып,допты аяқпен жерге түсірмей жалғастырып,межеге жетіп,кері қол ұстасып жүгіру.
(Құралдары: Геометриялық пішіндер,доп,ысқырғыш)
Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік.
Отбасы деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса-дей келіп ең соңғы сайысымыз
«Бәріміз бірге»сайысы.
Ойын шарты: Еденде шашылып жатқан пішіндерден бірлесе отырып,үй құрастырады.Сол үйге әр топтың ата-аналары қолдарын айқастырып, сөреде қалған балаларын көтеріп әкелу.
(Құралдары: Геометриялық пішіндер,арқан)
Жүргізуші: Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады-деп сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып,жеңімпаздарды анықтап,марапаттау үшін әділқазылар-ға сөз кезегін береміз.Сайыскерлер марапатталады.
Құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер бүгінгі «Толағай»отбасылық эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |