Елордалық мекемелерде Наурыз мейрамының атап өтілуін бағалау бойынша қалалық комиссия Аграрлық университетке ат басын тіреді



Дата30.06.2016
өлшемі13.27 Kb.
#168232
http://www.inform.kz/kaz/article/2361939
19.03.2011 / 09:30

Елордалық мекемелерде Наурыз мейрамының атап өтілуін бағалау бойынша қалалық комиссия Аграрлық университетке ат басын тіреді

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Наурыз мейрамын атап өту бойынша елорда құрылымдары арасында өтіп жатқан байқау аясында Астана әкімдігі жанында құрылған арнайы комиссия С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болып қайтты.

Университетте білім нәрін сусындап, оқу орны жанында жұмыс істейтін Қоғамдық мамандықтар факультетінде шығармашылық талаптарын шыңдап жүрген студент-жастар, Наурыз мейрамын қарсы алу, оны ел, әулет болып атап өту ғұрпын сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын әнмен, бимен жеткізді.  

Қазылар алқасының назарына сонымен бірге, қазақтың қара шаңырағы - киіз үйдің ішіне қойылған құрал-жабдықтар, ұлттық бұйымдар, ат әбзелдері, қару-жарақтар және тағы басқалары ұсынылды. Сондай-ақ олар Наурыздың басты тағамы - наурыз көжеден ауыз тиіп, басқа да ұлттық тағамдардан дәм таптты.

«Астана қаласы әкімшілігінің жанынан Наурыз мейрамын атап өтуді бағалау бойынша 14 жұмыс тобы құрылды. «Армысың, әз-Наурыз!» қалалық құрылымдар арасындағы дәстүрлі байқау. Ол жоғары оқу орындары, орта мектептер, медициналық мекемелер, қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар арасында өткізіледі. Байқау жеңімпаздары жеке-жеке салалар бойынша анықталады, солардың ішінде - жоғары оқу орындары», - деп атап өтті Тілдерді дамыту басқармасының өкілі Гүлбадан Тәуел. 

Қазылар алқасы бұған дейін жоғары төрт оқу орнында, атап айтқанда Қазақстан-Ресей университетінде,  Астана Медициналық университетінде, Еуразия гуманитарлық институты мен «Тұран-Астана» университетінде болды. Олар барлығы 14 ЖОО мен 32 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне ат басын тіремек. 



Байқау жеңімпаздары 26 наурыз күні салтанатты жағдайда марапатталатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет