«Бекітемін» «аэжб» мкк директоры Кабдолгалиев А. Л. 2015 жыл



Дата17.07.2016
өлшемі55.68 Kb.
#206484
«Бекітемін»

«АЭЖБ» МКК директоры

________________Кабдолгалиев А.Л.

________________2015 жыл.


«АЭЖБ» МКК электр желілеріне нысандарды қосу тәртібі


  1. Техникалық шарт алу тәртібі

  2. Берілген техникалық шартты тікелей орындау;

  3. Пайдалану жауапкершілігінің шекарасы актілерін рәсімдеу;

  4. Электр қуатын есепке алу аспабына пломба салу;

  5. Электр қуатын беру, жеткізу және пайдалануға шарт жасасу;

  6. «АЭЖБ» МКК электр желісіне қосу.




  1. Тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға техникалық шарт алу

Тұтынушылардың электр қондырғыларын «АЭЖБ» МКК электр желілеріне қосу Қазақстан Республикасының КЭЖ (ЭСП) сәйкес жүзеге асырылады.

Техникалық шарт тұтынушының жазбаша өтінімі бойынша беріледі.

Тұтынушының өтінімінде көрсетіледі:


  1. нысанның толық атауы және жағдайлық жоспар қосылған оның орналасқан жері;

  2. нысанның ең көп жүктемесі, электр қуатын тұтыну сипаты

  3. субтұтынушылар тізбесі (бар болған жағдайда) және олардың электр қондырғыларының сипаттамасы;

  4. жылдар бойынша электр жүктемесін енгізу мерзімі;

  5. техникалық құжаттама нормаларының талаптарына сай электр қуатын қабылдаушылардың тұтастай алғандағы электрмен жабдықтаудың сенімдігі бойынша және бөлек алынған технологиялық қондырғылардың санаты;

  6. көрсетілген қуаттың негіздемесі;

  7. меншіктік құқық беретін немесе мүліктің жалға алынғанғандығын, оның ішінде лизинг, сенімді басқару немесе басқадай электрмен жабдықтау нысанын пайдаланудың басқа түрлерін растайтын құжаттың көшірмесі.

  8. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нен келісім алынған электр қуатын пайдаланудың көрсетілген лимиті (арыз 10 каб. қабылданады және тіркеледі).


Тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға техникалық шарт тұтынуышмен сұралуы және «АЭЖБ» МКК-мен келесі жағдайларда берілуі тиіс:

  1. жаңа электр қондырғыларды энергия жеткізетін ұйымның желілеріне қосу;

  2. электр қондырғысы тұтынатын қуаттың өзгеруі (ұлғаюы);

  3. сыртқы электрмен жабдықтау сызбасының өзгеруі;

  4. энергия қондырғыларын пайдалануға техникалық талаптардың өзгеруі;

  5. тұтынушыны электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігі санатының өзгеруі;

  6. Нысан иесініің өзгеруі.

«АЭЖБ» МКК тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін бiр айлық мерзімі ішінде әрекеттегі мекеме, кәсіпорын, ғимарат, имарат, олардың кезегі немесе бөлек алынған өндірістің жаңадан құрылған немесе қайта құрымдалған электр қондырғынын қосуға техникалық шарт және жиынтықталған қуаты 1000 кВт дейінгі нысандардағы электр қуатын есепке алуды ұйымдастыру бойынша кеңес береді.

Нысандардың жиынтықталған қуаты 1000 кВт асқан жағдайда алдын ала техникалық шарт беріледі.


Техникалық шарт көрсетілген уақыт бойынша «АЭЖБ» МКК өндірістік – техникалық бөлімі дайындайды.


  • Жаңадан жобаланып және өңделіп жатқан тұтынушы эл.қондырғылары нормативті-техникалық құжаттарына сәйкес орындалып, жұмыс жобасымен және тапсыру-өңдеу құжаттарымен қамтамасыз етілуі қажет.

  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын жұмыс жобасын «АЭЖБ» МКК-мен келісуі қажет.




  1. Техникалық шарт жағдайларын орындау




  1. Техникалық шарт жағдайларын орындау жұмыстың осы түрлерін жүргізуге лицензиясы бар электромонтаждық ұйыммен, орындалу құжаттамасы мен арнайы мамандандырылған электр-техникалық зертханамен орындалған электр құрал-жабдықтарының оқшаулануын өлшем жөніндегі хаттамаларды бере отырып орындалады.

  2. Кәбіл желісін салу трассалары, ТП, КТП орналасатын жерлер, жер жұмыстарына соңынан ордер беріле отырып, «Ақтау қалаллық сәуле-құрылыс және қала құрылысы» ММ келісіледі.


3. Теңгерімдік (баланстық) және пайдалану жауапкершілігін бөліп алу актін рәсімдеу.

Теңгерімдік (баланстық) және пайдалану жауапкершілігін бөліп алу актін рәсімдеу үшін қажет:

- нысанның атауын көрсетіп, келесі құжатттарды қосымша жалғай отырып, электр қондырғысы үшін теңгерімдік (баланстық) және пайдалану жауапкершілігін бөліп алу актісін беру туралы жазбаша арыз:

1) нысанның электр шаруашылығы үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық. (арыз 10 каб. қабылданады және тіркеледі).


4. Электр қуатын есепке алу аспабына пломба салу үшін

Электр қуатын есепке алу аспабына пломба салу үшін қажет:

- Электр қуатын есепке алу аспабына пломба салу қажеттілігі туралы жазбаша арыз (нысанды және орналасқан жерін көрсете отырып). (арыз 10 каб. қабылданады және тіркеледі).
5. Электр қуатын тұтынуға шарт жасасу үшін

- жылдық тұтыну көлемін айларға бөле отырып, электр қуатын тұтынуға шарт жасасу туралы «АЭЖБ» МКК және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не арыз түсіру;



Заңды тұлғалар үшін- бірінші басшының А.Ж.Т. телефонын, банктік деректемелерін көрсете отырып беру керек:

-жылжымайтын мүлік орталығында тіркелген меншіктік құқық беретін құжаттың көшірмесін;

-заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі;

-салық төлеушінің тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі;

-салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі;

-статкартаның көшірмесі;

-техникалық шарттың және электр қондырғысын қосуға берілген нарядтың көшірмесі;

- теңгерімдік (баланстық) және пайдалану жауапкершілігін бөліп алу актінің көшірмесі;

-есепке алу аспабының мемлекеттік тексеруден өткендігі туралы сертификаттың және есепке алу аспабына пломба салынғандығы туралы анықтаманың көшірмесі. (арыз 10 каб. қабылданады және тіркеледі).

Жеке тұлғалар үшін:

-жылдық тұтыну көлемін айларға бөле отырып, электр қуатын тұтынуға шарт жасасу туралы «АЭЖБ» МКК және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не арыз;

-жылжымайтын мүлік орталығында тіркелген меншіктік құқық беретін құжаттың көшірмесін;

- жеке куәліктің көшірмесін;

- куәліктің көшірмесі (жеке кәсіпкерлікпен айналысуға берілген патент);

-салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі (СТТН);

-үй кітабының көшірмесі;

- жер телімін беру туралы шешімнің көшірмесі (жалға алу шарты);

-техникалық шарттың және электр қондырғысын қосуға берілген нарядтың көшірмесі;

- нысанның электр шаруашылығы үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

- теңгерімдік (баланстық) және пайдалану жауапкершілігін бөліп алу актінің көшірмесі;

-есепке алу аспабының мемлекеттік тексеруден өткендігі туралы сертификаттың және есепке алу аспабына пломба салынғандығы туралы анықтаманың көшірмесі.



Арыз 10 каб. қабылданады және тіркеледі.


  1. Электр желісіне қосу

Нысанған электр кернеуін беру үшін «АЭЖБ» МКК-на келесі құжаттар қосымша жалғана отырып жазбаша түрдегі арыз беріледі:



    1. Электр қуатын беру, жеткізу және пайдалануға шарт.

    2. Техникалық шарт жағдайларын орындау жұмыстың осы түрлерін жүргізуге лицензиясы бар электромонтаждық ұйыммен, орындалу құжаттамасы мен арнайы мамандандырылған электр-техникалық зертханамен орындалған электр құрал-жабдықтарының оқшаулануын өлшем жөніндегі хаттамалар;

    3. Энергия үнемдеу және электр энергетикасы мәселелері жөніндегі энергетикалық срапатама жүргізуге рұқсаты бар өкілетті оранның қорытындысы;

- 6/10 кВ электр қондырғыларын пайданауға енгізу кезінде ҚР ИЖТМ (КГЭН иК) Маңғыстау Департаментімен электр қондырғысын (6/10кВт) іске қосу үшін берілген наряд-рұқсаттамасы (арыз 10 каб. қабылданады және тіркеледі).

«АЭЖБ» МКК электр желілеріне ТП, РП, КТП арқылы қосылу ОДС қызметкерлерімен тұтынушының қатысуымен, соңынан қосылу журналына қосылған күнін, есепке алу аспабының көрсеткішін көрсете отырып орындалады.



(ВЛ-0,4/6/10кВ) электр желілеріне қосылу электр желісінің қосылатын жеріндегі электр қуатын ажырату үшін ОДС №2 учаске қызметкерлерімен және тұтынушының қатысуымен, соңынан қосылу журналына қосылған күнін, есепке алу аспабының көрсеткішін көрсете отырып орындалады.
Техникалық шарт беруге арыз бланкісін «АЭЖБ» МКК қабылдау бөлмесінен немесе №12 (ӨТБ) кабинеттен алуға болады.


«АЭЖБ» МКК бас инженері В.К. Галкин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет