«бекітемін» Арал ауданының әкімі Н. Т. Мұсабаев



Дата21.06.2016
өлшемі221.23 Kb.
#151812
«БЕКІТЕМІН»

Арал ауданының әкімі

_____________________

Н.Т. Мұсабаев

« » _______________ 2011 жыл

Арал ауданының әкімі Н.Т. Мұсабаевтың аудан халқының алдында берген есептерінде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелердің орындалуы жөніндегі іс-шаралар жоспары


р/с

Ұсынушының аты-жөні,қызметі, ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелердің қысқаша мазмұны

Ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелерді іске асыру мақсатында атқарылатын жұмыстар

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

Сапақ ауылдық округі

1

Сыдықов Барақ –зейнеткер

- Сапақ елді мекенінен жаңадан балабақша салынуын сұрайды



Құлау қаупінде тұрған, тозығы жеткен мектептерді салып болғаннан кейін Сапақ ауылынан типтік жобадағы мектеп салынып жатса, босаған ескі мектеп ғимаратын балабақша есебінде пайдалануға күш саламыз

2012 жыл


Аудандық білім бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Мергенсай ауылдық округі

1

Сламғазиева Ғалия – мектеп мұғалімі

- Жас маман ретінде тұрғын үй бөлінуін сұрайды



2003-2007 жылдары аралығында «Ауыл» бағдарламасына сәйкес аудан көлемінде жас мамандарға арналып тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді.Қазіргі уақытта аталған бағдарлама өз жұмысын тоқтатты. Дегенмен, Сіз «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып, тұрғын үй салуыңызға болады.

2012 жыл


Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық білім бөлімі

2

Қожақов Амангелді – ауыл тұрғыны

- Ауылдағы телефон нүктелерін интернет желісіне қосуды сұрайды



Қазіргі таңда телефон желісіне қосылатын арнайы аппарат Алматы қаласында техникалық байқаудан өткізіліп, алдымыздағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

2012 жыл

Мергенсай ауылдық округінің әкімі


Бекбауыл ауылдық округі

1

Қосанов Рашид – жұмыссыз

- Жаңадан типтік жобадағы мектеп ғимаратын салуды сұрайды



Жаңа типтік жобадағы мектеп салу бірінші кезекте апаттық жағдайда тұрған, тозығы жеткен мектеп ғимараттары бар елді мекендерде салынуда, бұл мәселе бойынша жоғарғы тиісті органдарға ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта мәселенің шешілуіне бар мүмкіндіктерді салатын боламыз.

2012 жыл

Аудандық білім бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

2

Ерзияев Ерғали – зейнеткер, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

- Бекбауыл елді мекенінің электр желілері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Қазалы ЭЧ-25 кәсіпорнына қарайды. Аталған кәсіпорын 2012 жылдың қаңтар айынан бастап ауыл тұрғын үйлері мен әлеуметтік саласы нысандарын электр жарығынан ағытатындығын ескертуде. Осыған байланысты, ауыл электр желілерін аудандық ҚЭТТК теңгеріміне берілуіне ықпал жасауды сұрайды.



Бұл мәселе бойынша бірнеше жылдан бері тиісті органдарға ұсыныстар берілуде. Қазіргі уақытта облыстық «ҚЭТТК» АҚ мемлекеттік мншікке қайта өтті. Алдағы уақытта теміржолға қарасты электр желілері біртіндеп аудандық электр жүйесіне қосылатын болады.

2012 жыл

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Жақсықылыш кенті

1

Бердалиев Аман – зейнеткер, ардагерлер кеңесінің төрағасы
1) Кенттің ішкі су желісі өте ауыр жағдайда, түгел жаңартылуы қажет. Сонымен қатар, ауыз су таситын автокөлік сұрайды.

2) Кенттің бас жоспарына сәйкес жаңадан тұрғын үйлер салатын жерлерге электр желілерін тарту және бұрынғы көнерген жүйелерін жаңартуды сұрайды.


3) Кентті күл-қоқыстан тазартып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жандандыруды сұрайды.

4) Кент әкімі аппараты орналасқан ғимараттың тозығы жетіп, апаттық жағдайда, қайта салу немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Осы кезге дейін Жақсықылыш кентіне дейінгі су құбыры қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ, су құбырлары бірінші кезекте ауыз су бармаған елді мекендерге кезең-кезеңмен апарылады. Ал, кентішілік су жүйесін қайта жаңғыртуға 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша алдағы уақытта қаржы қаралатын болады.


Осы кезге дейін республикалық бюджеттен 100,0 млн теңге қаржы бөлініп, Арал қаласының электр желілерін дамыту бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Екінші кезекте ауданның екі ірі кентінде де осындай жұмыстар жалғасын табатын болады.

Бұл жұмыстарды атқаруға аудандық бюджеттен қаржы қаралатын болады


Кент әкімі жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, аудан әкіміне ұсынуы қажет

2012-2015 жыл

2012 жыл

2012 жыл


2012 жыл

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі,

аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Жақсықылыш кентінің әкімі,

аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Жетес би ауылдық округі

1

Тілеуімбетов Жолкелді – ауыл тұрғыны
1) Райым елді мекеніндегі № 72 мектепке спортзал және қосымша бөлме қосуды сұрайды.

2) Елді мекенге кіре-беріс жолды аудандық маңызы бар жолдардың категориясына кіргізуді сұрайды.

3) Ауылдағы «Қара қой сойған» каналына шлюз салынуын сұрайды

Бұрынғыдағыдай бірінші кезекте апаттық жағдайдағы әлеуметтік нысандар салынады. Алдағы уақытта сметалық құжаттамалардың әзірленуіне қарай, қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.


Елді мекенге кіре-беріс 7 шақырым автожолды жергілікті маңызы бар автожолдар тізіліміне кіргізіп, жол құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық тиісті орындарға ұсыныстар беріледі.

Бұл мәселені шешу үшін облыстық тиісті басқармаларға ұсыныстар беріледі.


2012 жыл


2012 жыл

2012


Аудандық білім бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі,

аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Қосжар ауылдық округі

1

Есепбаев Амангелді – ардагерлер кеңесінің төрағасы
1) Қосжар елді мекеніндегі әрбір үйге ауыз су шүмегі кіргізілсе?

2) Қосжар елді мекеніндегі ауылдық клуб ғимаратын «Қамыстыбас балық өсіру питомнигі» МКК-ның балансынан алып, коммуналдық меншікке берсе?


Қазіргі кезде аудан көлеміндегі 8 елді мекендегі әрбір үйге ауыз су тарту үшін қосымша қаржы қаралып, келесі жылы осы жұмыстар басталғаннан кейін ауылдарыңыздағы әрбір үйге «Сарыбұлақ топтық су құбырының» ауыз суы жеке-жеке шүмекпен кіретін болады.


Осы мәселенің шешу жолдарын қарастырылуына бес жылдай болды, қазіргі уақытта да тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселе оң шешімін тауып, нысан коммуналдық меншікке берілетін жағдайда, қаржы қаралатын болады.

2012 жыл

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Аудандық қаржы бөлімі

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Аманөткел ауылдық округі

1


Бекмағамбетов Шайхы – зейнеткер

- Хан елді мекенінен типтік жобадағы медпункт салынса?


Бірінші кезекте медициналық нысандар тұрғындары көп елді мекендерге салынады. Бекітілген норматив бойынша 50 тұрғыннан асатын елді мекендер медпункттер салынатын тізілімге енгізіліп, 2015 жылға дейін кезең-кезеңмен мәселе шешімін табатын болады.


2012-2015 жыл



Аудандық диагностикалық кеңес беру емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Арал ауданы бойынша өкілі




Бөген ауылдық округі

1
2

3


4

5


Есжанова Гүлмираш –жұмыссыз

- Жоғары білімді «биология» пәнінің маманы. Мамандығына сәйкес орта мектепке не балабақшаға жұмысқа орналасуға көмек сұрайды.


Бданов Ысқақ – ҰОС ардагері

- Жаңадан салынған тұрғын үйінің бітпеген жұмыстарына материалдық көмек көрсетуді сұрайды.



Есемұратова Өрік – зейнеткер

- Қолында өскен жетім екі немересін жұмысқа орналастыруды сұрайды.



Сапаров Сейілхан – фельдшер

- Көне Бөген елді мекенінен бастауыш мектеп пен медпункт салуды сұрайды.



Нұрғалиева Несібелі – жұмыссыз

- Келінін тұрақты жұмысқа орналастыруды сұрайды.


2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап №20 мектепке мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды

Жеке тұлғаларға аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржылай, материалдық немесе т.б. көмек түрлерін көрсету қаралмаған. Дегенмен, аудан көлеміндегі демеушілік жасаймын деген кәсіпкерлер арқылы мүмкіндігінше көмек көрсету жолдары қарастырылады.

Бүгінгі күні жұмысқа орналастыру мәселесімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығы жұмыс жасауда. Яғни, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптары бойынша аудан көлеміндегі мекемелердегі бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жолдамасының негізінде жүргізіледі. Сондықтан, жұмысқа орналасу үшін осы аталған бөлімдерге тиісті құжаттарыңызбен тіркелуіңіз қажет. Сондай-ақ, осы мәсені тұрақты бақылауға алып, көмектесу жолдарын қарастыру кент әкіміне тапсырылды.

Бірінші кезекте медициналық нысандар тұрғындары көп елді мекендерге салынады. Бекітілген норматив бойынша 50 тұрғыннан асатын елді мекендер медпункттер салынатын тізілімге енгізіліп, 2015 жылға дейін кезең-кезеңмен мәселе шешімін табатын болады.

Бастауыш мектеп кезінде жабылған. Бала саны норматив бойынша жетіспейді және мектепке ыңғайластырылған ғимарат жоқ, сондықтан елді мекеннен бастауыш мектеп әзірге ашылмайды.


Тұрақты жұмысқа ауыстырылды

2012 жыл
2012 жыл


2012-2015 жыл

2012 жыл

Аудандық білім бөлімі


Аудандық кәсіпкерлік бөлімі,

Аудандық құрылыс бөлімі

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Аудандық жұмыспен қамту орталығы,

Бөген ауылдық округінің әкімі

Аудандық диагностикалық кеңес беру емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Арал ауданы бойынша өкілі. Аудандық білім бөлімі

Аудандық білім бөлімі





Қаратерең ауылдық округі

1

Құлмырзаев Қасым – зейнеткер, ардагерлер кеңесінің төрағасы

- САРАТС жобасының ІІ кезеңінің жедел басталуына ықпал жасауды сұрайды



Бұл мәселе күн тәртібінен түспей, тұрақты назарда болады. Жоғары құзырлы уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар енгізіліп жатыр.



2012 жыл


Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі,

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



Құланды ауылдық округі

1

2


Исмағұлов Сәуелхан – зейнеткер

- «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрайды.




Ахметов Тоғыс – зейнеткер

- Аудан орталығынан елді мекенге тас жол салуды сұрайды.



Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табатын болады.

Елді мекен тұрғындарының санына қарай асфальт автожолы салынбайды, дегенмен тас жолын салуға мүмкіндік жасалады. Бұл мәселе облыс әкімінің назарында.



2012-2015

2012-2015



Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі


Беларан ауылдық округі

1

Дәулетов Сағидулла – зейнеткер

1) Ауылдық клубқа бильярд столын орнатуды сұрайды.

2) Жаңадан ауыз су таситын автокөлік алу немесе қолданыстағы автокөлікті автобөлшектермен қамтамасыз етуді сұрайды

Бұл мәселеге байланысты аудандық мәслихаттың сессиясында қаржы қаралатын болады.

Бұл мәселеге байланысты аудандық мәслихаттың сессиясында қаржы қаралатын болады.

2012 жыл

2012 жыл

Беларан ауылдық округінің әкімі

Беларан ауылдық округінің әкімі



Қамыстыбас ауылдық округі

1

2

3



Әбілдаев Жұбатыр – зейнеткер

- Елді мекеннен балабақша салынуын сұрайды.



Алтауов Нұрілда – зейнеткер

- Ауылдың ішкі су жүйесін жаңартуды сұрайды.




Жанкетов Қайратбек – СТК төрағасы

- Апаттық жағдайдағы ауылдық клубты жаңадан салынуын сұрайды.


Жоспарда бар, алдағы уақытта салынатын болады.


Жоспарда бар, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленген, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Жоспарда бар, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленген, алдағы уақытта клуб ғимараты салынатын болады.



2012 жыл
2012 жыл

2012 жыл


Аудандық білім бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары» МҚКК, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Сазды ауылдық округі

1

Кеншінбаев Зәкір - зейнеткер

- Ауылға кіре-беріс автожолды дұрыстауды сұрайды.


Бірінші кезекте Сексеуіл кентіне дейінгі жол, Арал қаласы, басқа да елді мекендердің жолдары жөндеуден өтті. Сазды елді мекеніне кіре-беріс 20 км автожолға байланысты техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭО) әзірлеу мәселесі бойынша облыстық тиісті басқармаларға ұсыныстар енгізіледі.


2012 жыл

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі



Сексеуіл кенті

1

2


Жанасов Таужан – ҰОС ардагері

1) Баласын жұмысқа орналастыруды сұрайды.

2) Кенттен перзентхана ашылуын сұрайды.

Жаниязов Кемаладин – ардагерлер кеңесінің төрағасы

1) Кенттің солтүстік бетінен (теміржолдың арғы бетінен) мектеп және балабақша салынуын сұрайды


2) Ауыз су желісі кент тұрғындарының әрбір үйіне кіргізілуін сұрайды.

3) Аудан аумағының үстінен өтетін газ құбыры кент ішіне кірсе және магистраль құрылысы жүргізілген кезде жергілікті тұрғындардан жұмысшылар тартылса?


Аудан аумағының үстінен газ құбыры магистралі құрылысы жүрген кезде балаңызды жұмысқа орналастыруға болады.


Кенттен перзентхана ашылмайды. Мемлекет ана мен баланың денсаулығына көп көңіл бөлуде. Қазіргі кезде әйелдердің денсаулығы өте нашар, қаназдық ауруы көбейіп барады. Бір баланың өміріне ұқыптылықпен қарап, оны аман сақтап қалуды Үкімет басты назарда ұстап отыр. Аудандық перзентхана заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған, барлық мүмкіндіктері жасалған, перзентхана тек аудан орталықтарында ғана болады.

Теміржолдың арғы бетінен бастауыш мектеп салу үшін оқушылар саны норматив бойынша кенттегі 3 мектептен асып кеткен жағдайда және үш ауысыммен оқыса ғана салынуы тиіс.

Бұл мәселені іске асыру мақсатында арнайы бюджеттен қаржы қаралып әрбір үйге ауыз су құбырының шүмегі кіргізіліп, осыған байланысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

Газ құбыры магистралі құрылысын жүргізетін кәсіпорын тек ауданда жоқ арнайы мамандарды сырттан әкеліп, жұмысшыларды мүмкіндігінше жергілікті тұрғындар есебінен тартатындығы келісілді.


2012 жыл

Түсіндірілді

Түсіндірілді


2015 жыл

2012-2015 жыл


Сексеуіл кентінің әкімі


Аудандық аурухананың бас дәрігері

Аудандық білім бөлімі
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы



Жіңішкеқұм ауылдық округі

1
2

Рзағазиева Индира – мұғалім

- Ауылдық мектепке музакалық аспаптар алуға қаржы бөлінуін сұрайды.




Әжібаев Сұлтанай – зейнеткер

- Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су таситын автокөлік алынуын сұрайды.


Музыкалық аспаптар алу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлу жолдары келешекте ескеріледі.


«Аралды құтқару» халықаралық қорынан көмек жасау сұралады, егер проблема шешілмесе ауылдық округ әкімі аудан әкіміне хат түсіріп, мәселе аудандық бюджет есебінен шешімін табатын болады.


2012 жыл


2012 жыл

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары» МҚКК
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі


Қарақұм ауылдық округі

1

2


3

Дәрменов Ақбай – ауыл тұрғыны

- Арал-Абай бағытындағы автожолды күрделі жөндеу мәселесі


Есжанов Асылхан – ауылдық клуб меңгерушісі

- ауылдық клубты күрделі жөндеу мәселесі



Наурызбаев Ермек – ауыл тұрғын

- ауылда өрт жағдайлары болуына байланысты бір су таситын автокөлік алуға және «Қарақұм және К» ТС теңгеріміндегі К-700 тракторын халыққа беру


Алдағы уақытта «Арал – Абай» жергілікті маңызы бар автожолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

2012 жылы аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады
Халықаралық «Аралды құтқару» қоры есебінен бір су таситын автокөлік алуға жұмыс жасалады. К-700 тракторы мәселесіне байланысты да тиісті жұмыстар жүргізіліп, шешу жолдары қарастырылады.

2012-2015

2012 жыл

2012 жыл

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары» МҚКК, аудандық құрылыс бөлімі
Аудандық қаржы бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



Атанши ауылдық округі

1

Аленов Арғын – зейнеткер

- Ауылдағы екі фельдшердің біруі қысқартылады дейді. Оның қысқармауына көмек сұрайды.


Ауылдық округке қарасты екі елді мекен болғандықтан екі фельдшердің штат бірліктері ескеріліп, алдағы уақытта қысқармауы қарастырылады. қысқармайды.


Түсіндірілді



Аудандық диагностикалық кеңес беру емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Арал ауданы бойынша өкілі


Арал ауданы бойынша (қорытынды жиналыс)

1

Жолмағамбетов Аманжол – зейнеткер, Арал қаласы көше комитетінің төрағасы

1) қаладағы №62 мектептің есік терезесін және электр желісін жаңартуға қаржы бөлінуін сұрайды


2) №2 санаториялық мектеп интернатына спорт зал және ішінен әжетхана салуды сұрайды
3) №13 орта мектепке оқу шеберханасын салынуын сұрайды

№62 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі жоспарда бар. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатын болады.


№2 облыстық санаториялық мектеп интернаты облысқа қарайтындықтан, облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныстар беріледі
№13 мектепке аудандық бюджет есебінен шеберхана салу мәселесі алдағы уақытта қаралатын болады.

2012 жыл

Аудандық білім бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Аудандық білім бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі


2

Көзмағанбетов Дастан - №62 мектептің музыка пәнінің мұғалімі

- Қаладағы өнер мектебінің жағдайын айта келе ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуді және ғимараттың қасына қосымша концерт залын қосуды сұрайды.



Арал қаласындағы өнер мектебіне алдағы уақытта облыстық бюджет арқылы қаржы бөлініп жатса бұл ғимараттан балабақша ашылатын болады. Ал, Н.Кенжеғұл атындағы мәдениет үйінен өнер мектебін ашуға бұндағы бөлмелер саны жеткіліксіз болғандықтан бұл жерден «Жыраулар мектебін» ашу жоспарлануда. Сондықтан өнер мектебін қаладағы №64 орта мектеп ғимаратының біріне көшірілетін болады.

2012 жыл

Аудандық білім бөлімі


3

Өтегенов Жеткерген – зейнеткер

- Қамыстыбас елді мекеніндегі аурухананың жабылмауына ықпал жасауды сұрайды.



Қамыстыбас елді мекенінен 2012 жылы клуб, балабақша салу жоспарлануда, сонымен бірге келесі жылы жаңа емхана салу мәселесі кіреді. Ал, ауылдық ауруханалар келесі жылдан бастап жабылады. Себебі үкіметтің қабылдаған заңына сәйкес елді мекендерде тек қана емханалар жұмыс жасауы қажет. Сондықтан келесі жылы ауданымыздағы бірнеше елді мекендерде жаңа типтік жобадағы емханалар салынатын болады.

2012 жыл

Аудандық диагностикалық кеңес беру емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Арал ауданы бойынша өкілі Ш. Медетов (келісім бойынша)

4

Арынғазиев Жылқыбай – зейнеткер

- Қаладағы «Жазира» балабақшасын жаңадан салынуын сұрайды



Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады

2012 жыл

Аудандық білім бөлімі,

Аудандық құрылыс бөлімі




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет