Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.
Құндыкөл ауылдық округі бойынша: Құндыкөл, Егіндібұлақ, Біржанкөл ауылдары орналасқан. Жалпы тұрғындар саны 1132 адамды құрайды.
2015 жылғы негізгі оқиғалар арасынан Мемлекеттік басшысы президенттік сайлауды, жүзеге асырыла бастаған Бес институттық реформа мен «100 нақты қадамды», Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы ерекшеленді. Сонымен бірге 30 қарашада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» жолдауын жариялады. Елбасы бұл Жолдауында бұған дейінгі жолға қойылған реформаларды ілгері бастырып, әлеуметтік саланы қолдау және жаhандық дағдарыстан шығу жолдарын алға тартып отыр. Еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік іс- шаралар мен бағдарламаларды тұрғындарға жеткізіп түсіндіру мақсатында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері тұрғындармен кездесу өткізіп отырды.
2015 жыл басынан округ бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығында 25 адам жұмыссыздар қатарында тіркеуде тұр. Үстіміздегі жылдың 1 шілдеден «Өрлеу» шартты ақшалай жобасы енгізілді – бағдарлама халықтың аз қамтылған санаттарына әлеуметтік белсенділігін арттыруға арналған. «Өрлеу» бағдарламасына 1 аз қамтылған отбасы қатысты. «Қамқорлық» акциясы аясында 3 аз қамтамасыз етілген отбасы шөппен қамтамасыз етілді, құны 20 000 теңге. Шаруа қожалықтармен бірлесе отырып 6 отбасыға натуралдық көмек, арқайсына 10 000 теңгеден жалпы сомасы 60 000 теңге көмек көрсетілді. 10 аз қамтамасыз етілген отбасына көмірмен көмек көрсетілді. Биылғы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 отбасы несие алды.
Округ аумағында 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар,бекітілген іс- шаралар жоспар бойынша өткізіліп тұрады. Іс – шаралар өткізуге мекемелердің, ауыл тұрғындарының атсалысып қатысуы үнемі назарда.
Оның ішінде айтып өтерлік жай ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай аудан орталығында Үлкен гала концерт және театрландырылған сахналық қойылым өтті. С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл іс-шараға әрбір ауылдық округтердің өнерпаздарыда өз үлесін қосып қатысты. Егіндібұлақ ауылдық клубы және ауыл жастарының ұйымдастыруымен қазақша күрес, ат жарыс өткізіліп, ауыл халқының ыстық ілтипатымен қабылданды.
Жалпы жазбаша түскен өтініштердің саны-14, оның 14 қанағаттандырылды.
Әкімшілік аппараты мамандарының күнделікті жұмыс барысында ауыл тұрғындарынан жиналатын жер және мүлік салығы, көлік салығы, жеке табыс салығы төлем көзімен салық салынбайтын салықтар түсімдері үнемі бақылауда болды. Округ бойынша қазан айының біріне дейін 101332 теңғе жер, 67751 теңге мүлік, 1194778 салығы түсімдері жиналып тапсырылды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында ауыл әкімшілігі мен учаскелік полиция инспекторы бірлесіп жұмыс атқаруда. 2015 жылы 67 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олар ішімдік ішіп көшеде жүргендер, аула тазалығы және т.б. тәртіп бұзушылықтар.
2015 жылдың мамыр айынан бастап Құндыкөл ауылдық әкімшілігі және Егіндібұлақ ауылы интернет желісіне қосылды.
Құрметті ауылдастар! Биылғы жылдың 30 қарашадағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» жолдауында айтылғандай Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты. Жаhандық дағдарыстан жұдырықтай жұмылып сүрінбей өтуімізге тілектеспін. Ауылдық округ болып Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |