Білім беру ұйымының атауы:
|
Б. Момышұлы атындағы ЖОББ
|
Пәні:
|
Математика
|
Бөлім
|
Атақты тұлғалар
|
Педагогтің аты-жөні
|
Нургалиева Альмира
|
Күні:
|
08.02.2024
|
Сынып:
|
3 “Д” сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
№104 Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу
|
Сабақтың мақсаты
|
Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтап, үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілін түсіндіре алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Математика қызық қой,
Есептерін сызып қой.
Математика үйренсең:
Озат бала боласың,
Космосқа да ұшасың,
Айға барып қонасың!
Үй тапсырмасын тексеру «Триггер» әдісі
Жаңа сабақ
-Біз бүгін қандай амалға байланысты жұмыс жасаймыз деп ойлайсыңдар?
«Квест» әдісі арқылы амалды анықтаймыз. Ол үшін,кодттағы әріптерді ретімен қою керек.
-Дұрыс таптыңдар.Біз бүгін көбейту амалына байланысты есептер шығарамыз.
Ребусты шешу қосалқы тақырыпты ашу.
Сабақтың мақсаты:
үш таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмін қолдануды үйренеміз.
|
Үй тапсырма-сын тексертеді.
Сұраққа жауап береді.
-Тақырыпты ашады.
|
Бағалау
«Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау
|
|
Сабақтың ортасы
10 мин
|
ФС 1- тапсырма
ОДД: білу, түсіну, қолдану
Жұптық жұмыс
Есептеудің ауызша тәсілдерін есіңе түсір және түсіндір. Есепте. Өрнектің жұп мәндерін атасаң, Ш.Уәлихановтың кім болғанын, ал тақ мәндерін атасаң, Ы.Алтынсариннің кім болғанын білесіңдер.
Шоқан
142*2=284 –тарихшы
21*4=84-журналист
32*3=96- саяхатшы
Ыбырай
31*3=93-жазушы
231*3=693-аудармашы
221*3=663-педагог
Есептеудің жазбаша тәсілін түсіндіріңдер.
ЕБҚО ойлау төмен оқушыға тапсырма
Өрнекті баған түрінде жаз,есепте
142*2=284 122*4=488 242*2=484
134*2=268 132*3=396 312*3=936
321*2=642 143*2=286
|
Екі таңбалы сандарды өсу ретімен, үш таңбалы сандарды кему ретімен көшіріп жазып, монументтің авторын анықтайды
Есептеудің қалай орындалғанын түсіндіреді
|
Бағалау критерийі
. Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтап, үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілін түсіндіре алады.
Дескриптор:
Өрнектің жұп мәндерін атап, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсариннің кім болғанын анықтайды -2 балл.
|
Оқулық дәптер
|
5 мин
|
Сергіту сәті.
|
Балалар бірге орындайды
|
Жарайсыңдар!
|
|
10мин
|
5,6- тапсырма
ОДД: білу, түсіну, қолдану
«Құрастыр» әдісі
Топтық жұмыс
1-топ
Есепті шығар.
ХІХ ғасырда қазақтың тұңғыш ашылған мектептерінде бар –жоғы 211 қыз оқыған. Бұл ұлдарға қарағанда 4 есе кем еді. Алғашқы мектептерде барлығы қанша оқушы оқыған?
Ш:211+211*4=1055
Ж: Алғашқы мектептерде барлығы 1055 оқушы оқыған.
2 топ Есепті шығар.
А) Мәнерлеп оқудан өткізілетін байқауға 48 ұл және 36 қыз қатысты. Оларды әр топқа 4-тен бөлді. Барлығы қанша топ болды?
Ш:(48+36):4=84:4=21
Ж: Барлығы 21 топ болды.
|
Есепті шығарып, шешуін, жауабын анықтайды -
|
Дескриптор:
- Есепті шығарып, шешуін, жауабын анықтайды -2балл.
|
|
10 мин
|
7,8- тапсырма Жұптық жұмыс
ОДД: білу, түсіну, қолдану
«Жұптас,ойлан» әдісі
1 жұп Есепте. Өрнектердің біреуіне есеп құрастыр.
720-360:90=716 50*10-360=140
700+270:9=730
2 жұп Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте.
318+498=816 300-195=105
1000-654=346 676-167=509
784-206=578 68+525=593
ойлау жоғары оқушыға тапсырма
|
Өрнектердің мәнін есептейді
- Өрнектерді баған түрінде жазып есептейді
|
Дескриптор:
Өрнектердің мәнін есептейді -2балл.
- Өрнектерді баған түрінде жазып есептейді-2балл.
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия: «Бәйтерек шыңы»
Үй тапсырмасы: 9 тапсырма
Көбейту кестесің жаттау
|
Жинаған балдарын санайды. Көңіл күйлерін бәйтерек қабаттары арқылы анықталады.
|
ҚБ қойыла-ды.
|
|