6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
35. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:
1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.
36. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС «Бәйтерек» ҒЗК құруда инвестициялық және пайдалану кезеңдерінде іске қосылу қызметіне әлеуетті сұраным» атты тақырыбына маркетинг зерттеу жүргізу бойынша» - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақыты кіруге рұқсат хаттамада көрсетіледі) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».
Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық
комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;
конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.
38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.
40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
41. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.
42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.
8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.
45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:
1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;
3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт консурстық құжаттыманың 11-қосымшасына сәйкес жасалады.
47. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
48. Заңның 37-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.
49. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.
50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Сатып алынатын қызметтер тізбесі
«Бәйтерек» ҒЗК құруда инвестициялық және пайдалану кезеңдерінде іске қосылу қызметіне әлеуетті сұраным» атты тақырыбына маркетинг зерттеу жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы
|
Тапсырыс берушінің аты
|
Көрсетілетін қызметтердің аты
|
Өлшеу бірлігі
|
Саны, көлемі
|
Көрсетілу талабы (ИНКОТЕРМС 2000 бойынша)
|
Жұмысты аяқтау мерзімі
|
Жұмысты жүргізу орны
|
Алдын-ала төлеу көлемі, %
|
Конкурс арқылы сатып алынатынға бөлінген сома, тенге
|
1
|
«Бәйтерек» БК» АҚ
|
«Бәйтерек» ҒЗК құруда инвестициялық және пайдалану кезеңдерінде іске қосылу қызметіне әлеуетті сұраным» атты тақырыбына маркетинг зерттеу жүргізу
|
қызмет
|
1
|
DDP (Астана қ.)
|
1 ай
|
Астана қ., Бейбітшілік, 4
|
0
|
10000000
|
Жұмыстардың толық сипаттамасы мен ерекшелігі техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
«Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны» АҚ
Бас директордың м.а. Мұстафинов Қ.Е.
« 6 » наурыз 2012 жыл
Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
«Бәйтерек» ҒЗК құруда инвестициондық және пайдалану кездеріндегі іске қосылу қызметіне әлеуетті сұраным» тақырыбы бойынша маркетинг зерттеу жүргізу бойынша сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі
Зерттеу мақсаты:
«Бәйтерек» ҒЗК жобасын жүзеге асырудың экономикалық пайдалылығын анықтау үшін әлеуетті тапсырыс берушілердің болшылдығын көрсету зерттеу мақсаты болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
-
Ғарыш аппараттары (ҒА) нарығының қазіргі тенденциялары, баға конъюктурасы, бәсекелестікке баға, нарықтың басты қатысушылардың маркетинг стратегиялары;
-
Әртүрлі ҒА қызметтерінің керектігінің сараптамасы (ДЗЗ, навигация, телекоммуникация және т.б.);
-
Тасығыш зымыран (ТЗ) нарығының қазіргі тенденциялары, құн конъюнктурасы және қаржыландыру, нарық дамуының коммерциялық, саяси және басқа да факторлары;
-
ТЗ нарығы қатысушыларының сараптамасы;
-
Әлемдегі жаңа перспективті шығару құралдарын құруда ТЗ және СТЖ бар паркінің 2030 жылға дейін жобалаумен сараптама;
-
Әлем мемлекеттерінің ғарышалаңдарында ҒЗК салу (салу мәселелері мен қауіптері, ҒЗК құнының бағасы, салуда қатысқан компаниялары, ҒЗК пайдалану эффективтігінің перспективті бағасы);
-
ТЗ сатып алудан, әкелуден, сынаудан, отын құюдан және ҒЗК-нен ТЗ жіберуден бастап әр қадамның құнын көрсетумен бірге жіберу қызметтерінің құнын толық ашу;
-
2002 жылдан 2011 жылға дейінгі периодта жіберу қызметтері операторлары жұмысының сараптамасы;
-
Жобаны пайдалану кезіндегі өнімге сұраныс бағасы (2017 жылдан 2030 жылға дейін);
-
Жіберу қызметтеріне сұраным өзгеру тенденцияларының сипаттамасы;
-
Пайдалану кезіндегі жіберу қызметтерінің құн деңгейін бағалау (2017 жылдан 2030 жылға дейін);
-
Бәсекелестердің құн құру саясатының сипаттамасы;
-
Жіберу қызметіне тапсырыс берушілердің сипаттамасы;
-
Әлем нарығында «Бәйтерек» ҒЗК жіберу қызметтерінің перспективалары.
Ақпарат жинау тәсілдері:
-
Кабинеттік зерттеу (жинау, сараптау және екінші ақпаратты жинақтау);
-
Сапалы зерттеу (эксперттік сауалдама және терең интервьюралық техникасының бағасы).
Бітіру формасы:
-
Аналитикалық есептеме;
-
Қысқа презентация.
Ақпарат көздері:
-
Бұрынғы жүргізілген зерттеу материалдары;
-
Жарияланған статистикалық көрсеткіштер;
-
Арнайы сұраныммен алынған статистикалық көрсеткіштер;
-
Арнайы әдебиет, мемлекеттік органдардың, компаниялардың, ғылыми мекемелердің аналитикалық, ақпараттық және анықтамалық материалдары;
-
БАҚ және интернет материалдары;
-
Өндіруші және сатушы негізінде зерттеу нарығында көрсеткен жарнама-ақпараттық материалдары, компаниялардың прайс-қағаздары;
-
Нарық эксперттері.
Қосымша талаптар:
Аналитикалық есептеме қатты түптеумен 4 данада және СД-дискпен 1 данада 7.32-2001 ГОСТ сәйкес болу қажет.
«Бәйтерек» ҒЗК құруда инвестициялық және пайдалану кезеңдерінде іске қосылу қызметіне әлеуетті сұраным» атты тақырыбына маркетинг зерттеу жүргізу бойынша әлеуетті жеткізушіге талаптар
1. Әлеуетті жеткішінің маркетинг зерттеу жүргізуде тәжірибенің болымдылығы (атқарылған жұмыстар актісінің көшірмелерін қосу);
2. Әлеуетті жеткізушіде ғарыш саласында зерттеу жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету тәжірибесінің болшылдығы (атқарылған жұмыстар актісінің көшірмелерін қосу);
3. Әлеуетті жеткізушінің жобалық командасында 1-ден кем емес маркетингпен байланысты маманда дипломы бар адам болуы қажет (диплом көшірмесін қосу);
4. Әлеуетті жеткізушінің жобалық командасында 1-ден кем емес ғарыш саласында техникалық-экономикалық негіздеме жасау тәсілдемесіне оқытылған адам болуы қажет (сертификат көшірмесін қосу).
«Бәйтерек»
Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны» АҚ
Бас директорының м.а. Қ.Е. Мұстафинов
Конкурстық құжаттамаға
3-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)
Кімге _____________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен ____________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары
|
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы
|
|
Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні
|
|
2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.
4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.
_________________________________________________
______________________________/__________________/
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
Толтырылған күні___________________________________
М.О.
Конкурстық құжаттамаға
4-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)
Кімге __________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен __________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы толық көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә.
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекен-жайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты мекен-жайы
|
|
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почталық мекен-жайы мен электрондық
почтасының мекен-жайы (ол болған кезде)
|
|
2. ___________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.
4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.
__________________________________________________________________
______________________________/__________________/
(Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. және оның қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |