Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж



Дата30.06.2016
өлшемі50 Kb.
#167889
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ М.Орынханов

«___»__________2013 ж.

5В061000 – «Гидрология» мамандығына арналған

«Өзен гидрометриясы» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Өзен гидрометриясы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:



Мазмұны

Тапсырма

саны


1

Кіріспе. Гидрометрия пәні және міндеттері. Пәннің мәні және негізгі міндеттері. Оның басқа сабақтас пәндерімен байланысы. Гидрометрияның халық шаруашылығындағы мәні. ТМД елдерінде және алыс шетелде сұйық, қатты ағындылардың, табиғи сулардың химиялық құрамы мен ластануы бойынша гидрометриялық зерттеулердің дамуы жөніндегі қысқаша тарихи мәліметтер. Гидрометриялық мәліметтердің негізгі басылымдары.

2

2

Су өтімін өлшеу. Су өтімін анықтаудың мақсаты мен міндеті. Су өтімінің үлгісі. Су өтімін анықтаудың әдістері. Су өтімін жылдамдық-аудан әдісі бойынша анықтау. Өзен учаскесін таңдау. Гидрометриялық тұстамаларды жабдықтау. Су өтімін зырылдауықпен өлшеу кезінде жүргізілетін жұмыстың құрамы. Су өтімін қысқы жағдайда өлшеудің ерекшеліктері және өлшеу қателіктері. Су өтімін зырылдауықпен өлшеудің нақты, негізгі және жеделдетілген (қысқартылған) әдістері. Су өтімін жеделдетіп өлшеу үшін су өтімінің интерполяциялық гидравликалық үлгісін және репрезентативті элементтерін қолдану. Гидрометриялық зырылдауықпен өлшенген су өтімін әртүрлі тәсілдермен есептеу. Әртүрлі әдістерді талдау және олардың дәлдігі. Су өтімін ағынның көлденең қимасының ауданы және Шези формуласы бойынша анықталған жылдамдық бойынша анықтау. Өлшеуші науалар мен суағарлар. Су өтімін кіші өзендерде өлшеу. Су өтімін беттік және тереңдік қалтқылармен өлшеу және оларды өңдеу. Су өтімін көлемдік әдіс, араластыру және аэроәдістер бойынша анықтау. Әртүрлі әдістермен өлшенген су өтімдерінің дәлдігі.

3

3

Су деңгейі мен су өтімінің арасындағы байланыс және судың орташа тәуліктік шығынын анықтау. Ағындыны есептеу алдындағы далалық материалдарды талдау. Су өтімі қисықтарын тұрғызу. Су өтімінің, аудан және жылдамдық қисықтарының қасиеттері. Орташа тәуліктік су деңгейі бойынша ағындыны есептеу. Су өтімі қисықтарын экстраполяциялау тәсілдері. Су өтімі мен су деңгейінің арасындағы біржақты байланыстардың бұзылуы және оларды туғызушы себептер. Тұрақты және тұрақты емес байланыстар. Су тасқыны тұзағы. Қысқы кезеңдердегі арнаның өсу кезіндегі, арнаның деформациялануы кезіндегі, айнымалы тежелу кезіндегі судың орташа тәуліктік өтімін есептеу. Су өтімі туралы мәліметтерді жариялау және баспаға әзірлеу.

3

4

Түптік шөгінділер мен қатты ағындыны зерттеу. Өзен тасындылары туралы жалпы түсініктер. Сала ағысындағы тасындылардың үйлестірілуі. Лайлылықты тексеруге арналған құралдар. Лайлылықты тексеру үшін орын, мезгіл таңдап алу және лайлылықтың жекелеген сынамалары. Нүктелік, жиынтықтық және интеграциялық тәсілдермен жүзбе тасындылар өтімін есептеу. Өлшеу әдістерінің дәлдігі. Түрлі тәсілдермен өлшенген жүзбе тасындыларының өтімін өңдеу, тасындылардың өлшенген өтімдеріне кестелер құрастыру. Жүзбе тасындының ағынын есептеу. Ілекпе тасындыларды есептеуге арналған құралдар. Ілекпе тасындылардың өтімін өлшеу және есептеу. Өлшеу әдістерінің дәлдігі. Ілекпе тасындының ағындысын есептеу. Түптік шөгінділердің механикалық құрамын анықтау. Сынамаларды өңдеуге арналған құралдар. Сынамаларды алғашқы өңдеуден өткізу. Далалық және стационарлық жағдайда ілекпе, жүзбе тысындылардың және түптік шөгінділердің механикалық құрамын анықтауға арналған сынамаларды өңдеу. Тасындылар туралы мәліметтерді жариялау және басылымға дайындау.

2

5

Өзендердің гидрохимиялық режиміне, судың сапасына және химиялық құрамына бақылау жасау. Бақылау орындарын таңдап алу. Далалық химиялық зертхана, қажетті құрал-жабдықтар. Далалық жағдайда және зертханада (объектіде) судың химиялық құрамын анықтау. КЖМ, ӘЖМ және ГЖ – дағы судың құрамы жайлы мәліметтер. Табиғи сулардың ластануы. Судың сапасын бақылау. Еріген заттардың өтімін анықтау.

3

6

Гидрологиялық желіні автоматтандыру. Бақылау нәтижелерін механикалық өңдеу. Гидрометқызметінің кешенді автоматтандыруының мүмкін болатын сұлбасы. АРРГП (ГР-103), АРМС және т.б. автоматтандырылған қондырғыларын орнату. Зерттеу және бақылау нәтижелерін жазып алу. Арнайы компьютерлер мен ЭЕМ көмегімен нәтижелерді өңдеу.

3

7

Гидрометрияда аэроәдістерді қолдану. Ағыстың бағыты мен жылдамдығын өлшеу. Аэроәдіспен су өтімін өлшеу. Мұздық жағдайларға аэровизуальдық бақылау жүргізу. Өзеннің құйылу шекараларын анықтау.

3

8

Суды мемлекеттік есепке алу және су кадастры. Гидрологиялық бақылауларды метрологиялық қамтамасыз ету. Сандық көрсеткіштер бойынша суды және оны пайдалануды мемлекеттік есепке алу. СМЕА-ның негізгі бөлімдері және оны ақпараттық қамтамасыз ету. Мемлекеттік су кадастры (МСК) және оның бөлімдері. МСК басылымы, мәліметтерді сақтау.

3

9

Гидрологиялық бақылауларды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Өлшеудің негізгі сипаттамалары және олардың бірлігін қамтамасыз ету.

3




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Өзен гидрометриясы» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5. Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7. Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет