Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж



Дата09.06.2016
өлшемі57.32 Kb.
#125116
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ М.Орынханов

«___»__________2013 ж.

5В060400 – «Физика», 5В060500 – «Ядролық физика»

мамандықтарына арналған «Ядролық физика» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Ядролық физика» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:



Мазмұны

Тапсырмалар саны


1

Ядро және элементар бөлшектер физикасының негізгі кезеңдері. Микроәлемдік құбылыстардың өлшемдері. Атом ядросының негізгі қасиеттері. -бөлшектің шашырауына Резерфорд тәжірибесі. Ядро протондар мен нейтрондардың әсерлесу жүйесі ретінде. Ядроның электр заряды. Массалық саны. Изотоптар, изобарлар. Ядроның массасы. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясы үшін жартылай эмпирикалық формула. Киелі сандар. Нуклонның байланыс энергиясы. Нық және радиоактивті ядролар.

1

2

Ядроның спины және магниттік моменті. Ядролық магнетон. Ядроның статикалық мультипольдік моменттері. Ядроның электрлік квадрупольдік моменті. Ядролық жүйелердің кванттық механикалық сипаттамалары. Толқындық функцияның жұптылығы. Ұқсас бөлшектер үшін толқындық функциялардың симметриялық қасиеті. Бозондар және фермиондар. Паули принципі.

1

3

Атом ядросының үлгілері. Ядроның тамшылық үлгісі. Ядроның ферми-газ үлгісі. Ядроның қабықтық үлгілері. Ядроның бірбөлшектік қабықтық үлгісі. Ядроның бірбөлшектік қабықтық үлгісі бойынша ядроның қасиеттерін анықтау. Ядроның бірбөлшектік қабықтық үлгісінің жетістіктері мен кемшіліктері. Ядроның жалпыланған үлгілері.

1

4

Атом ядросының орнықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтік ыдыраудың статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңдары.

1

5

-ыдырау. -бөлшектің спектрі. Негізгі эксперименттік заңдылықтар. -ыдыраудың теориялық элементтері. Туннельдік эффект. -ыдырау периодының -бөлшектің энергиясына тәуелділігі. -ыдырау нәтижесінде алынған мәліметтерден ядроның өлшемін анықтау.

1

6

-ыдырау. -ыдыраудың түрлері. Электронның энергетикалық спектрі. Нейтриноның барлығының тәжірибеде дәлелденуі. -ыдыраудың теориялық элементтері. Әлсіз әсерлесу туралы түсінік. Рұқсат етілген және рұқсат етілмеген -ауысулар. -ыдырау кезіндегі жұптылықтың сақталмауы. Нейтрино массасының мәселесі.

2

7

Ядролардың гамма‒нұрлануы. Ядролардың гамма‒нұрлануы үшін энергия мен импульстың сақталу заңдары. Гамма‒кванттың энергиясы. Ядроның тебілу энергиясы. Гамма‒кванттардың спектрі. Гамма‒өтулердің мультипөлділігі. Ядролардың гамма‒нұрлануы үшін жұптылықтың сақталу заңы. Электрлік және магниттік өтулер. Гамма‒өтудің ықтималдылығы. Ядролардың гамма‒нұрлануы үшін импульс моменті бойынша сұрыптау ережесі. Ядролық изомерия. Ішкі электрондық конверсия. Мессбауэр эффекті

2

8

Зарядталған ауыр бөлшектердің затпен әсерлесуі. Меншікті иондау шығыны. Бор және Бете‒Блох формулалары. Меншікті иондау шығынының бөлшектің және ортаның қасиеттеріне тәуелділігі. Зарядталған ауыр бөлшектердің жүрімі (затта жүрген толық жолы), траекториясы.

2

9

Зарядталған жеңіл бөлшектердің затпен әсерлесуі. Зарядталған жеңіл бөлшектердің затпен әсерлесуінің ерекшеліктері (ауыр бөлшектермен салыстырғанда). Иондау және нұрлану шығындары. Тежеулік нұр. Иондау және тежеулік нұр шығындарының бөлшектің және ортаның қасиеттеріне тәуелділігі. Иондау және тежеулік нұр шығындарының қатынасы. Сындық энергия. Вавилов-Черенков нұрлануы.

2

10

Гамма-нұрдың зат арқылы өтуі. Фотоэффект. Фотоэффекттің заңдары, қимасы. Комптон эффекті. Комптон эффектінің тәжірибелік заңдылықтары. Комптон эффекті үшін сақталу заңдары. Комптон эффекті салдарынан гамма-кванттың энергиясының өзгерісі. Комптон эффектінің қимасы. Бөлшек-антибөлшектік қосақтар түзілуі. Бөлшек-антибөлшектік қосақтар түзілу шарттары.

2

11

Ядролық реакциялар. Ядролық реакциялар арналары. Ядролық реакция қимасы. Ядролық реакциялар үшін сақталу заңдары. Ядролық реакция энергиясы. Ядролық реакция табалдырығы. Ядролық реакциялар механизмдері. Құрама ядро механизмі. Ядролық тіке реакциялар.

2

12

Ядролардың бөлінуі. Ядролардың бөлінуіне тәжірибелік мәліметтер. Ядроның өздігінен бөлінуінің шарттары. Ядроның бөліну энергиясы. Ядролардың бөліну параметрі. Ядролардың нейтронның әсерінен бөлінуі. Тізбектік бөліну реакциясы. Нейтрондардың көбею коэффициенті.

2

13

Термоядролық реакциялар. Термоядролық реакция энергиясы. Басқарылатын термоядролық реакциялар мәселелері. Табиғи термоядролық реакциялар.

2

14

Жоғарғы энергиялар физикасы. «Элементар бөлшектер» түсінігінің дамуы. Бақыланатын элементар бөлшектердің қасиеттері. Элементар бөлшектердің классификациясы: лептондар, адрондар. Бөлшектер және антибөлшектер. Кварктар. Элементар бөлшектердің кварктық үлгісі. Іргелік әсерлесулер. Мөлшерлегіш бозондар.

2

15

Ғарыштық сәулелер. Ғарыштық сәулелердің түрлері. Бірінші реттік ғарыштық сәулелердің құрамы. Екінші реттік ғарыштық сәулелер. Екінші реттік ғарыштық сәулелердің қатты және жұмсақ құраушылары.

2




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Ядролық физика» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет