Дәріс12. Тақырып: Кешенді-механизацияланған жұмыстарды ұйымдастыру үшін үйымдастыру-технологиялық құжаттар



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі46.43 Kb.
#457597
  1   2   3
12 ЛЕК КАЗ


Дәріс12.


Тақырып: Кешенді-механизацияланған жұмыстарды ұйымдастыру үшін
үйымдастыру-технологиялық құжаттар.

Дәріс жоспары:

  1. Технологиялық карталар мен есептеулер.

  2. Еңбек картасының процесстері.

  3. Мелиоративті - құрылыстық жұмыстардың сапасын бақылауды ұйымдастыру.

  4. Мелиоративті - құрылыс жұмыстарының өндірісі кезіндегі табиғат қоргау шаралары.

Құрылыс өндірісінде қазіргі талаптар деңгейіне сәйкес құрылыс-монтажды жұмыстар өнімділігінің алдыңғы тәжірибесін жалпылау мен оны тарату мақсатында ұйымдастырушы-технолоогиялық құжаттардың бірнеше қатарын қолданады. Бұл құжаттар жұмыс өнімділігінің технологияларын, ресурстар шығындарын, еңбек шығындары мен жұмыс сапасына қойылатын талаптарды регламенттейді. Кеңінен тараған біртипті жұмыстар үшін типтік ұйымдастырушы-технологиялық жұмыстар жасалған. Күрделі және қайта игерілетін жұмыстарға сондай құжаттарды жеке-жеке тәртіпте жасайды. Кеңінен тараған құжаттарға келесілер жатады: еңбек процестерінің карталары; жұмыс сапасын операциялы бақылаудың схемасы; жұмыс өндірісі үшін нормакомплектілер; еңбек шығындары үшін калькуляция.
Технологиялық карталар мен есептеулер.
Комплект құрамындағы әр түрлі машиналардың қажетті санын барлық механизмдерді толықтай жұмыспен тарту шарттарынан анықтайды. Бұл үшін машина жұмысының сағаттарындағы әр құрылыс операциясы бойынша машина қажеттілігі туралы мәліметтерді білу қажет. Бұл мәселені технологиялық карталарды құрастыру кезінде шешеді. Технологиялық карта деп бір құрылыс процесінің технологиясын анықтайтын жобалық құжатты айтады. Массалы, кең таралған жұмыстар типі үшін типтік технологиялық карталар жасалады. Жаңа, күрделі және қарапайым емес жағдайларда орындалатын құрылыс процестері үшін жеке (индивидуальді) технологиялық карталар жасалады. Сызықты созылған объектілер үшін оларды 10, 100 немесе 1000 м-лік типтік қиылысуға бөледі, ал шағын жинақталғандар үшін жұмыс көлемінің барлығына бөледі. Жұмыс көлемінің бірлігіне қатысты көрсеткіштерді есептейді (1000 м3 топыраққа, 100 м3 жұмыстағы бетонға, игерілген ауданның 1 га). Технологиялық карталарды құрастыруда СНиП-тің III бөлімінің нұсқаулары мен ұсыныстарын, құрылысты ұйымдастыру проектілері мен жұмыс өндірісінің проектілерін құрастыру мен тағайындау тәртібі туралы инструкцияны, бірыңғай және ведомстволық нормалар мен бағалаулардың (ЕНиР, ВНиР) жинақтарын, типтік технологиялық карталарды құрастыру нұсқауларын, еңбек қорғау туралы нормативті құжаттарды, өрт сөндіру қауіпсіздігі және т.б. қолданады.
Технологиялык карталарда мыналар көрсетілуі тиіс:
Мағынасы және қолдану облысы;
Құрылыс операциясының технологиясы - құрылыс процестерінің мазмұны;
қолданылатын машиналар мен механизмдердің типтері мен маркалары; механизмдер мен жұмысшылардың өнімділігіне әсер ететін жұмыс өндірісінің шарттары; қажетті материалдар, жартылай фабрикаттар, конструкциялар мен бұйымдар; операциялық бақылаудың схемалары мен сапасына қойылатын талаптар; еңбек қорғау бойынша іс-шаралар;

Техника-экономикалық көрсеткіштер - еңбек сыйымдылығы; машина сыйымдылығы; бір жұмысшының жұмысы; құрылыс-монтажды жұмыстардың өзіндік құны;


қажетті материалды-техникалық ресурстар - құрыыс материалдарының қажетті саны; машиналар мен құралдардың қажеттілігі; машина эксплуатациясы үшін қажетті материалдар (жағармай, майлаушы материалдар, су, бу, оттегі, электр энергиясы).
Технологиялық карталарды жобалау сатысында және құрылыста жұмыстарды ұйымдастырудың процесінде варианттарды салыстыру мен нақты таңдау үшін және қажетті ресурстарды есептеу үшін қолданады.
Кешенді процесті орындау үшін қажетті ресурстарды анықтау қажет болған жағдайларда есептеулерді барлық жұмысшы операциялар бойынша кестелі формамен жүргізеді (80-кесте). Ол үшін технологиялық карталарды жасағандағы сол нормативтерді қолданады. Кешенді құрылыс процесінің технологиясын көрсететін мұндай жобалық құжатты технологиялық нормальдеп атайды.
Технологиялық нормальдарды дайындау жұмыстарды ауысымдық әдіспен ұйымдастыруды міндетті болады.
Еңбек процестерінің карталары.
Жоғары өнімділікті әдістер мен еңбекті ұйымдастырудың рационалды формаларын ортақ енгізу үшін, өзіндік құнды төмендету мен жұмыс сапасын жақсарту үшін еңбек процестерінің карталарын (ЕПК) дайындайды.
Еңбек процесінің картасы - ғылыми негізде еңбек ұйымдастыруды жақсарту үшін құрылыста қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді регламенттеуші негізгі құжат. Ол еңбекті ғылыми ұйымдастыру бойынша іс-шараларды құру мен іске асыру үшін; бригадалар мен звеноларды ұйымдастыру үшін; жұмысшы орындарды рационалды ұйымдастыру үшін; жұмысшыларды еңбектің алдыңғы қатарлы тәсілдеріне үйрету; әлдеқайда өнімді еңбек тәсілдері мен әдістерін,тиімді қондырғылар мен жабдықтарды енгізу үшін арналған. ЕПК жаңа, әлдеқайда қазіргі заманғы карталарды кұрастыру және еңбек өндірісін жобалауда қолданылуы мүмкін. Олар жұмысшы құрылыс операциясының деңгейіндегі еңбек процесінің эталоны ретінде қызмет етеді. Олар әрекет етуші өндіріс нормаларын құрастыру кезінде қабылданған ұйымдастырулардан ерекшеленеді.
Еңбек процестерінің карталарын мына жағдайларды ескере отырып құрастырады: жұмыс орнын рационалды ұйымдастыру; міндеттер мен еңбекті нақты бөлу; процестер мен операцияларды үйлестіру; дамыған қондырғылар мен инвентарьды пайдалану; еңбек процестерінің оптималды жоғары темпте болған кездегі жұмыс пен демалыс режимдерін таңдау; қажетті жұмыс сапасын қамтамасыз ету; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.
ЕПК-да келесі бөлімдер болуы керек: қолданылу облысы; ЕНиР мен ВНиР бойынша нормативті режиммен салыстырғандағы ЕПК-ның тиімділігі; рындаушылардың құрамы мен квалификациясы; қондырғылар мен инвентарьдың
тізімі; жұмыс орынын дайындау бойынша ұсыныстар; операцияларды орындау технологиясының суреттемесі; процестер мен мамандықтардың рационалды қосылысын ескеретін жұмыстарды орындаудың минут бойынша графигі; жұмыстарды орындау схемалары; машиналар, материалдар, құралдар, әр жұмысшының орнын көрестетін жұмыс орынын ұйымдастыратын схема; қауіпсіздік техникасы бойынша ұсыныстар.

ЕПК-ны Оргтехстрой жүйесінің мамандандырылған жобалық-технологиялық трестер мен институттар нормативті-зерттеу бекеттерінің қатысуымен құрастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет