Кедендік төлемдердің түрлері. Арнайы, антидемпингке қарсы және компенсациялық баждар. Кедендік баждардың ставкалары. Кедендік алымдар. Аванстық төлемдер. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша жеңілдіктер. Тарифтік артықшылықтар. Кедендік төлемдерді есептеу базасы. Салық базасы. Тауарлардың кеден құны.
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі кедендік төлем мен салықтың түріне сәйкес жыл сайын бекітетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктеменің сәйкес коды бойынша (бұдан әрі - бюджеттік жіктеме коды) жүргізіледі.
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді төлеушілер Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы жүргізеді. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушілер кеден органы тіркелген орын бойынша орналасқан салық органының (бұдан әрі - бенефициар-салық органы) деректемелерін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес есептелетін және төлеуге жататын кедендік төлемдер;
Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес алынатын акциздер, қосымша құн салығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен уақытша шаралар ретінде енгізілгендерді қоспағанда, демпингке қарсы, қорғаныштық және өтемдік баждар.
Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебінен кедендік төлемдер мен салықтарды аванспен енгізуге құқығы бар. Кедендік төлемдер мен салықтарды олардың түрлері бойынша аванспен енгізу бюджеттік жіктеме кодтары бойынша жүргізіледі.
Кедендік төлемдер мен салықтарды, оның ішінде аванспен енгізілгендерін есептеуді төлеуші Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу, қосымша есептеу кезінде төлеушіге оның негізінде ол кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді жүргізетін Төлеу шоты (1-қосымша) беріледі.
Қазынашылық кеден органы мен бенефициар-салық органына күн сайын ұсынатын Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректері жоғарыда көрсетілген органдар үшін төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік бюджетке төлегендігін растау болып табылады.
Кеден органдары осы Ереженің 9-тармағына сәйкес Қазынашылықтың Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректерімен қоса төлеуге есептелген (есептелген, қосымша есептелген) кеден төлемінің немесе салықтың әрбір түрін салыстыру жолымен төлеушіден мемлекеттік бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсуінің уақытылығын және толықтығын бақылауды жүзеге асырады.
Төлеуші Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептерді бюджетпен салыстыру актісін (бұдан әрі - Салыстыру актісі) (3-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы.