Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы



Дата21.06.2016
өлшемі245.08 Kb.
#152507
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Филология институтының директоры

____________________Б. Әбдіғазиұлы

«_____» _____________2015 ж.



«6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015

Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D021300 – Лингвистика» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: Шаханова Р.Ә., Ильясова Н.А.
Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі:

___________

Р.Ә.Шаханова


ФИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


Г.М.Кенжебаева


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.




6D021300 – «Лингвистика» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтиханының бағдарламасы
Бағдарлама кәсіби пәндердің міндетті компоненті болып табылатын «Қазақ лингвистикасының ғылыми парадигмалары» пәнінің типтік бағдарламасы және «Функционалды лингвистика», «Тіл білімінің жаңа бағыттары», «Тіл және концепт» тәрізді элективті пәндердің бағдарламалары негізінде жасалды.

Сұрақтар бағдарламаның негізгі мазмұнына сай оқуға түсушілердің арнайы ғылыми дайындығын айқындауға көмектеседі. Түсу емтиханы лингвистика бойынша білімі, тіл білімінің қазіргі замандағы ғылыми парадигмасын түсіну, оның негізгі бағыттары мен мектептерін, ғылымның түсініктік-терминологиялық аппаратын, сондай-ақ, метологиясы мен жалпы және жекелеген әдістерін тексеру үшін құрастырылды.

Бұл бағдарламаның және сұрақтардың негізінде тіл теориясы бойынша үш сұрақтан қойылған емтихан билеттері дайындалды.
Бағдарлама мазмұны
«Қазақ лингвистикасының ғылыми парадигмалары»

Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Парадигма тіл білімінде бірнеше мағынада қолданылады: 1) кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген тілдік бірліктер тобы, 2) осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу моделі (үлгісі) мен схемасы (сызбасы). Тіл бірліктері тобының жүйесіне қарай парадигма морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және сөзжасамдық болып жіктеледі.

Антропоцентристік бағыттың өріс алуымен әрі танымдық ұстанымдардың маңыздылығымен «парадигма» ұғымының мағынасы айқындала түседі. «Парадигма» ұғымы еуропа ғылымында әртүрлі мағынада қолданылған. Ол алғашында латын тіліне грек тілінде жарық көрген теологиялық жазбалар мен риторикалық еңбектер арқылы енген. «Парадигма» ұғымы бастапқы кезде «жағымды, жағымсыз мысалдардың айтылуы»; «өмірден алған үлгілер» (итальян тілінде); «жүйе және заңдылық» (испан тілінде) деген сөздермен ұштасып беріліп келсе, кейін француз сөздіктерінде «мысал», ағылшын тілінде жазылған лексикографиялық зерттеулерде «үлгі немесе модель», «жалпы түсінік яки концепт», «лексеманың сөз түрлену мүмкіндіктерін айқындар септелу формалары» деген мағыналарда қарастырылған.



Тілдегі парадигмалық қатынастар. Тілдегі парадигмалық қатынастардан парадигматика пайда болған. Парадигматика тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің вертикаль (тік) қалпындағы қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы (тарауы). «Парадигма» ұғымы тіл білімі салаларының ішінде, әсіресе морфология саласында кеңінен қолданылады. Морфология саласында «парадигма» ұғымының кең қолданылатын жері морфологиялық категориялар. Белгілі бір тілде, мәселен қазақ тілінде қанша морфологиялық категория бар болса, сонша парадигмалық қатар бар деуге болады. Өйткені парадигма ұғымы жүйелік қатар дегенді білдіреді. Ал морфологияда категория болу үшін грамматикалық мағынаны білдіретін бірыңғай кемінде екі грамматикалық форманың болуы шарт. Екі қатардан ғана тұратын категорияға қазақ тілінде көптік категориясын жатқызуға болады.

Парадигматика. Парадигматикка парадигмалық қатынастарды, оларды топтастыруды, олардың таралу саласын қарастыратын тіл білімінің саласы ретінде ұғынылатын болса, онда оның тілдің деңгейлеріне де қатысы бар деп түсінген жөн. Мәселен, лексикалық парадигматика лексемалардың арасындағы түрлі қатынастарды қарастырады. Ондай қатынастар антонимдік немесе синонимдік болуы мүмкін. Кей лексемалар бір-біріне мағыналық жағынан жақын болса, кей лексемалар бір-біріне қарсы мағынада келеді. Міне, осындай тармақтық қатынасты парадигмалық қатынас дейміз. Парадигматика-әрбір деңгейдегі бірліктер арасындағы ассоциативтік байланыстың жиынтығы. Фонологиялық деңгейде бұл дауыстылар мен дауыссыздар арасындағы байланыс. Лексикалық деңгейде бұл синоним, антоним, лексика-семантикалық топтардың және гипоним (түсті білдіретін атаулардың- астындағы, төмендегі), гиперонимдер (үстіңгі, жоғарыдағы) арасындағы байланыс. Грамматикалық деңгейде бұл лексемалардың категориялық байланысын көрсететін граммемалардың арасындағы байланыс.

Методология. Антикалық әлемнің ойшылдары және көне түркі, көне үнді философтары тілдің адамның ойлауына, танымына қатысты айтылған сандаған терең мағыналы, бағалы пікірлерді қалдырды. Ежелгі адамдарға белгілі болған тілдің нысандары мен оны танудың амал-тәсілдерін зерттеу ісі 19-ғасырда қолға алынды. Тіл нысандарын танудың негізгі әдіс-тәсілдері Ф.Бопп, Я.Гримм, Р.Раск еңбектерінде басталды. Лингвистикалық теория мен методологияның арасындағы байланыс олардың бір-бірін толықтыруына жол ашады. Методология­-нысанды зерттеудің әдістері туралы ғылым. Лингвистикалық зерттеулердің әдістері мен тәсілдері заттың сипаты мен зерттеудің мақсатына сәйкес әртүрлі. Мысалы: синхронды, диахронды; ауызша және жазбаша сөз; лексика және фразеология; әдеби тіл және диалект; сөйлеу қызметінің психологиялық және әлеуметтік мәселелері т.б.

Ғылымның қазіргі қоғамдағы рөлі . Ғылымның рөлі адам танымен тығыз байланысты. Адам тіршілігіндегі қордаланған проблемаларды шешу үшін қоршаған ортаны танып-білуі-адамның ең маңызды қасиеттерінің бірі. Ғылым ғана адам өмірін өзгертіп, қоғам иесінің әрекеттерін жетілдіруге көмектеседі. Ғылым методологиясы -қоршаған орта мен адам қоғамын ғылыми танып-білудің жолдары мен әдіс-тәсілдері жайлы ілім. Тіл туралы ғылымның методологиясы адам танымындағы тілдің рөлін айқындайды. Лингвистика жетістіктері тілді дамытуға, тіл қызметін жетілдіруге оны оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгертуге көмектеседі.

Таным-адам әрекетінің бір түрі. Әрекет-адамның өз өмірінің материалды және рухани талаптарын қанағаттандырудағы адамның қоршаған ортамен саналы, шығармашыл, мақсатты түрдегі өзара бірліктегі іс-әрекеті. Танымдық әрекет табиғат пен қоғамның заңдары мен қоршаған ортадағы зат-құбылыстардың табиғаты жайында нақты білімді жинақтауға бағытталады. Танымдық әрекет арқылы заттың өзіне тән белгі-қасиеттерін тануға болады, қабылдау сезімі арқылы құбылыстың сырын ұғынуға болады. Мысалы, күннің күркірі, шөптің суылы, сөздің әсері, судың құрамы, тастың психикаға әсері, жемістердің адам ағзасына пайдасы, өсімдіктердің емдік қасиеті, адамның болмысы т.б.жайттар адамның танымы арқылы келеді.

Тіл -ғылыми таным негізі. Ғылым ретінде лингвистиканың нысаны-тіл. Көне Грекияда «тіл» деп адамның сезімі мен ойын жазбаша жеткізуін түсінді. Тіл туралы ілімді олар грамматиканы айтты. «Грамматика» деген терминнің өзі грекше «тіл құрылысы туралы ілім» дегенді білдіреді. Тек Ф.де Соссюрдің (1857-1913) еңбегінен кейін ғана тіл, оның құрылымы және қызметі туралы ғылыми түсінік қалыптасты. Ф.де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажыратып берді: ол тілдің табиғи сипаты мен функционалды сипатын ашты. Осыдан тіл туралы екі бағыт: ішкі лингвистика және сыртқы лингвистика деген бағыттар қалыптасты. Ішкі лингвистика тілдің табиғи қасиеттерін, ал сыртқы лингвистика тілдің функционалды қасиеттерін зерттейді.

Зерттеу әдістері. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.

Ғылыми танымның кезеңдері. Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары. Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл  түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше математикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.

Ішкі лингвистиканың нысандары. Ішкі лингвистика тілді оның табиғи қасиеттеріне тән жүйелі-құрылымды жағын зерттейді. Тілдің жүйесі 3 деңгейден тұрады: фонологиялық, лексикалық, грамматикалық. Бұлар тілдік жүйенің бірліктердің жиынтығы мен байланысу ережелерінен тұратын жабық бөлігі. Тілдік бірліктер- тілдік жүйенің тұрақталған элементтері, олар түрлі мағыналар мен қызметтерге ие.

Сыртқы лингвистиканың нысаны. Сыртқы лингвистика тілдің функционалды қасиетін зерттейді. Бұл қасиеттер «тіл және тілдік емес нысандар байланысы» деген жүйені құрайды, аталған жүйе адаммен, оның биологиялық құрылымымен және өмір сүру формасымен тығыз байланысты. Сыртқы лингвистика адам-қоғам-мәдениет деп аталатын үштік жүйенің байланысын зерттейді. Қазіргі тіл біліміндегі адам туралы ғылымның салаларына тілдің байланысу сипатына байланысты сыртқы лингвистиканың бірнеше түрлері бар. Психолингвистика. Сыртқы тілдің бұл саласы «тіл мен адам» арасындағы байланысты зерттейді. Психолингвистика психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны мен коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алынды. Әлеуметтік лингвистика. Бұл ғылым саласы «тіл және қоғам» арасындағы қатынас-байланысты зерттейді. Этнолингвистика немесе лингвомәдениеттаным (грекше: ұлт, халық). Сыртқы тілдің бұл саласы «тіл мен мәдениеттің» байланысын зерттейді. Паралингвистика (грек тілінде: жақын, ішінде). Бұл ғылым саласы «тіл және қатынастың тілдік емес белгілерінің» арасындағы байланысты зерттейді. Ареальды лингвистика (латынша: кеңістік, алаң). Бұл ғылым саласы «тіл және территория» арасындағы қатынасты зерттейді, яғни коммуникативтік жүйедегі территориялық сөйлеу ерекшеліктерін қарастырады. Биолингвистика немесе нейролингвистика. Бұл «тіл мен адам биологиясы» арасындағы байланысты, яғни тілдік жүйенің тілдік мінез-құлықпен байланысын зерттейді. Когнитивтік лингвистика (латынша: тану, білу). Тілдің бұл саласы «тіл мен ойлау» арасындағы байланысты зерттейді.

Лингвосаясаттану. Қазіргі тіл біліміндегі қоғамның саяси-экономикалық үрдісінің қарқынды дамуымен сабақтас, қажеттіліктен туындаған заманауи бағыт – лингвосаясаттану саласының пән ретінде қалыптасу тарихы мен зерттеу нысаны, мақсат-міндеттерін, ғылыми ұғымдық қоры мен басқа ғылым салаларынан айырмашылығын, ұқсастығын айқындау. Лингвосаясаттану пәнінің теориялық негіздерін, зерттеу өзектілігін, басты өкілдері мен осы сала бойынша зерттеген ғалымдардың тұжырымдарына талдау жасау. Қазақ саяси тілінің функционалдық, қолданбалы қызметі мен тәжірибеде қызмет ету деңгейін салыстыра зерттеу.

Орыс және қазақ лингвосаясаттану ғылымының даму үрдісін салыстырмалы түрде анықтау, қазақтың би, шешендерінің билік тілін терең талдай отырып, қазіргі дипломаттар мен шенеуліктердің кәсіби тілін, сөздік қорын, саяси дискурсы мен оның халыққа жеткізу прагматикалық шеберлігін талдап қарастыру. Саяси лингвистиканың қалыптасуы және дамуының бастапқы сатылары Саяси коммуникацияны дәстүрлі шешендік өнер және стилистика аясында зерттеу. Лингвосаясаттану ғылымының тарихы (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары және 60-80 жылдары). Саяси коммуникацияны зерттеудің аспектілері: тілдік, мәтіндік, дискурстық феномендерді зерттеу. Саяси коммуникацияны зерттеудің аспектілері: тілдік, мәтіндік, дискурстық феномендерді зерттеу.

Көшбасшылардың идиостилі мен саяси бағыттар мен партиялардың дискурстық қорын зерттеу. Лингвосаясаттанудың әдіснамалық бағыттары: саяси тілді зерттеудің когнитивтік бағыты. Саяси тілді зерттеудің риторикалық бағыты. Саяси тілді зерттеудің дискурстық бағыты. Саяси дискурс ерекшеліктері. Саяси дискурстық мәтінге лингвистикалық талдау.

Әлеуметтік тіл білімі. Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистиканың лингвосаяси сипаты мен маңызы тіл білімінің ғана емес, мемлекеттің де өзекті мәселесіне айналып отырғандығы. Қазақ тіл білімінде әлеуметтік лингвистиканың басты зерттеу бағыттары: мемлекеттік тілді ұлттық дамудың басты құралына айналдыруы, қостілділік, тіл саясаты, гендерлік лингвистика, тіл экологиясы, т.б.

Лингвомәдениеттану. Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде тілді тек тіл жүйесі ауқымында зерттеп қоймай, сонымен бірге тіл мен мәдениет байланысын, оның ішіндегі тіл иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру. Лингвоелтану. Лингвоелтану – тіл үйретуді негізге ала отырып, сол үйреніп отырған ел туралы деректер беру бағыты. Лингвоелтанымның басты мақсаты – түпнұсқа мәтіндерді және серіктесінің сөзін қабылдай отырып, мәдениаралық қатысым актісіндегі коммуникативтік құзіреттілікті қамтамасыз ету.

Тіл біліміндегі «тіл-сөз» мәселесі. Тіл мен сөз функциялары. Тіл жүйесі мен сөйлеу әрекеті. Тіл мен сөзді шексіздендірудегі әртүрлі көзқарастар. Тіл мен сөздің арасындағы функцияларды бөлу.

Когнитивті лингвистика. Когнитология (когнитивистика) және когнитивті лингвистика тарихы. Когнитивистика және когнитивті лингвистиканың (КЛ) пәнаралық мінездемесі. КЛ бірліктері, когнитивті категориялар мен когнитивті процестер. Когнитивтік лингвистиканың когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, сондай – ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекеттердің жүзеге асуын қарастыратындығы. Тілдік таңба арқылы кодқа салынған ақпараттарды ашып немесе ақпараттарды кодқа салу тәрізді әрекеттер когнитивтік лингвистиканың құзырына жататындығы.



Концепт – когнитивтік лингвистика ғылымының басты категориясы. Концепт тіл мен таным бірлестігі арқылы дүниені жан-жақты тануға, сонымен қатар ұлттық-танымдық мәдениетті зерделеп ұғынуға ықпал ететін, адам санасында жинақталған аялық білімінің шоғыры, тілдік-танымдық бірлік. Тілдің когнитивтік кеңістігінде «Адам» концептісі әр түрлі тілдік бірліктер арқылы берілуі. «Ойсурет» концептісі. Фрейм» концептісі. «Схема» концептісі. Фрейм концептісінің ойсурет концептісіне ұқсастығы және айырмашылықтары. Ойсурет концептісінде статикалық күй басым болса, фреймде динамикалық күй басым екендігі. Бұл концептінің жазықтық, кеңістік, биіктік, өлшем, уақыт семаларының объективтенуі арқылы жасалатындығы.

«Логикалы-ұғымдық» концептісі. Адамның ішкі дүниесін, сезімін, көңіл-күйін білдіретін фразеологиялық теңеулер осы концептіге жатқызылатындығы. Ол махаббат, қуаныш, реніш, қайғы, қатыгездік, бақыт т.б. жеке-жеке концептілерді қамтитындығы.

Антропоцентристік парадигманың өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашатындығы. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән беретіндігі: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет ету т.б.

Қазіргі замандағы тіл біліміндегі жүйе мен құрылым түсініктері. Тіл білімінің негізгі мәселелері. Тіл білімі нысанының мәселелері, тіл мен сөйлеудің, тіл мен ойлаудың, тіл мен ақиқат-шындықтың, мағына мәселелерінің арақатынасы. Тілдің жүйесі мен құрылымы түсінігі. Заманауи лингвистикалық ғылым парадигмасындағы қазақ тіл білімі. Европалық, америкалық, орыс және қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттар. Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үрдістер. Тілдегі норма және тіл бірліктерінің варияциясы. Қазақ тілінде сөйлеу кезіндегі өзгерістер. Лексиканың дамуындағы, фразеологиядағы, сөзжасам жүйесіндегі, морфологиядағы және синтаксистегі негізгі тенденциялар. Ауызекі, кітаби және жазбаша, ауызша тілдегі өзара байланыстар.

Тілдік қарым-қатынастағы торап ретіндегі құрылым. Қазақ тілтануындағы жүйелік-құрылымдық және функционалдық бағыттар. Қазақ тілін танытудың мінездемесі мен зерттеудің әдістері. Жүйе мен құрылым түсінігі. Жүйенің белгілері. Жүйе, деңгей, код, норма, модель. Жүйелік қалыптың типологиясы. Құрылым: онтологиялық бағыттық, гносеологиялық бағыттық және тілдік қатынастар (деңгейаралық, деңгейішілік).

Тілдің статикасы мен динамикасының қатынасы. Статика және жүйе. Даму динамикасы мен функция динамикасы Статика мен динамика және синхрония мен диахрония. Даму: Тілдегі өзгерісті дайындау және оның эволюциясы. Функциялау: тіл бірліктерін өндіру және қолдану.

Қазіргі заман лингвистикасының негізгі ғылыми ұстанымдары. Жүйелік, экспансионизм, антропоцентризм, этноцентризм, экспланаторлық, функционализм, когнитивизм, интеграция ұстанымы.

Құрылымдық лингвистиканың бағыттары. Құрылымдық лингвистиканың американдық мектебі. Құрылымдық лингвистиканың даниялық мектебі. Құрылымдық лингвистиканың прагалық мектебі. Генеративті грамматиканың стандартты теориясы, модульді көзқарас, басқару теориясы. Миинимализм – генеративті грамматиканың қазіргі заманда даму кезеңіндегі ерекшелік.

Қазақ тіл біліміндегі номинативті теориялар мен олардың қазіргі тіл білімі парадигмасындағы орны. Номинативті деривация теориясы. Сөйлеу әрекетіндегі номинация теориясы. Қазақ синтаксисін сипаттаудың және оның логика-синтаксистік бірліктері негізінің когнитивті-номинативті моделі.



Функционалды лингвистика: оның нысаны, көзқарасы, бағыттары. Функция мен функциялау түсінігі. Функционалды көзқарас пен функционалды теориялар. Функционалды лингвистика мектептері: бастаулары, бірліктері, категориялары. Когнитивті-коммуникативті лингвистика және оның бірліктері. Коммуникативке дейінгі және коммуникативті бірліктер: синтаксема, айтылым, мәтін, оның классификациясы.

Функция ұғымы. Прага структуралистерінің тіл дүние танымдық құралы, ол мәдениетпен, көркемөнермен, әдебиетпен тығыз байланысты, тілді өзімен өзі тұйықталып жатқан автономиялы дүние деп санау дұрыс еместігі, тіл жүйесінің бір қалыптан аумайтын, өзгермейтін синкрондық қана жүйе деп қараудың қателігі, жүйеде үнемі өзгеріп отырады деген пікірі.



Функционалды грамматиканың жалпы мәселелері. Функционалды грамматиканың тілдік жүйе мен оның элементтерінің қалай, не үшін қызмет ететіндігін айқындауды мақсат етуі; тілдік бірліктердің сөйлеудегі жұмсалым потенциалын оны жүзеге асыратын ортамен байланыста қарастыруы; әр түрлі тіл деңгейі бірліктерінің қызметі жағынан өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі сияқты т.б. мәселелерді зерттейтіндігі. Ал дәстүрлі грамматикада грамматикалық категориялар қарастырылып, грамматикалық мағына беретін грамматикалық формалар жеке дара, ал “мазмұннан ® формаға қарайғы” бағытта мазмұнды беруге қатысатын тілдік бірліктердің жұмсалымы кешенді түрде талдауға түсетіндігі.

Мазмұнды жеткізу үшін тілдік жүйеден алынған бірліктердің өріс түзетіндігі. Тілдік бірліктер өріске семантикалық функциясының ортақтығы негізінде бірігетіндігі. Функционалды грамматика аясына енетін семантикалық функция тілден тыс объективті шындықпен сәйкестеніп, өз бойына “мағыналық мазмұн” (смысловое содержание) элементтерін жинақтайтындығы. Әр түрлі деңгейге жататын тілдік құралдардың белгілі бір мағынаны, ойды жеткізу үшін бірлесе қызмет етуі. “Тілдік бірліктердің жұмсалымы” дегеніміз, біріншіден, сөйленім мағынасын беру үшін сөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажетті тілдік құралдарды таңдауы; екіншіден, тіл жүйесінің әр түрлі деңгейіне жататын бірліктер қызметінің өзара әрекеттес келуі; үшіншіден, потенциалды функцияның нәтижелі функцияға айналуы.



Тілді функционалды тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдары. Тілді функционалдық тұрғыдан зерттегенде, сөйлеу барысындағы грамматикалық бірліктердің қызметіне баса назар аударылатындығы. Ұғымдар мен олардың тілдегі көрінісі сарапталатындығы, сөйлеуші санасындағы коммуникативті маңызды категориялардың тексерілетіндігі. Олардың тіл құрылымындағы өзіндік орны. Белгілілік/белгісіздік категориясының ұғымдық категорияға жататындығы. Белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік категория ретінде өте күрделі құбылыс болып табылатындығы. Функционалды-семантикалық категория ретінде оның басқа категориялармен тығыз байланыста қарастырылып, сана жұмысына байланысты сөз болатындығы. Тілдік категория ретінде оның тілдік семантика, ұйымдасу тәсілдері, берілу жолдары тұрғысынан сипатталуы.

Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдары. Белгілілік/белгісіздік мәндерінің жиынтығы тілдік бірліктердің көптүрлілігімен ерекшеленетіндігі. Тема мен рема барлық сөздерге түгелдей қатысты болса, белгілілік/белгісіздік зат есімге ғана қатысты болатындығы. Рема құрамында белгісіз зат есімнің қолданылуының жүйелі сипат алатындығы. Белгілілік/белгісіздік семантикалық категориясының негізгі белгісі адамның сөйлеу қызметімен, нақты коммуникация актімен байланыстылығы. Белгілілік/белгісіздік оппозициясы бір зат не құбылыс туралы сөйлесушілердің, коммуникация мүшелерінің хабардар болуы негізінде көрініс табатындығы.

Функционалды-грамматикалық сипаттама түрлері. Белгілілік/белгісіздік семантикалық категориясының тілдің түрлі деңгейлерінде көрініс тауып, белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық өрісін түзетіндігі. Белгілілік және белгісіздік мәндерінің берілу жолдарын айқындауда даралау, жинақтау, жалпылау, нақтылау, тұтастық жағдаяттары. Белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының жекелеген мәндері - белгілілік те, белгісіздік те түрлі деңгейдегі құралдар арқылы көрініс табатындығы.



Грамматикалық және ұғымдық категориялар. Контекст түрлері грамматикалық тұлғалардың нақты белгілі бір қызметте қолданылу мүмкіндігін сипаттайтындығы. Контекст тілдік бірліктердің грамматикалық мағыналарының негізгі шарты болып табылатындығы.
Белгілілік/белгісіздік категориясының арнаулы көрсеткіштері (артикль) болмағанмен, ол тілдің бірнеше деңгейлеріндегі құралдар арқылы көрініс табатындығы. Белгілілік/белгісіздік категориясын білдіретін лексикалық құралдар –белгісіздік, сілтеу, жіктеу есімдіктерін, морфологиялық құралдар ретінде табыс септігі мен ілік септік жалғауларының түсіп қалуы, синтаксистік құралдар ретінде интонация, сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің актуалды мүшеленуі. Белгілілік/белгісіздік категориясы тілдің бірнеше қабатындағы құралдар арқылы берілгенмен, мағынасының ортақ болуына байланысты бір функционалды-семантикалық өріс аясына біріктірілетіндігі.

Функционалдық грамматиканың өріс теориясына негізделетін негізгі ұғымдары. Функционалды грамматика принциптеріне сәйкес белгілілік/белгісіздік категориясын құрайтын белгілер: 1) оның семантикалық инварианты болуы, оның варианттар жүйесінде қызмет; 2) оның тілдік жүйенің ең болмағанда екі деңгейін қамтыған өзіндік берілу жолдары болуы; 3) семантикалық даралау белгілерінің тілдің түрлі деңгейлерінде көрініс табуы. Белгілілік/белгісіздік категориясы - темпоралдылық, аспектуалдылық т.б. категориялармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерге бай функционалды-семантикалық категория болып табылатындығы. Оның шақ, жақ мәндерін қамтитындығы.

Сөйлеу әрекетінің теориялары. Сөйлеу әрекеті адам әрекеті формасы ретінде. Сөйлеу әрекетінің семантикалық аспектісі. Сөйлеу әрекетінің грамматикалық аспектісі. Сөйлеу әрекетінің фонетикалық аспектісі. Сөйлеу әрекетінің лингвистикалық пайымдаулары. Сөйлеу әрекеті, сөз және тіл. Тіл жүйесі мен сөйлеу әрекетінің арақатынасы. Тіл мен сөйлеу әрекетінің функциялары. Интегративті лингвистикадағы тіл мен сөйлеу біртұтастығы.

Сөйлеу актілерінің теориялары. Сөйлеу коммуникациясының моделі. Сөйлеу коммуникациясының психологиясы. Адамдар коммуникалдығының негізгі түрлері. Сөйлеу актілерінің стандартты теориялары. Иллокутивті күш пен коммуникативті мақсат. Сөйлеу актілерінің теориясының нысаны ретіндегі иллокуция. Сөйлеу актілерінің классификациясы мен етістіктер. Сөйлеу актілерінің теорияларындағы аналитикалық әдіс.



Коммуникативті грамматика: тілге деген коммуникативті көзқарас, коммуникативті грамматиканың бірліктері. Академиялық грамматика. Функционалды-коммуникативті грамматика қазақ тілін оқыту моделі ретінде. Жалпытеориялық и методологиялық негіздер. Мазмұнды нысандар мен тіл бірліктері. Формальды нысандар мен функционалды-коммуникативті синтаксистің бірліктері. Мәтін функционалды грамматиканың және оқыту бірлігінің нысаны ретінде. Коммуникация жасаудың тілдік механизмдері.

Лингвистиканың нысаны ретіндегі мәтін. Мәтіннің типтері мен түрлері. Сөйлеу регистрлері. Сөйлеу ситуациялары. Мәтін теориясы мен тіл үйрету. Коммуникациядағы мәтін. Мәтін бірліктері, оның грамматикалық құрылымы. Тілдік байланыстың мүмкіншіліктері мен түрлері. Мәтіннің грамматикалық категориялары. Мәтіндер типологиясы.

Дискурс. Феноменологиялық көзқарас. Ақпараттық теория тұрғысындағы дискурсты зерттеу. Психологиялық негіздер. Семиотико-символикалық көзқарас. Интерпретативті анализ. Дискурстағы ақпарат түрлері. Дискурстың тілдік және тілдік емес мүмкіншіліктері. Мәтін коммуникативті грамматиканың бірілігі ретінде, оның категориялары, регистрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. Основы теории казахского языка. Құрастырған Аманжолов А.С. Алматы «Ғылым» 2002. 366 бет.

  2. Амирова Т.А. Из истории лингвистики XX в. - М., 1999.

  3. Апресян Ю.Д. Идеи и методы современной структурной лингвистики. - М., 1966.

  4. Апресян Ю.Д. Избранные труды. Т.1. Лексическая семантика. Т.2. Интегральное описание языка и проблемы лексикографии. - М., 1995.

  5. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. - М., 1999.

  6. Ахманова О.С., Мельчук И.А., Падучева Е.В., Фрумкина Р.Н. О точных методах исследования языка. - М., 1961.

  7. Аханов К. «Тіл біліміне кіріспе», Алматы, 1962ж., Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы.

  8. Бизақов С. Қазақ тілі қандай тіл? –Алматы, Арыс, 2010.- 218 б.

  9. Бондарко А.В. Функциональная грамматика. - Л., 1984.

  10. Бюлер К. Теория языка: Репрезентативная функция языка. - М., 2000.

  11. Васильев Л.М. Общие проблемы лингвистики. - Уфа. 1998.

  12. Всеволодова М.В. Теория функционально-коммуникативного синтаксиса. Фрагмент прикладной (педагогической) модели языка. - М.: МГУ, 2000.

  13. Гак В.Г. Языковые преобразования. - М., 1998.

  14. Глисон Г. Введение в дескриптивную лингвистику. - М., 1959.

  15. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. - М., 1984.

  16. Жаналина Л.К. Актуальные проблемы языкознания. Теория. Учебно-методический комплекс дисциплины. Учебное пособие. – Плматы: Print-S, 2006.

  17. Золотова Г.А., Онипенко Н.К., Сидорова М.Ю. Функционально-коммуникативный синтаксис. - М., 1997.

  18. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым.1999.

  19. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы «Ана тілі » 1998ж. 304 бет.

  20. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы «Ғылым» 1998. 140 бет.

  21. Манкеева Ж.А. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным 2001 №4. 39-43б.

  22. Макаров М.Л. Основы теории дискурса. - М., 2003.

  23. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 472 б.

  24. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика). А., 1962.

  25. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. А., 1991.

  26. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистиканың зерттелуі. Жұлдыз. 2008.

  27. Оразалиева Э. Танымдық қазақ тілі.Алматы «Мұрагер» 2005. 176 бет

  28. Оразалиева Э. Когнитивті лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы. Алматы, «Ан-Арыс»2007.

  29. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2003.

  30. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы, 1982. – 350б.

  31. Общее языкознание. Формы существования, функции, история языка / Отв. Ред. Б.А. Серебренников. М., 1970.

  32. Общее языкознание. Внутренняя структура языка / Отв. ред. Б.А. Серебренников - М., 1962.

  33. Общее языкознание. Методы лингвистических исследований / Отв. ред. Б.А. Серебренников. - М., 1973.

  34. Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. - М., 2000.

  35. Мечковская Н.Б. Общее языкознание. Структурная и социальная типология языков. – М., 2001.

  36. Солнцев В.М. Язык как системно-структурное образование. 2-е изд. - М., 1968.

  37. Соссюр Ф. де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. - М., 1977.

  38. Степанов Ю.С. Семиотика. В 2-х т. - Благовещенск, 1996.

  39. Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. - М., 1975. 2-е изд. - М., 2001.

  40. Степанов Ю.С. Основы языкознания. – М., 1966.

  41. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 261б.

42.Әмірбекова А. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. –Алматы: Елтаным баспасы, 2011.-204 б.

43. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Минск.: Тетра Системе, 2004. – 225с.

44. Уәли.Н. Қазақ сөз мәдениетінің негіздері. –Алматы, 2007. -238 б.

45.Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. –Алматы, 2009. -279 б.

46.Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. 1 том. – Алматы, 2010. – 720 б.

47.Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. 1 том. – Алматы, 2011. – 828 б.



СҰРАҚТАР

  1. Тіл біліміндегі парадигма ұғымы және оның түрлері

  2. Парадигматика –тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

  3. Лексемалардың арасындағы лексикалық парадигматикалық қатынастар

  4. Тілдің субстанционалды қасиеті

  5. Тілдің функционалды қасиеті

  6. Тіл– ғылыми таным құралы ретінде

  7. Тілдің табиғи қасиеттеріне тән жүйелі құрылымы

  8. Сыртқы лингвистикадағы «тіл және тілдік емес нысандар» байланысы

  9. Когнитивтік лингвистикадағы концептілік құрылым

  10. Биолингвистикадағы «тіл мен адам биологиясы» арасындағы байланыс

  11. Психолингвистикадағы «тіл мен сөйлеу» арақатынасы

  12. Әлеуметтік лингвистикадағы «тіл мен қоғам» байланысы

  13. Этнолингвистикадағы «тіл мен мәдениет» байланысы

  14. Паралингвистикадағы «тіл және қатынастың тілдік емес белгілерінің» арасындағы байланыс

  15. Ареалды лингвистикадағы «тіл және территория» арасындағы қатынас

  16. Тілдің статикалық мен динамикалық қалпы

  17. Лингвосаясаттану саласының қалыптасу тарихы мен зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері

  18. Тіл білімінің негізгі мәселелері: тілдің жүйесі мен құрылымы.

  19. Тіл жүйесі мен сөйлеу әрекетінің арақатынасы

  20. Ғылыми таным парадигмалары

  21. Коммуникация жасаудың тілдік механизмдері.

  22. Морфемалар арасындағы парадигмалық қатынастар

  23. Концепт туралы түсінік және оның тілдегі көрінісі

  24. Дискурс пен мәтіннің өзіндік белгілері

  25. Лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихологиядағы антропоцентристік парадигма

  26. Тіл мен сөйлеу және мәтін арақатынасы

  27. Саяси лингвистиканың қалыптасуы және дамуының бастапқы сатылары

  28. Саяси коммуникацияның дәстүрлі шешендік өнер және стилистика аясында зерттелуі

  29. Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистиканың лингвосаяси сипаты мен маңызы

  30. Мәтін бірліктері және грамматикалық құрылымы

  31. Салғастырмалы және контрастивті тіл білімі

  32. Синтаксема және оның функционалды түрлері

  33. Саяси коммуникацияны зерттеудің тілдік феномені

  34. Саяси коммуникацияны зерттеудің мәтіндік феномені

  35. Тілдегі парадигмалық қатынастар

36.Лингвосаясаттанудың әдіснамалық бағыттары: саяси тілді зерттеудің когнитивтік бағыты.

37.Саяси тілді зерттеудің риторикалық бағыты.

38.Саяси тілді зерттеудің дискурстық бағыты.

39.Саяси дискурстың тілдік ерекшеліктері.

40. Ұлттық танымдық мақсаттағы сөздердің мағынасы

41. Терминдердің когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттелуі

42. Қазіргі лингвистикадағы зерттеу әдістері мен әдіснама

43. Когнитивті лингвистиканың қарастыратын мәселелері.

44. Тіл – қандай да бір ұлттық дүниетанымның, тарихының көрінісі

45. Көркем мәтіннің тартыс жүйесіндегі қарама-қарсылықтың көркемдік бірлігі

46. Мәтін деңгейіндегі қарама-қарсылықты мағына

47. Көркемдік ерекшелік пен танымдық лексиканың арақатысы

48. Ұлттық танымдық лексиканың мәтіндегі қолданысы

49. Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы.

50. Лингвоелтанымдық бағыттың негізгі мақсаты

51. Жай сөйлем деңгейіндегі қарама-қарсылықты мағына

52. Қарама-қарсылықтың табиғаты және оның логикалық жүйеден тілдік жүйеге ауысуы

53. Тіл мен этнос мәдениетінің сабақтастығы

54. Қазақ дүниетанымының берілу формалары және тілдегі көрінісі

55. Қарама-қарсылықтың табиғаты және оның логикалық жүйеден тілдік жүйеге ауысуы

56 Тілтаным мен дүниетаным тұтастығы

57. Гендерлік лексика – әйел мен еркек тілінің белгілері.

58. Ұлттық танымдық мақсаттағы сөздердің мағынасы

59. Қарама-қарсылықты мағынаның тілдік көрінісі

60. Номинативті деривация теориясы.

61. Мәтіннің негізгі категориялары

62. Мәтін теориясының өзектілігі.

63.Функционалды лингвистиканың тіл білімінен алатын орны.

64.Функционалды лингвистика жайлы шетел, орыс және қазақ ғалымдарының айтқан ой пікірлері.

65.Функционалды лингвистика мен генеративтік грамматиканың айырмашылықтары.

66.Функционалды грамматика лингвистиканың зерттеу нысаны ретінде.

67.Функционалды лингвистиканың басқа пәндермен байланысы.

68.Прагмалингвистика –лингвистикалық зерттеулердің маңызды бір бөлшегі.

69.Лингвопрагматикадағы ағымдар туралы.

70.Мәтін –лингвистикалық бірлік ретінде.

71. Дискурстағы ақпарат түрлері. Дискурстың тілдік және тілдік емес мүмкіншіліктері.

72 Мәтін –коммуникативті грамматиканың бірлігі және оның категориялары.

73.Функционалдық грамматиканың өріс теориясына негізделетін негізгі ұғымдары.

74. Коммуникативті грамматиканың бірліктері.

75.Тілдің танымдық және коммуникативтік сипаты

76.Тілдің құрылымдық және жұмсалымдық қызметі

77. Тілдегі норма және тіл бірліктерінің варияциясы

78.Функционалды грамматикалық сипаттама және оның түрлері.

79. Лексиканың дамуындағы, фразеологиядағы, сөзжасам жүйесіндегі, морфологиядағы және синтаксистегі негізгі тенденциялар

80.«Мағынадан формаға қарайғы» бағыттағы функционалды грамматикалық сипаттама.

81.Аралас бағыттағы функционалды грамматикалық сипаттама.

82. Тіл мен сөйлеу әрекетінің функциялары.

83. Функция ұғымы және құрылымдық, семантикалық функциялар.

84. Сөйлеу коммуникациясының психологиясы.

85.Фукнционалды семантикалық өріс құрылымы (ядро, перефирия).

86. Интегративті лингвистикадағы тіл мен сөйлеудің біртұтастығы.

87. Сөйлеу коммуникациясының моделі.

88.Мәтін бірліктері, оның грамматикалық құрылымы.

89.Белгілілік/белгісіздік – семантикалық категория

90.Белгілілік/белгісіздік категориясын білдіретін лексикалық құралдар

91.Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдары.

92.Функционалды грамматиканың жалпы мәселелері.

93.Сөйлеу әрекетінің семантикалық аспектісі.

94.Сөйлеу әрекетінің грамматикалық аспектісі.

95.Сөйлеу әрекетінің фонетикалық аспектісі.

96.Құрылымдық лингвистиканың бағыттары

97.Сөйлеу әрекетіндегі номинация теориясы.

98.Тілді синхрониялық және диахрониялық бағытта зерттеу.

99.Қазіргі заман лингвистикасының негізгі ғылыми ұстанымдары.

100. Концепт – когнитивтік лингвистика ғылымының басты категориясы.

101. «Адам» концептісінің әр түрлі тілдік бірліктер арқылы берілуі.

102.«Логикалы-ұғымдық» концептісі.

103.Тілдердің әлеуметтік типологиясы

104.Тілдің танымдық сипатының моделі

105.Дискурс –пәнаралық бірлік ретінде



106.Қазіргі лингвистиканың іргелі бағыттары

107.Қазіргі тіл біліміндегі антропоцентризм және этнопоцентризмнің танылуы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет