«Бекітемін» «Геолог» мәдениет Үйі директоры С. А.Қалиев 2022 жыл



Дата04.09.2022
өлшемі48.5 Kb.
#460195
Ереже Жерлестер жаңғырығы 2022


«Бекітемін»
«Геолог» мәдениет Үйі директоры
________________С.А.Қалиев
«___ »____________ 2022 жыл

V қалалық «Жерлестер жаңғырығы» атты мектеп оқушылары мен арнаулы орта оқу орны, ЖОО, жастар арасында жерлес ақындарымыздың өлеңдерін (жатқа) оқу байқауы


ЕРЕЖЕСІ
«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Геолог» мәдениет Үйі 2022 - жылғы қыркүйек айының 28-і күні сағат 1100-де Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай Ақтөбе облысынан шығып, көпшілікке танымал болған, жерлес ақындарымызды ұлықтау мақсатында мектеп оқушылары мен арнаулы орта оқу орны, ЖОО арасында (онлайн,офлайн) қатысуға дәстүрлі Y ашық «Жерлестер жаңғырығы» атты ақындар өлеңдерін (жатқа) оқу байқауын өткізеді. 

І. Байқаудың негізгі мақсаты:

  • Ақтөбе облысынан шығып, көпшілікке танымал болған. жерлес ақындарымызды ұлықтау;

  • Халықтың жүрегінен орын алған жерлес ақындарымыздың өлеңдерін жастар арасында кеңінен насихаттау;

  • Талапты, талантты жастарға жол ашу, қазақ әдебиетін дамытуға атсалысу.



II. Байқаудың шарттары:
- Ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу;

  • Қатысушылар, оқитын шығармасының жазбаша нұсқасын өзімен бірге алып келуі тиіс;

  • Шығармалардың жиі қайталанбауына мән беру (Тың тақырып таңдау):

  • Осы байқаудың былтырғы жылғы жеңімпазы (Бас жүлде иегері) байқауға қатыса алмайды;


III. Байқаудың өту барысы:
- Байқауда қатысушы жатқа бір өлең оқуы тиіс
- тақырыпқа сай
- Видеоны 📲87758532514 нөміріне Телеграмм,ватсап желісі арқылы жіберу (📌сапалы 1 видео)
VI. Байқаудың бағалау талаптары:
Байқауда қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың: 
- Өлеңді оқу шеберлігіне; 
- Сахна мәдениетінің сақталуына;


- Сахналық киім үлгісіне;
- Дауыс мәнеріне және тіл тазалығына
- Өлеңді таңдау талғамына аса мән береді.
- Қатысушылар 6-9 жас, 10-13 жас, 14-17 жас,18-29жас аралықтары бойынша бағаланады.


Қазылар алқасы қандай да жүлделі орынды бермеуге, бір жүлделі орынды екі қатысушының арасында бөлуге құқылы.
Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және талқылауға жатпайды!

Байқауға қатысу үшін өтініштер қабылдау немесе тіркелу /үлгіге сәйкес/:


20-қыркүйек тоқтатылады. Ескерту: берілген кестені өзгертпеу.



Қатысушының
АЖТ

Жасы

Орындайтын шығармаларының атауы (авторы)

Оқу орыны
атауы

Жетекшісі

Жетекшісінің және қатысушының байланыс
телефондары (үй, ұялы)

1





















Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатынын ескертеміз

Байқауға қатысу жарнасы 3000 (үш мың) теңге.


Жарна, жүлде қорына және ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалады. Байқау жарнасын қатысу өтінішін бергеннен кейін төлеуге болады.(Төлем жасалғанда қатысушының аты-жөні жазылуы міндетті)
Kaspi банк терминалдарынан каспий голдқа төлем жасау үшін kaspi.kz мобильдік қосымшасынан 87758532514 номеріне аударым жасауға болады. Төлем қабылдаушы: Ноғаева Ақторғын


Тіркелу немесе өтініштер жолдау үшін «Геолог» мәдениет Үйіне хабарласыңыз:


Қарғалы селосы, Матросов көшесі, 30 А.
Тел/факс: 98-63-26. эл.пошта: bibka_n1970@mail.ru Тел: 87765568497

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет