«Бекітемін» Жұмыс оқу жоспарларымен бағдарламалар комитетінің төрағасы Г. Ж.Қизатова



Дата07.07.2016
өлшемі248.12 Kb.
#183279
«Бекітемін»

Жұмыс оқу жоспарларымен

бағдарламалар комитетінің төрағасы

______________Г.Ж.Қизатова

«_____» «__________» 20__ж.

Элективті пәндер каталогы

2011-2012 оқу жылы
Факультет : Филология

Кафедра : Қазақ әдебиеті және журналистика

Мамандықтың шифрі мен атауы : 5В050400 - «Журналистика»
Элективті пәндер

(таңдау бойынша)




1 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК-1211

а)Әдебиеттануға кіріспе

б)Әдебиет теориясының негіздері



Тұяқбаев Ғ.

Тұяқбаев Ғ.



3

2


1а. Пәннің атауы: Әдебиеттануға кіріспе
Пререквизиттер: «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқу үшін студенттің орта мектеп көлемінде әдебиет пәнінен алған білімі жеткілікті.

Құзырлылығы: Пәннен сабақ жүргізу барысында тарих, тіл білімі, философия, эстетика, халықтық педагогика, психология т.б. ғылымдармен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Постреквизиттер: 1. Қазақ әдебиетінің тарихы

2. Публицистің шығармашылық негізері.

3. БАҚ тілі мен стилі.

Құзырлылығы: Бұл пән студенттерді әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік-эстетикалық танымын қалыптастыру, көркем туындылы талдау, бағалау жолдарына машықтану мақсатын көздейді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дәріс барысында әдебиет туралы ғылымның тарихы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшелігі, туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұн мен пішін, композиция мен сюжет, тип, типтендіру, көркем шығарманың тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар, стиль мәселесі, т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.

Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ғ.Тұяқбаев

1б. Пәннің атауы: Әдебиет теориясының негіздері
Пререквизиттер: Орта мектеп көлемінде алған білімі.
Құзырлылығы: Әдебиет туралы ғылымның тарихы жайлы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар, стиль мәселесі т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.
Постреквизиттер: 1. Қазақ әдебиетінің тарихы

2. Публицистің шығармашылық негіздері.

3. БАҚ тілі мен стилі.

Құзырлылығы: Кеңестік дәуірдегі әдебиеттану ғылымында өнер, әдебиет мәселелеріне партиялық, яғни саясат тұрғысынан қарау басым болғаны белгілі, десек те ондағы кемшіліктермен қатар өзіндік жетістіктері де ескеріледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Пән студенттердің білімдерін жаңа теориялық ұғымдармен толықтырып, өнердің, әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ғ.Тұяқбаев



2 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК-2201

а) Баспасөздегі компьютерлік технология және фотожурналистика

б) Мерзімді басылымды безендіру ісі



Ермағанбетова З.

Ермағанбетова З.



3

3

2

БП

ТК-2203

а) Егемен елдің еркін баспасөзі

б) Сыр өңірі журналистикасының тарихы

мен тәжірибесі


Әшірбекова Г.

Әшірбекова Г.



3

4

3

БП

ТК-2204

а)Әдебиеттануға кіріспе

б)Әдебиет теориясының негіздері



Тұяқбаев Ғ.

Тұяқбаев Ғ.



3

4

4

БП

ТК-2205

а) Қазіргі қазақ тілі

б) Орфография және пунктуация мәселелері



Бахтиярова С.

Бахтиярова С.



3

4


1а. Пәннің аты: Баспасөздегі компьютерлік технология және фотожурналистика
Пререквизиттері: Бұл курс болашақ журналистерге компьютерлік технологияның жетістіктерін баспасөзде пайдалану және оның қыр-сырын меңгеріп шығуға көмегін тигізеді. Газет-журнал шығаруда өндірісте компьютерлік технологияның әдіс-тәсілдерімен қатар ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін меңгеруде айқын да нақты бағыт-бағдарын қалыптастыру.

Құзырлылығы: -Суретті басылым бетінде пайдаланып, безендірудің тәртібін

-Баспаға шығару параметрлерін

-Компьютерлік макеттеудің ерекшеліктерін

-Вирус зақымдандырған обьектілерді емдеу бағдарламаларын

-Обьект енгізу командаларын

-Интернеттен ақпарат алу мүмкіндіктерін меңгереді.



Постреквизиттері:

Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарды:

-Фотожурналистика өнерінің қыр-сырын

-Баспасөз бетін безендірудің қызметін

-Файлды көшіру оның орындалу тәсілдерін үйрету.

Құзырлылығы: Компьютерлік верстка арқылы басылымды көркемдеуді

-Шрифтің түрлері мен арнайы бағдарламаларын

-Тақырыпшаларды безендірудегі шрифтің мүмкіндіктерін меңгерту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Атап айтқанда, мерзімді басылымдардың дизайны, редакция жұмысының безендіру ісі жөніндегі көздеген мақсаттары, журналистер мен қызметкерлердің баспасөз бетін безендіру бағыты жөніндегі негізгі мақсаттары, басылымның стильдік ерекшеліктері, модульдік құрылымы сиқты негізгі мәселелер нысанаға алынады.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к. Ермағанбетова З.
1б. Пәннің аты: Мерзімді басылымды безендіру ісі
Курстың мақсаты – студенттерге мерзімді басылымды безендіру ісі ақпарат берудің принциптері мен нормалары туралы кешенді түсінік қалыптасты.

Құзырлылығы: Курстың міндеті – мерзімді басылымды безендіру ісі берілу ерекшеліктерінің мазмұнын, мақсатын айқын түсіндіру.

Постреквизиттер: Қазақ эпистолярлық публицистикасы

Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары

Арал, Семей өңірлерінің экопроблемалары және баспасөз

Журналистік зерттеу жүргізудің ерекшеліктері



Құзырлылығы: Мерзімді басылымды безендіру ісі даярлау әдістері, тақырыпты ашу жолындағы ізденістер, журналистке қажетті жайттарды меңгерту жолдары үйретіледі.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Пән мерзімді басылымды безендіру ісі дайындау, теориялық білімді практикада қолдану, тиянақты білімді қалыптастыруға үйретеді.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к. Ермағанбетова З
2а. Пәннің атауы: Егемен елдің еркін баспасөзі
Пререквизиттер: Тәуелсіз Қазақстанда жарық көретін басылымдармен танысу және олардың шығу тарихы, даму бағыты, мақсат- міндеттері, қазіргі экономикалық жағдайы, қозғайтын тақырыптары мен қамтитын мәселелері жайлы хабардар болу.

Құзырлылығы:

Егемен елдің еркін баспасөзі пәні әдебиеттану, саясаттану, әлеуметтану және т.б. қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста оқытылады.



Постреквизиттер: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарды:

Егемен еліміздің еркін баспасөзі қандай деңгейде және болашақта қандай деңгейге көтерудің жолдарын;

Тәуелсіз Қазақстан баспасөзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызын;

Баспасөз бостандығы мен ой еркіндігінің мәнін және тәуелсіз журналистің шығармашылық шеберлік сырларын;



Құзырлылығы:

- Төртінші биліктің мемлекет дамуына ықпал ету қызметін күшейтудің маңызын;

- әр басылымның өзіндік ерекшеліктерін сараптай отырып, жаңадан жарық көрген баспасөздің қоғам қажетін өтей алатын мүмкіндігін білуі керек.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Кез келген елдің өндіріс байлықтарын өзге елдерге паш ету үшін ең алдымен баспасөзі бай болуы керек. 1991 жылы егемендік алғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде басылым беттерінде де бірталай өзгерістер болғаны белгілі
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әшірбекова Г.
2б. Пән атауы: Сыр өңірі журналистикасының тарихы мен тәжірибесі
Пререквизиттер: Сыр өңірі журналистикасының тарихын зерттей отырып, оның қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері, өзіндік қыры мен сырларын анықтау міндет етіп қойылады.

Құзырлылығы: Арнаулы пән негізінен студенттердің шығармашылығын арттыруда үлкен роль атқарады. Баспасөздің теориясына қатысты жүргізілетін жалпы курс пәндерімен сабақтастыра отырып, болашақ журналистердің теориялық білімін жетілдіру және тәжірибелік тұрғыда шыңдау мақсатында білім беріледі.

Постреквизиттер: Пән бойынша мына төмендегілер:


  • Қазақ журналистикасының тарихын

  • Қазіргі газет жанрларын

  • БАҚ тілі мен стилін білуі керек

Құзырлылығы: - облысымыздағы алғашқы басылымдар тарихымен танысу;

  • облыс журналистикасының өткен тарихын зерттеу мен зерделеу;

  • облыс БАҚ тәжірибелерін зерттеу;

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сыр өңірі журналистикасының арғы тарихынан, соның ішінде «Сыр бойы», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт ақшамы» т.б. сияқты газет-журнал тарихынан мағлұмат беру.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әшірбекова Г
3а. Пәннің атауы: Әдебиеттануға кіріспе
Пререквизиттер: «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқу үшін студенттің орта мектеп көлемінде әдебиет пәнінен алған білімі жеткілікті.

Құзырлылығы: Пәннен сабақ жүргізу барысында тарих, тіл білімі, философия, эстетика, халықтық педагогика, психология т.б. ғылымдармен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Постреквизиттер: 1. Қазақ әдебиетінің тарихы

2. Публицистің шығармашылық негізері.

3. БАҚ тілі мен стилі.

Құзырлылығы: Бұл пән студенттерді әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік-эстетикалық танымын қалыптастыру, көркем туындылы талдау, бағалау жолдарына машықтану мақсатын көздейді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дәріс барысында әдебиет туралы ғылымның тарихы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшелігі, туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұн мен пішін, композиция мен сюжет, тип, типтендіру, көркем шығарманың тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар, стиль мәселесі, т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.

Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ғ.Тұяқбаев

3б. Пәннің атауы: Әдебиет теориясының негіздері
Пререквизиттер: Орта мектеп көлемінде алған білімі.
Құзырлылығы: Әдебиет туралы ғылымның тарихы жайлы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар, стиль мәселесі т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.
Постреквизиттер: 1. Қазақ әдебиетінің тарихы

2. Публицистің шығармашылық негіздері.

3. БАҚ тілі мен стилі.

Құзырлылығы: Кеңестік дәуірдегі әдебиеттану ғылымында өнер, әдебиет мәселелеріне партиялық, яғни саясат тұрғысынан қарау басым болғаны белгілі, десек те ондағы кемшіліктермен қатар өзіндік жетістіктері де ескеріледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Пән студенттердің білімдерін жаңа теориялық ұғымдармен толықтырып, өнердің, әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ғ.Тұяқбаев
4а. Пәннің атауы: Қазіргі қазақ тілі
Пререквизиттер: Курстың негізгі ұғымдары студенттердің бұған дейін алған білімдеріне негізделген. Сөзжасам пәні тіл білімінің барлық салаларымен, сондай-ақ педагогика, психология, философия сияқты қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысады.

Құзырлылығы:

- Тіл білімінің басты теориялық қағидаларымен, терминологиялық жүйесімен жете танысу;

- Мәтінді комплексті талдай білуге машықтану;

- Қорытынды жасап, баға беруге, өз пікірін кәсіби дәлелдей алуға қалыптасу;



Постреквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі (сөзжасам)» пәні студенттерді фонетика, лексикология сияқты пәндермен танысып болғаннан кейінгі сөздердің жасалу сипатын түсіндіретін курс болып саналады.

Құзырлылығы:

  • Келешек ғылыми зерттеу материалдарын сараптауға, талдауға дағдылану;

  • Теория мен практиканы өзара ұштастыруға ұмтылу;

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ тіл білімінде сөзжасам дербес сала ретінде 1989 жылдан таныла бастағаннан бері оның жалпытеориялық мәселелері де, сөз таптарының сөзжасамы да жүйелі, толық зерттеле бастады. Сондықтан сөзжасам пәні және оның бағдарламасы студентке сөзжасам туралы толық мағлұмат беріп, төмендегідей міндеттерді көздейді:

- ұзақ жылдар бойы екшеліп қалыптасқан жүйелі сөзжасам құбылысымен жан-жақты таныстыру;



  • тіл білімінің барлық салаларымен байланыстыра отырып, сөзжасамның зіндік беліглерін анықтау;

  • сөзжасамның өзіне тән ұғымдарымен, жаңа сөз жасалуының қалыптасқан тәсілдеріне жаттығу жасау;

студенттердің лекцияда алған білімдерін практикада жаттығу, талдау жұмыстары арқылы жан-жақты бекіту;
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Бахтиярова С.
4б. Пәннің атауы: Орфография және пунктуация мәселелері
Пререквизиттер:Тіл біліміне кіріспе

Қазіргі қазақ тіл фонетика

Нормативті қазақ тілі

Қазақ диалектологиясы


Постреквизиттер: Қазақ тілінің фонетикасы

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Қазақ жазу тарихы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Студенттерге жазу орфографиясының өзіндік зерттеу нысанасын, зерттеу салаларын, олардың ерекшеліктерін, негізгі тілдік ұғым-түсініктерін өз ана тілімізде бере отырып, жалпы әлем тілдерінің, адамзат баласы тілінің шығып, қалыптасуы, даму тұрғысынан мәлімет беру.Адамзат баласының графикалық жазу тарихының ерекшеліктерін, олардың типологиялық, генологиялық және қызметтік типтері мен құрылысынан терең білім беру. Қазіргі заман лингвистикасының өзекті мәселелерімен, басты бағыттарымен, негізгі салаларымен таныстыру, олардың зерттеу нысаналары мен проблемаларынан хабардар ету. Жазу орфографиясының негізгі теориялық қағидаларын меңгерту, тіл білімінің зерттеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оларды болашақ зерттеу жұмыстарында қолдана алуға баулу.
Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., аға оқытушы Бахтиярова С.



3 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

КП

ТК3301

а) Телевизиядағы авторлық бағдарламалар

в) Телерадиоарналардағы журналист этикасы



Ермағанбетова З. Ермағанбетова З.

3

6

2

КП

ТК3302

а) Ғылыми-танымдық журналистика

б) Ғылыми-педагогикалық басылымдар



Әбдіразақова А.

Әбдіразақова А.



4

6


1а. Пәннің атауы: Телевизиядағы авторлық бағдарламалар
Пререквизиттер: Тележурналистиканың әлеуметтік институт, қоғамдық саяси қызметтің бір саласы болып табылатын ілім екендігіне тұжырым жасау, сондай студенттердің тележурналистикадағы принциптер мен заңдылықтарды теориялық негізде меңгеріп шығуларын жолға қою.
Құзырлылығы: Тележурналистика үшін ақпарат даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастыру.
Постреквизиттер: Сатиралық жанрлар

Көркем-публицистикалық жанрлар


Құзырлылығы: - Алғашқы теледидарды дамытудың маңызын, таралу ерекшеліктерін:

- Мемлекеттік және тәуелсіз телеарналардың хабар беру өзгешеліктерін меңгерту.


Бағдарламаның қысқаша курсы: Студенттердің тележурналистиканың ерекшелік сипаттарымен, теледидардың пайда болу және даму тарихымен, тележурналистикаға тән мамандықтар қызметі, телехабар әзірлеудің шығармашылық процесімен, жанрлары және пішіндерімен көгілдір экран қыр сырының қазіргі теориялық мәселелерін ғылыми тұрғыдан меңгерту.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к. Ермағанбетова З
1б.Пәннің атауы: Телерадиоарналарындағы журналист этикасы
Пререквизиттер: Электронды ақпарат құралдарында тікелкй эфирде хабар жүргізудің ерекшеліктері жөнінде түсінік беріледі.
Құзырлылығы: Радио, теледидарда тікелей эфирде жүргізілетін хабарларға қойылатын талаптар, суырып салып айту өнері, тіл шеберлігі, сөйлеу мәдениетін меңгеру шарттары нақты мысалдар төңірегінде айқындалады.
Постреквизит: Телерадиоарналарындағы журналист этикасын меңгерудің жолдары, радиода дауыс, ырғақ, үнді орынды қолдану, теледидарда аудиоторияны баурап алу, телефон байланысы арқылы байланысқа түсу ерекшелігі үйретіледі.
Құзырлылығы: Студенттерді радиожурналистиканың ерекшелік сипаттарымен, радионың пайда болу және хабар тарату, қазақ радиосының даму кезеңдерімен, жұмыс істеу әдістерімен, радиохабар әзірлеудің шығармашылық процесімен, жанрлары және этикалық ережелер және қағидалармен, радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Пән студенттерді телерадиожурналистика саласы бойынша тікелей эфирде хабар жүргізу әдіс-тәсілдерін үйренуге, хабар жүргізуге машықтандырады.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к. Ермағанбетова З.
2а.Пәннің атауы: Ғылыми- танымдық журналистика
Пререквизиттер: Ғылым көңілді нұрландырады,ақыл-ой қосады,біздің баспасөз де, әсіресе ғылыми-танымдық жарияланым да, осыны өз жұмысының бағдары есебінде тұтынуы тиіс.
Құзырлылығы: Ғылым мен техниканың жаңалықтарын пайдалана отырып, дерек пен дәйектерді жинауға, жиналған ақпаратты талдауға, ғылыми тұжырымдар жасауға машықтандырады. Қазақстан ғылымының даму тарихымен, ғылыми танымдық журналистиканың негізін қалаушылар еңбектерімен танысады. Жоғары оқу орнындағы ғылыми зерттеу жұмыстары мәселелері төңірегінде мағлұматтар беріледі.
Постреквизит: Ғылым өркениет өлшемі, ислам-біліктілік Қағбасы,жанрлары және тілі мен стилі де дәрістің мазмұнын құрайды.
Құзырлылығы: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарды:

*ғылыми мақалаға қойылатын талап-шарттарды

*ғылыми жұмыстарды жазу ерекшеліктерін

*ақпарат жинаудың әдіс-тәсілдерін

*тақырыпты дұрыс таңдау

*шығарманың мазмұнын ашу

*қоғамдық маңызды проблемаларды танып, көтеру

*журналистік зерттеуді жүргізе білу

*шығарманы әдеби өңдеу

*тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық

*журналистік этика мәселелері

*жанр ерекшеліктерін

*белгілі журналистердің іс-тәжірибелерін

*публицистік шығармашылық негіздерін меңгереді.


Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ көсемсөзі соңғы кездері тілдік, стильдік және формалық өзгерістерге ұшырауда.
Бағдарламаның жетекшісі: аға оқытушы Әбдіразақова А.
2б.Пәннің атауы: Ғылыми-педагогикалық басылымдар
Пререквизиттер: Бұл курс болашақ журналистерді қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білуге, көкейтесті проблемаларды дер кезінде көтеріп, оны шешудің жолдарын көрсетуге, батыл пікір, болжамдар айта білуге үйретеді.
Құзырлылығы: Ғылым мен техника жетістіктерін студенттерге түсіндіре отырып, оның мерзімді басылымдарда жазылу деңгейін талдау, талқылау мақсатын көздейді.
Постреквизит: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарды:

*ғылыми мақалаға қойылатын талап-шарттарды

*ғылыми жұмыстарды жазу ерекшеліктерін

*ақпарат жинаудың әдіс-тәсілдерін

*тақырыпты дұрыс таңдау

*шығарманың мазмұнын ашу

*қоғамдық маңызды проблемаларды танып, көтеру

*журналистік зерттеуді жүргізе білу

*шығарманы әдеби өңдеу

*тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық

*журналистік этика мәселелері

*жанр ерекшеліктерін

*белгілі журналистердің іс-тәжірибелерін

*публицистік шығармашылық негіздерін меңгереді.


Құзырлылығы: Қазақстан ғылымының даму тарихымен, ғылыми танымдық журналистиканың негізін қалаушылар еңбектерімен танысады. Жоғары оқу орнындағы ғылыми зерттеу жұмыстары мәселелері төңірегінде мағлұматтар беріледі
Бағдарламаның қысқаша курсы: Ғылым мен техниканың жаңалықтарын пайдалана отырып, дерек пен дәйектерді жинауға, жиналған ақпаратты талдауға, ғылыми тұжырымдар жасауға машықтандырады..
Бағдарламаның жетекшісі: аға оқытушы Әбдіразақова А.


4 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК3210

а) Журналистің сөйлеу мәдениеті

б) Телеэкран мәдениеті



Ермағанбетова З.

Ермағанбетова З.



2

7

2

КП

ТК3305

а) Сатиралық жанрлар

б) Көркем-публицистикалық жанрлар



Ермағанбетова З.

Әшірбекова Г.



2

7

3

КП

ТК4306

а) Қазақ эпистолярлық публицистикасы

б) Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары



Әшірбекова Г .

Әшірбекова Г.




2

8

4

КП

ТК4307

а) Арал, Семей өңірлерінің экопроблемалары және баспасөз

б) Журналистік зерттеу жүргізудің ерекшеліктері



Әшірбекова Г.
Әбдіразақова А.


2

8


1а.Пән атауы: Журналистің сөйлеу мәдениеті
Пререквизиттер: Бұл пән бойынша кәсіби этика мәселелері, нақты өмірмен байланысы айтылады.
Құзырлылығы: Бұл курс білім алатын студенттерге мамандықтың қыр-сырын игеріп шығуға, кең ауқымда білім алуға мүмкіндік береді.
Постреквизиттер:. Телевизиядағы авторлық бағдарламалар

Телерадиоарналардағы журналист этикасы

Баспасөздегі компьютерлік технология және фотожурналистика

БАҚ және жарнама


Құзырлылығы: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына талаптарға сай болады:

  • журналистиканың табиғаты мен өзіне сай ерекшеліктері;

  • бейнелеуші құралдары жайында;

- қолданылған нақыл сөз, мақал-мәтелдердің мән-маңызын үйренеді
Курстың қысқаша сипаттамасы: Пән барысында журналистің тележурналистика, радиожурналистика салалары бойынша сөйлеу мәдениеті сараланады.
Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы: ф.ғ.к. Ермағанбетова З
1б.Пән атауы: Телеэкран мәдениеті
Пререквизиттер : Курстың мақсаты – студенттерге телеэкранда ақпарат берудің принциптері мен нормалары туралы кешенді түсінік қалыптасты.
Құзырлылығы: Курстың міндеті – ақпаратты теледидарда берілу ерекшеліктерінің мазмұнын , мақсатын айқын түсіндіру.
Постреквизиттер: Қазақ эпистолярлық публицистикасы

Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары

Арал, Семей өңірлерінің экопроблемалары және баспасөз

Журналистік зерттеу жүргізудің ерекшеліктері


Құзырлылығы: Хабар даярлау әдістері, микрофонды меңгеру, тақырыпты ашу жолындағы ізденістер, аудиторияны меңгеру, көрініс пен сөздің, музыканың қабысуы сияқты жүргізуші- журналистке қажетті жайттарды меңгерту жолдары үйретіледі.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Пән телеэкранда хабар дайындау, экран тілін орынды пайдалана білу, теориялық білімді практикада қолдану, тиянақты білімді қалыптастыруға үйретеді.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к. Ермағанбетова З
2а.Пән атауы: Сатиралық жанрлар
Пререквизиттер: Пәнді оқу барысында студенттер сатиралық жанрдың түрлерін оларға тән элементтерді көркемдегіш құралдарды және белгілі сатирик жазушылардың шығармаларын оқып талдап үйренеді.
Құзырлылығы: Бұл курс болашақ журналистерді сатиралық жанрларда жаза білуге үйретеді. Қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды, жеке адам бойындағы кемшіліктерді көре біліп, түзетуді мақсат ететін сатираның ықпал әсері күшті.
Постреквизиттер: Пән бойынша студенттер мына талаптарды:

  • сатиралық жанрлардың түрлерін

  • сатираның поэзиясын, прозасын;

  • көркем публицистиканың түрлерін,

  • баспасөз беттеріндегі сықақ бұрышы т.б. мән-маңызын білуі керек.


Құзырлылығы: Сатира мен юморды тиімді пайдалану үшін олардың табиғатын терең танып, талап етер шарттарын, көркемдік сырларын игеру керек.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Студенттер пәнді оқу барысында сатиралық жанрлардың көркем әдебиетте, баспасөз материалдарында және телерадиода қолданылу ерекшеліктерін оқып үйренеді.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ермағанбетова З.
2б.Пән атауы: Көркем публицистикалық жанрлар
Пререквизиттер: Пәннің негізгі мақсаты - публицистика жайлы ұғым қалыптастыру, оның даму жолдарын айқындау, көркем публицистикалық жанрларға тән ерекшеліктерді талдап көрсету.
Құзырлылығы: Курс барысында публицистиканың табиғатын, оның қалыптасу және даму жолдары, жанрлар жүйесі мен жазудың қыры-сырын біліуге, талдауға, өзіндік көзқарасын білдіруге машықтандырады.
Постреквизиттер: Пәнді оқу барысында студент публицистиканың даму, қалыптасу жолдарын, көркем публицистикалық жанрларды игеріп қана қоймай, олардың БАҚ –та көрініс табу мүмкіндіктері мен аталған жанрларда қалам тартып жүрген публицистердің еңбектерімен танысуға мүмкіндік алады.
Құзырлылығы: Бұл пәнді игеру арқылы болашақ журналистер елінің, жерінің игілігі үшін аянбай қызмет еткен, қолындағы қаламын халқының амандығы, өсіп-өркендеуі жолындағы түрлі кедергілерге қарсы күрес қаруына айналдырып, жанкешті өмір кешкен қазақ публицистерінің шығармашылық өмірімен терең тыныстап, жазу шеберлігін шыңдай түседі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Көркем публицистикалық жанрлар очерк, фельетон, памфлеттердің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, саралап, белгілі публицистердің шығармашылық шеберлігімен танысады.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әшірбекова Г
3а.Пәннің атауы: Қазақ эпистолярлық публицистикасы
Пререквизиттер: Әдеби жұмыстың шығармашылық қырын таныту арқылы болашақ журналистердің жазу шеберлігін қалыптастыруға тікелей әсер ететін Тәуелсіз Қазақстанда жарық көретін басылымдардармен танысу және олардың шығу тарихы, даму бағыты, мақсат-міндеттері, қазіргі экономикалық жағдайы, қозғайтын тақырыптары мен қамтитын мәселелері жайлы хабардар болу.
Құзырлылығы: Көсемсөздің сөз өнерінің айрықша саласы ретіндегі таным-табиғатын, атқаратын қызметтері мен теориялық-әдістемелік, тәжірибелік мәселелерін талдап, түсіндіру және студенттерді көрнекті көсемсөз шеберлерінің ізденістерімен таныстыру – пәннің мақсаты болып табылады.
Постреквизиттері: “Публицистің творчестволық шеберлігі” пәні “Публицистика өнері”, “Журналистік шеберлік”, “Журналистік шеберлік сыныбы”, “Публицистикалық шығармашылық негіздері” атты жалпы курстардың жалғасы ретінде жүргізіледі.
Құзырлылығы: Бұл пәннің негізгі мақсаты - журналистердің кәсіби шеберлігін арттырып, өзіндік творчестволық шыңдалуға жеткізу.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ эпистолярлық публицистикасы ” - әдеби жұмыстың шығармашылық қырын таныту арқылы болашақ журналистердің жазу шеберлігін қалыптастыруға тікелей әсер ететін басты пәндердің бірі.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әшірбекова Г .
3б.Пәннің атауы: Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары
Пререквизиттер: «Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары» пәні студенттерді публицистика жанрларын жете танып-білуге, көсемсөздің мәнін ұғып-түсінуге дайындайтын курс болып табылады.
Құзырлылығы: Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары пәні қазақ журналистикасының тарихы, журналистикаға кіріспе, әдебиеттану, психология, журналистік шеберлік, философия т.б қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.
Постреквизиттері: Курстың негізгі ұғымдары студенттердің журналистика жайлы түсініктерін қалыптастыруға негізделген. Курс барысында публицистиканың табиғатын, оның қалыптасу және даму жолдары, жанрлар жүйесі мен жазудың қыры-сырын біліуге, талдауға, өзіндік көзқарасын білдіруге машықтандырады.
Құзырлылығы: Бұл пәнді игеру арқылы болашақ журналистер елінің, жерінің игілігі үшін аянбай қызмет еткен, қолындағы қаламын халқының амандығы, өсіп-өркендеуі жолындағы түрлі кедергілерге қарсы күрес қаруына айналдырып, жанкешті өмір кешкен қазақ публицистерінің шығармашылық өмірімен терең тыныстап, жазу шеберлігін шыңдай түседі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Публицистика- қоғамдық өмір айнасы. Әлеуметке арнап ой атйу, елдің көңілін аудару арқылы қоғамның көкейтесті мәселелерін оң шешеу тілегінен туатын дарынды сөз. Ол кез-келгеннің бойынан табыла беретін өнер емес. Көсемсөз – елден асқан көреген, біліміне білігі сай, жеке басының қамынан бұрын ел мүддесін жоғары ойлайтын, қоғамның сыздап тұрған жарасын дәл тауып қана қоймай, оның себеп-салдарын анықтап, арылатын жолын көрсетіп бере алатын дуалы ауыз бірегейлердің ғана қолынан келетін қасиетті өнер.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әшірбекова Г

4а.Пән атауы: Арал, Семей өңірлерінің экопроблемалары және баспасөз
Пререквизиттер: Қазақ журналистикасының тарихы;

Журналистикаға кіріспе;

Публицистикалық шығармашылық негіздері;
Құзырлылығы: Арал, семей өңірлерінің проблемасы баспасөз бетінен ешқашан түскен емес. Соған орай, аталған проблеманы көрету, шешеу жолдарын қарастыру - әрбір баспасөздің міндеті болып табылады.

Постреквизиттер: Әдебиеттану

Баспасөздегі компьютерлік технология және фотожурналистика

Баспа ісі

Құзырлылығы: Студент пән бойынша мына талаптарды:


  • Қазақ журналистикасының тарихын;

  • Баспасөздің тілі мен стилін;

  • Публицстің шығармашылық негіздерін білуі қажет.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Арал, Семей өңғірлерінің проблемасы мәселелерінің баспасөзде көтерілу тарихын саралай отырып, оның кешегісі мен бүгінгісін салыстыру, оның шешу жолдарын анықтау мәселесі сөз болады.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әшірбекова Г
4б.Пән атауы: Журналистік зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Пререквизиттер: Журналистің сөйлеу мәдениеті

Телеэкран мәдениеті

Сатиралық жанрлар

Көркем-публицистикалық жанрлар



Құзырлылығы: Журналистік зерттеу публицистикада енді ғана өріс алып, дамып келе жатқан жанр.

Постреквизиттер: Қазақ эпистолярлық публицистикасы

Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары



Құзырлылығы: Телевизияда ерекше көрініспен аудиторияның қызығушылығын оятып отырған жанрдың табиғатын танытуда қолданылатын жаңа технология; әдіс-тәсілдерінен хабардар болу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Құжаттарды тіркеу, тексеру,зерттеу, көз жеткізу, кейіпкермен сұхбат, салыстыру, шынайы ақпаратты жариялау және т.б. тәсілдердің қыр-сырына қанықтыру, түсінік қалыптастыру.

Бағдарламаның жетекшісі: аға оқытушы Әбдіразақова А.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет