Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: Директордың оқу ісі
А.А.Айдымбаева жөніндегі орынбасары
______________ Ж.Е.Шалбаева ________
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Білім» интеллектуалды сайысы
10-11-сыныптар қатысады
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Адият Хамбар
2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: «Білім» интеллектуалды сайысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, логикалық білімдерін дамыту
Ережелерен таныстырамын.
1-кезең: Оқулықтан білім
2-кезең: Бейнелі және әуенді сұрақтар
3-кезең: Логикалық сұрақтар
1-2- кезеңнің әр сұрағы 1 ұпаймен бағаланады.
3- кезеңнің әр сұрағы 2 ұпаймен бағаланады
1-кезең - Оқулықтан білім
Қазақ радиосында диктор болған, Шекспирдің өлеңдерін аударған,
алғашқы өлеңдер жинағы 33 жасында шыққан, Хантәңіріне қарап өскен.
Біз кім туралы айтып отырмыз?
Семейдегі педагогикалық техникумда оқыған, Ғ.Мүсіреповтің шақыртуымен Алматыға келген, шахматты жақсы көрген, 1965 жылы «Алдар Көсе» фильмінде бас кейіпкер болады. Бұл кім?
Сандар арасындағы төмендегі әрекеттерді қолданып, дұрыс жауабын жазу керек. Яғни /жақша, қосу, азайту, бөлу, көбейту/ қайсысын қолдану, қолданбауды өздерің шешесіңдер. Логикамен шешуге болады.
Сексен мен жүздің арасында қанша тоғыз бар?
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал Һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты» деген жыр жолдарының авторы кім?
Көпшіліктің айтуынша: "Қалдыбай Әбеновтың "Аллажар" фильмі мен Талғат Теменовтың "Қызғыш құс" фильмі белгілі бір тарихи оқиғаны бүкпесіз көрсетті", - дейді. Сұрақ: Бұл қай оқиға деп ойлайсыз?
1-кезең Сұрақтарды қайталау
1-кезең Жауап қағаздарын жинаймыз
1-кезеңнің дұрыс жауаптарын білейік
2-кезең Бейнелі және әуенді сұрақтар.
Суреттерге қарап, қазаққа маңызды тарихи тұлғаны табыңыз
Суреттерге қарап, қазаққа маңызды қандай тарихи оқиға деп ойласың?
Күйді тыңдап, авторы мен күйдің атын анықтаңыз
Трейлерді көріп, киноны дәл табу керек №1 трейлер
Үзіндіні көріп, Шайбаншахпен диалог құрған қазақтың тарихи қай тарихи тұлғасы екенін анықта
Бұл оркестр алғаш 1934 жылы құрылып, Ахмет Жұбанов оркестрдің дирижері мен көркем жетекшісі болып тағайындалыпты. Қазір бұл оркестр қалай аталады?
3-кезең Логикалық білім.
Американың бір қаласында сырты ескі ғимарат болды. Бұл ғимараттың сыртын жөндеуге иесінің ақшасы жетпеді. Бірақ иесі бір кәсіппен айналысып еді, сол ғимараттан 2 есе көп ақша тапты, бірақ сыртын жөндемеді. Ғимараттың иесі қандай кәсіппен айналысты?
Дублин қаласында «Аяқ киім парады» атты әлеуметтік шара өтті. Осы шара қала тұрғындарының нені істеуді тоқтатуға арнаған?
Бір компания жарнама ретіне жұмыртқа қорапшаларын пайдаланыпты.
Жұмыртқалар теп-тегіс адамның беттеріне айналды. Осындай ерекше
шара арқылы нені жанамалады?
Марк Цукерберг А. «Тойота» компаниясының басшысы
Стив Джовс Ә. «Apple» компаниясының басшысы
Фуджо Чо Б. «Тесла» компаниясының басшысы
Илон Маск В. «Фейсбук», «Инстаграм» ком-ң бас-сы
Арктика" мұзжарғыш кемесінде міндетті түрде түскі астан кейін серуен болады. Көпқабатты кемеге капитанының ұсынысымен, денсаулықты сақтау үшін бір затты қоймады. Бұл қандай зат деп ойлайсыз?
3-кезең Сұрақтарды қайталау
3-кезең Жауап қағаздарын жинаймыз
-кезеңнің дұрыс жауаптарын білейік
Оқушылардан «ҚҚҚ» әдісі арқылы сайыс туралы кері байланыс аламын.
Әділқазылар сайыстың нәтижесін айтады
Ұғалім қорытындысы: Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол өнер, білім. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз
Достарыңызбен бөлісу: |