Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің саны екі қолдың саусағын қосып санасаңда жетпейтін жағдайға жетті. Мой Мир секілді жалпы әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе суреттерді жүктеуге арналған белгілі бағыттағы , тақырыптық әлеуметтік желі бар. Мысалы, ретінде әлеуметтік видео желіге youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress, ал микроблоггинг мысалына twitter. Сонымен әлем бойынша рейтінгі ең жоғары әлеуметтік желіні атап өтейін.
Тіркелудің түрлері ?
Әр желінің өзінді тіркелу шарттары бар. Мысалы: МойМир желінің тіркелуі тұратын жерің, қалаң, ауылың тіпті мектебіңе дейін сұрайды. Мұны біз жәй тіркелу үшін деп қоямыз, мүмкін бұның астарында не жатқанын кім білсін. Ал Facebook желсіне өзің туралы, бойың, салмағың, жұмыс орның, бойың, салмағың, жұмыс орның. Үйленгенсің бе? Қанша балаң бар? Ұзын саны 25 сұраққа жауап бересің. Бір қызығы енді, сенімен осы сайтта дос болған барлық адам сенің өмір баяныңмен, хоббиіңмен таныс болады. Яғни өзіңді-өзің басқаның қолына байлап бердің, деген сөз. Кімнің қолына? Бір дерек естігенбіз. Бұл әлеуметтік желілер ФБР және ФСБ секілді барлау қызметтерінің жобасы деп.
Әлеуметтік желінің денсаулыққа қандай зияны бар?
Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді шектен тыс падалану денсаулыққа зиян деп жарияланды. Мамандар Facebook сияқты әлеуметтік желіде күн-түн демей онлайнда отыратындардың шынайы өмірдегі адамдармен қарым-қатынас деңгейі төмендейді. Деп дабыл қағып отыр.
Әлеуметтанушылар мен психологтар “Facebook сияқты әлеуметтік желілер тез әрі оңай қарым-қатынас жасау жолы ретінде көрінеді де, көз алдағы ақпараттар толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын боласыз” деп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |