«Бекітемін» Мектеп директоры : А. Ж. Талкамбаева Педагогтің Т. А.Ә.



Дата04.04.2024
өлшемі120.89 Kb.
#497610
1 қыркүйек тәрбие 4 сынып



«Бекітемін»
Мектеп директоры : А.Ж. Талкамбаева



Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Абдрахманова Р.Т.



Күні: 01.09.2023




Сынып: 4ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ» табысты ұлт»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру.
адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру;
оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;





Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті



Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы

«5Т» әдісі бойынша (тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық),сәлемдесу,түгелдеу.
Тыныштық сәтi.Сабақты жағымды күйге келтіру. Нұрға бөлену. (Жәй баяу жағымды музыка қою)
Адал бала (корей ертегісін )оқып, мазмұнын айту.Сұрақ беру,жауап алу.
1 . Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
2 . Оларды бірден алса не болар еді?
3 . Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?Неліктен?
4. Ақсақал қабылдаған шешімді қалай қабылдауға болады?
Мәтінді қорытындылау
Адамныңниеті,ойы,іс-әрекетішындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында.Адамның көңілі таза,пейілі кең,адал шыншылболғанда әділдікке қол жеткізеді.
Сабақ барысын талдау:


Әңгiмелеу
Өсиет-әңгіме.Данышпан
Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
- Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті. Қарт жігітке:
- Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.
- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
- «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.
- «Жігітті жолдасына қарап бағала» деген денені түсінесіңдер?
Мұғалім балалардың жауаптарын түйендей отырып сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдарымен жолдас, ДОС болады. Шын жолдас, адал достар бірінің жақсы қасиеттерін
екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адалдық пен әділдіктуралы әңгімелесеміз.
Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Нұрға бөлену. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.
Сау болыңыздар
Оқушылар бір біріне адалдық пен әділдік туралы түсінік беріп ,және әділ болуға уәде беріп бір біріне тілек айтып тұр.



«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»
Ш. Уалиханов

Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.


Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?

Адал болу кез-келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?

Ата-анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?





Плакаттар

презентация




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет