Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.C.Әбдиев
2014ж. «___»_____________
«Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасының базалық спорт түрлерінен)» пәні бойынша
5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығына арналған
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасының базалық спорт түрлерінен)» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
Спорт түрінің теориялық және әдістемелік негіздері.
|
2
|
2
|
Спорт түрлеріндегі қауіпсіздік техникасы, терминологиялық түсініктер.
|
1
|
3
|
Жарыс ережесі, мектеп бағдарламасындағы спорт түрлеріне төрешілік ету.
|
1
|
4
|
Спорт түрлеріндегі қимыл техникасын орындаудың жалпы сипаттамасы.
|
1
|
5
|
Базалық спорт түрлеріндегі оқытудың әдістемелік негіздері.
|
2
|
6
|
Спорт түрлеріндегі қимыл - қозғалыс тәсілдерінің жіктелуі және олардың сипаттамасы.
|
2
|
7
|
Базалық спорт түрлерінде дене дайындығы әдістері мен құралдарын қолданудың арнайылығы.
|
2
|
8
|
Спорт түрлерінде қимыл техникасын жетілдіру және олардың орындалу ерекшеліктері.
|
1
|
9
|
Спорт түрін төменгі сыныптарда оқыту әдістемесі.
|
1
|
10
|
Спорт түрін ортаңғы сыныптарда оқыту әдістемесі.
|
3
|
11
|
Спорт түрін жоғары сыныптарда оқыту әдістемесі.
|
2
|
12
|
Спорт түрлерінде жалпы және арнайы дене қасиеттерін дамыту.
|
2
|
13
|
Қимыл техникасына бастапқы оқыту. Спорт түрлері бойынша қимыл техникасын меңгеру сараптамасы.
|
1
|
14
|
Спорт түрлерінде үйретугеарналған жетелегіш және дайындық жаттығуларын таңдап алу.
|
2
|
15
|
Спорт түрлеріндегі спорттық бағдарлау және іріктеу.
|
2
|
Барлығы:
|
25
|
4.Тапсырма мазмұнының сипатамасы:
Курстың мақсаты: Мектеп бағдарламасындағы базалық спорт түрлері бойынша (жеңіл атлетика, гимнастика, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты, жүзу) «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының бакалаврларының бойында дене шынықтыру мұғаліміне және спорт түрлерінен жаттықтырушыға қажетті кәсіби сәйкестікті қалыптастыру.
Пәннің мазмұны мектеп бағдарламасындағы гимнастика, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты, жүзу сияқты базалық спорт түрлері бойынша дене шынықтыру мұғаліміне және таңдап алған спорт түрі бойынша жаттықтырушыға қажетті дағдылар мен біліктілікті және кәсіби білімді қалыптастырады, сонымен қатар салауатты өмір салтын, денсаулықты және тіршілікте маңызды қимыл дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |