Бекітемін Ұто директоры Әбдиев Қ. С. 2015 ж



Дата14.07.2016
өлшемі28.8 Kb.
#198156
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Әбдиев Қ.С.

«___»__________2015 ж.


«5В060700» – «Биология» мамандығы үшін
«БОТАНИКА» пәні бойынша
Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Ботаника» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:







Мазмұны

Тапсырма саны




Кіріспе. Өсімдіктердің биосферадағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктер клеткасының негізгі ерекшеліктері.

2



Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер ұлпалары

2



Тұқым, өскін. Жер беті және жер асты өсу

3



Тамыр және тамыр жүйелері

2



Өркен және өркендер жүйесі

2



Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің репродуктивтік биологиясының морфологиялық негіздері

2



Төменгi сатылы споралы өсiмдiктер.

2



Саңырауқұлақтар және саңырауқұлақтәріздес организмдер

2



Жоғарғы сатылы немесе архегониальді өсімдіктер

2



Гүлдер бөлімі немесе жабықтұқымды өсімдіктер. Магнолиопистер класы

2



Даражарнақты гүлді өсімдіктер немесе лилиопсидтер

2



Өсімдіктердің пайда болуы және эволюциясы

2




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Ботаника» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.



Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет