13 Лекция. Сүтқоректілер немесе аңдар (Mammalia, seu Theria) класы



бет1/8
Дата26.05.2022
өлшемі41.21 Kb.
#458665
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
13 Ëåêöèÿ. Ñ?ò?îðåêò³ëåð íåìåñå à?äàð (Mammalia, seu Theria) êëà


13 Лекция. Сүтқоректілер немесе аңдар (Mammalia, seu Theria) класы
Сүтқоректілер ‐ омыртқалы жануарлардың жоғарғы класы. Жоғарғы дәрежеде ұйымдасуы бұл жануарлардың жер шарына кең таралуына және әртүрлі ортада мекендеуіне мүмкіндік берді. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған.
Бұлардың арасында құрлықта, топырақ арасында, ағашта тіршілік ететін, ұшатын және сулы ортаны меңгерген формалары кездеседі.
Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды.
Дене пішіні ‐ тіршілік жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты бәрінде бірдей емес. Мысалы, суда тіршілік ететіндердің дене пішіні торпедотәрізді балыққа ұқсас (кит, дельфин), ауада ұшатындардың пішіні құсқа ұқсас (жарғанаттар мен крыландар), топырақ қабатында тіршілік етеді. Ететіндердің денесі жұмыр, мойын бөлімі бөлінбейді, ал топырақ үстінде мекендейтіндердің аяқтары жақсы жетілген.
Тері жамылғысы ‐ барлық омыртқалылардағыдай 2 қабаттан: сытқы эпидермис және ішкі дерма (кутис, ориум) не нағыз тері қабатынан тұрады. Эпидермис көп қатарлы клеткалардан түзілген, оның өзі екі қабатқа бөлінеді: а-үстіңгі қабаты, тығыз жанасқан клеткалардан тұрады. Бұлардың арасына кератогиалин деп аталатын зат жиналады. Клеткалар қуысы осы затқа толғаннан кейін олар өліп түлеу кезінде түсіп қалады. Бұл қабаттың астында Мальпигий қабаты жатады. Кутис астында теріасты май жиналады.
Теріден пайда болатын түзінділер. Сүтқоректіліредің эпидермисінен терінің бетін жауып тұратын түк, тырнақ, тұяқ, мүйіз, сол сияқты май, тер, иіс, сүт бездері пайда болады. Түк - сүтқ-де 3 түрлі болады, 1-түбіт, 2-қылшық, 3-вибрисстер.
Вибрисс қылшықтәрізді, сезу қызметін атқарады, себебі оның түбіне нерв ұштары орналасады. Тері бездері мен тер бездері зат алмасуын, дене температурасын реттейді және тері бездерінің иісті затының жауынан қорғануда, үйірге түскенде бірін-бірі табуда, еліктетуде маңызы үлкен.
Сүтқоректілердің құстар мен рептилияларрдан ерекшелігі терісінде бездерінің көп болуы. Құрылысына және атқаратын қызметтеріне қарай бездер: 1-тер бездері, 2-май безі, 3-иіс безі, 4-сүт безі деп бөлінеді.
Тер бездері – түтік пішінді, астыңғы бөлімі қошқармүйізденіп бітеді. Тердің құрамы су, еріген мочевина және әртүрлі тұздар. Тер екі түрлі қызмет атқарады: а) температураны бірқалыпты ұстау; ә) денеден ыдырау өнімдерін шығару.
Май бездері – сүтқоректілердің бәрінде бар, түк қапшығына ашылып, түктерді, эпидермистің сыртқы қабатын майлап, химиялық, механикалық қолайсыз әсерлерден сақтайды.
Иіс бездері – тер немесе май бездерінің өзгерісі, кейбіреулерінде екеуінің қосындысынан пайда болады. Қызметі – қорғаныш, территорияны белгілеу, көбею кезінде жыныстық күйітті қоздыру.
Сүт бездері – сүтқоректілердің бәрінде де бар. Сүт безі – тер безінің өзгерген түрі. Тұяқты жануарларда сүт жиналатын орынды желін деп атайды.
Қаңқасы. Басқа төртаяқтылардың қаңқасына ұқсас, бірақ ерекшеліктері де бар. Олардың бастылары: 1-бас қаңқасының сүйектері ересектерінде бір-бірімен тұтасып кеткен және ми сауыты ауыз омыртқамен ( атлант, атлас) 2 ілмешек арқылы байланысқан; 2-астыңғы жақ тіс сүйегінен және тәжі өсіндісінен тұрады (басқа омыртқалыларда болатын буын және шаршы сүйектер есту сүйектеріне айналған ); 3-омыртқа жотасының мойын бөлімін құрайтын омыртқалар саны – 7 (сирендерде, ламантиндерде -6, жалқау аңдарда 8-10); 4-иық белдеуі көпшілігінде 1 сүйек - жауырын сүйегінен тұрады.
Омыртқа жотасы 5 бөлімнен түзілген. Олар: 1- мойын, 2-кеуде немесе арқа, 3-бел, 4-сегізкөз және 5-құйрық. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі омыртқа денесінің беттері тегіс, яғни платицельді. Сүтқоректілердің мойнының ұзын-қысқа болуы оның санына емес, омыртқа денесінің үлкенді-кішілігіне байланысты(мысалы, керік пен көртышқан - омыртқа саны бірдей). Кеуде бөлімінде 12-24 омыртқа болады, қабырғалар бар, олардың 7 жұбы төс сүйекпен байланысады, яғни нағыз қабырғалар, ал 5 жұбы байланыспайды, жалған немесе сүбе қабырғалар деп аталады.
Бел бөлімінде 2-9 омыртқа, сегізкөзде бір-бірімен тұтасып кеткен 4-10 омыртқа, олардың 2-уі ғана нағыз сегізкөз, ал жыртқыштарда 3-і нағыз сегізкөз омыртқалары болып саналады. Құйрық бөлімінде 3-тен (гибонда) 49-ға(ящерлер) дейін жетеді. Төс сүйегі - жарқанаттар мен көртышқандарда бір сүйектен және оның қыры болса, басқаларында 6 сүйек тақтайшасынан тұрады.
Бассүйектің (краниальды) қаңқасы - ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды (спланхнокраниум) бөлімінен тұрады. Висцеральды бөлімі - үстіңгі, астыңғы жақтардан және тіласты сүйектерінен тұрады. Тіласты сүйегінің ұштары 2 бұтақты.
Құстардың ерекшелігі: сүтқоректілердің жамбасы жабық типті, басқа омыртқалылардан аздаған ерекшеліктері сол: 1-сүтқоректілерде білезік, алақан, өкше, табан сүйектері бірігіп кеткен; 3- асық жілік пен ортан жіліктің түйіскен жерінде дөңгеленген тобық сүйегі орналасады. Саусақтарының саны да түрліше – 1,2,3,4,5 болып келеді. Саусақпен жүретіндер (жыртқыштар), өкшемен жүретіндер (аюлар) табанмен жүретіндер (кеміргіштер) деп бөлінеді.
Асқорыту жүйесі - өте күрделі құрылысты және жеке бөлімдерге айқын бөлінген. Әртүрлі сөлдер бөлетін бездер көп болады. Бұлардың асқорыту жүйесі етті еріннен басталады. Етті ерін киттәрізділер мен клоакалы жануарларда болмайды. Ауыз қуысы жақ сүйектерімен қоршалған. Онда тістер орналасқан.
Тістері гетеродонтты, жеке ұяларға орналасқан текодонтты тістер. Тістерінің жалпы саны және олардың топқа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты систематикалық белгісі болып саналады. Кеміргіштер мен қоянтәрізділердің күрек тістері мен азу тістерінің арасындағы бос қуысты диастема деп атайды.
Жыртқыштардың үстіңгі жағының соңғы жалған азу тісі мен астыңғы жақтың бірінші азу тісінің құрылысы ерекше болады. Бұл тістерді жыртқыш тістер деп атайды. Әрбір тіс белгілі бір қызмет атқарады. Күрек тіс қорегін бөлу, шошақ тіс қорегін өлтіру, азу тістер қорегін ұстап тұру әрі шайнау қызметтерін орындайды.
Ауыз қуысының ішінде астыңғы жақтардың арасында етті тіл орналасқан. Ол сиырда, құмырсқа жегіштерде, ящерлерде қорегін ұстау, жыртқыштарда сұйықты жалап ішу үшін, сол сияқты қорегін ауыз қуысында араластыру үшін қажет.
Ауыз қуысының артында жұтқыншақ орналасқан. Жұтқыншақтың үстіңгі жағынан ішкі танау тесіктері хаоналар - мен Евстахий түтігі, ал астыңғы бөліміне өңеш тесігі ашылады. Өңештің бұлшық еті тегіс болып келеді, ал күйіс қайыратындарда ол көлденең салалы. Қарындағы қорек заттарын қайтадан ауыз қуысына әкелуге жәрдем етеді. Ұзын өңеш қарынмен жалғасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет