Бекітемін Ұто директоры Әбдиев Қ. С. 2015 ж



Дата03.07.2016
өлшемі36.99 Kb.
#173898
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Әбдиев Қ.С.

«___»__________2015 ж.


«5В060800» – «Экология» мамандығы үшін
«БИОГЕОХИМИЯ ЖӘНЕ ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ» пәні бойынша


Тест спецификациясы


1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Биогеохимия және экотоксикология» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:






Мазмұны

Тапсырма саны

1

Биогеохимияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы

1

2

Литосфера, атмосфера және гидросфераның пайда болуы және эволюциясы.

1

3

Биосфера бұл Жердiң басты қабықтарының бiрi.

1

4

Биосфераның әр түрлi орталарындағы элементтерiнiң биогеохимиялық айналымы.

1

5

Биосфераның әр түрлi орталарындағы оттегi. Биосферадағы көмiртектiң таралуы, биосферадағы азот қосылыстары. Биосферадағы фосфор.

2

6

Күкiрттiң және кальцийдiң биогеохимиясы. Микроэлементтердың биогеохимиялық циклдерi. Биогеохимиялық циклдердің өзара әсерлерінің процестері.

2

7

Биосферадағы ауыр металлдардың глобалдi циклдерi, қорғасын, сынап және кадмидың негiзгi ағындары.

2

8

Химиялық элементтердің таралуы. Қоршаған ортаның геохимиялық зерттеулерiнін ғылыми-әдiстемелiк негiздері.

2

9

Экотоксикологияның мақсаттары мен міндеттері. Негізгі түсініктер мен терминдер. Заттың құрылымы мен улылығы арасындағы байланыс. Экотоксиканттардың физико-химиялық қасиеттерінің классификациясы.

1

10

Удың шығу тегіне және орналасуына байланысты экотоксикология түрлерінің классификациясы. Улылық эффекттің түсінігі және көріну формалары. Өндіріс орнының жұмыс зонасының, су және топырақ үшін улардың ШРКсі.

2

11

Уларды зерттеудің әдістері. Биохимиялық және физиологиялық тесттер.

2

12

Адам денсаулығының биосфераның әртүрлілігіне адаптациясы. Экотоксикологиялық корсеткіштер және биогеохимиялық циклдардың бұзылу проблемалары.

2

13

Түрге байланысты уларға сезімталдылық. Ағзаның жыныстық ерекшеліктерінің улылық эффектке әсері. Ағзадағы удың тасымалдануының түрлі формалары.

2

14

Улардың кумуляциясы және оның түрлері. Уларға үйрену: оның механизмдері. Ағзадағы улардың таралуы және депонирленуі. Ағзадан уды шығару.

2

15

Улардың канцерогендігі. Улардың емдік қасиеті. Экотоксикологияның практикалық маңызы.

2

Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Биогеохимия және экотоксикология» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.



Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет