Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы



Дата16.06.2016
өлшемі68.83 Kb.
#138353


Аудан әкімдігінің 2013 жылғы

27 маусымдағы № 1657 қаулысы

Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық

округіне қарасты Айнабұлақ, Жаңатұрмыс

ауылдарына шектеу іс-шараларын енгізе

отырып карантин аймағының

ветеринариялық режимін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 235, 240 ұсыныстары негiзiнде, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимі белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгi ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (С.З. Қожекенов келісім бойынша), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Зайсан ауданы бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы»» мемлекеттік мекемесінің басшысына (А.Комчибаева келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу ұсынылсын.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Д.Тожыбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


Зайсан ауданы әкімінің

міндетін атқарушы Н.Қараталов

Келісілді:

«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрлiгi ветеринарлық

бақылау және қадағалау комитетінің

Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Қожекенов 2013 жылғы «28» маусым

«Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлiгi мемлекеттiк

санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау комитетiнiң Шығыс

Қазақстан облысы бойынша

департаментiнiң Зайсан ауданы


бойынша мемлекеттiк санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Комчибаева 2013 жылғы «28» маусым

Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік

Тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 5 тамызындағы

3023 нөмірімен тіркелген

«Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» қаулы жобасына

анықтама-негіздеме



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты


1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Зайсан ауданының әкімдігі


2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)


«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының  10 бабы

2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес



3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)


Шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу мақсатында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер 


Жоқ



5

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер 

Жоқ


6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме  

Жоқ


7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет 

Жоқ





8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қажет етпейді


9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Қажет етпейді



Аудан әкімінің

аппарат басшысы Н.Қараталов

«Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» қаулы жобасына



ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАХАТ




Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



Жобаның атауы

«Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық

режимін белгілеу туралы»





Мемлекеттік әзірлеуші орган

Зайсан ауданының әкімдігі




Жобаны қабылдау қажеттілігін негіздеу

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының  10 бабы

2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес





Болжалынған әлеуметтік-экономикалық немесе қаулыны қабылдаған жағдайдағы құқықтық салдар

Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ,Жаңатұрмыс ауылдарында ветеринарлық режимін белгілеу



Жобаны іске асырумен байланысты болжалынған қаржылық шығындар

Жоқ



Жобаны қабылдау жағдайында күтілетін қорытындылардың нақты мақсаттары және мерзімдері, енгізілетін ұныстардың тиімділігі

Карантин аймағында шектеу іс-шараларының талаптары орындалады және ветеринарлық режимі белгіленеді



Мемлекеттік орган басшысының құзырына кіретін, жобада көрсетілген сұрақтар бойынша рұқсатнамасының болмау себептері

Жоқ



Жобада қарастырылған сұрақтар жөніндегі бұрын қандай нормативтік құқықтық актілер қабылданғаны және әзірлеуші оларды қалай орындағаны туралы мәлімет

Жоқ




Бұрын қабылданған актілерді соңынан жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Жоқ



Басқада мәліметтер

Жоқ



Аудан әкімінің аппарат басшысы Н.Қараталов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет