Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқарушысының
2011 жылғы «27» қазан
№ 15/203 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті
Іс басқармасының заң бөлімі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Заң бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі – Президенттің Іс басқармасы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы бекітеді.
4. Бөлім:
1) құқықтық сараптама және заңнама;
2) талап ету - қуыным жұмысы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторларынан тұрады.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: Президент Іс басқармасының қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Бөлім қызметін жоспарлайды, Президенттің Іс басқармасына жүктелген міндеттерді сапалы және тиімді орындауға бағытталған басқарушылық функцияларды жүзеге асырады;
2) Президент Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары заң қызметтерінің жұмысын тексереді, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды Президент Іс басқармасының басшылығына қарауға енгізеді;
3) ведомстволық қарасты ұйымдардан келіп түсетін ақпарат пен құқықтық жұмыс туралы өзге де материалдарды талдайды, олар бойынша талдамалық анықтамаларды жасайды, жедел мәжілістің қарауына мәселелер енгізеді, анықталған кемшіліктерді жою және құқықтық жұмысты жетілдіру жөнінде шара қабылдайды;
4) орталық мемлекеттік органдардың, Президенттің Іс басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлерін тұрғын үй -тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың хаттары мен арыздарын қарайды.
6. Міндеті: Президент Іс басқармасының мүліктік және өзге де мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау.
Функциялары:
1) Президенттің Іс басқармасы қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде мемлекеттік органдарда, сотта, сондай-ақ өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Президент Іс басқармасының мүддесін білдіреді;
2) талап - қуыным жұмысына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады, ведомстволық қарасты ұйымдардағы талп - қуыным беру және оларды қарау жөніндегі жұмыстың жай-күйін талдайды.
7. Міндеті: мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Президенттің Іс басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды үйлестіру мен бақылау.
Функциялары:
1) бюджеттің және қаржы - экономикалық бөлімі ұсынған ақпарат негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оны мемлекеттік сатып алудың веб-порталы мен Президент Іс басқармасының интернет-ресурсына орналастырады;
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттар мен өзге де құжаттардың жобаларын дайындайды және келіседі;
3) мемлекеттік сатып алуды ўйымдастыруға қатысты жјне кїрделі ќўрылыс бґлімі ұсынатын ќўжаттарєа ќўќыќтыќ сараптама жїргізеді;
4) Ќазаќстан Республикасының занѕамасында белгіленген мерзімде Бґлім ќўзыреті шегінде тауарларды, жўмыстарды жјне кґрсетілетін ќызметтерді мемлекеттік сатып алуды жїзеге асыру кезінде конкурстыќ ќўжаттаманыѕ ережелерін (техникалыќ ерекшелікті қоспағанда) тїсіндіру туралы јлеуетті жеткізушілердің сауалдарына жауап жобаларын дайындайды;
5) мемлекеттік сатып алудыѕ веб-порталына, сондай-аќ Президент Іс басќармасыныѕ интернет-ресурсына орналастыруға қажетті хабарландыруларды, конкурстыќ ќўжаттама (техникалыќ ерекшелікті қоспағанда) бойынша тїсіндірулерді жјне өзге де аќпаратты дайындайды;
6) занѕамада белгіленген тјртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары болып таѕылєан жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізу үшін аќпаратты ујкілеттік органєа жібереді;
7) мемлекеттік сатып алудың веб-порталына, сондай-ақ Президент Іс басқармасының интернет-ресурсына хабарландыруларды, хаттамаларды, есептерді, заңнамада қарастырылған өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы өзге де мәліметті орналастырады;
8) конкурстыќ ґтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу мен ќайтаруды жјне мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын баќылауды жїзеге асырады;
9) Президент Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары өткізетін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
10) Президент Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсетеді;
11) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу комиссияларының жұмысына қатысады.
8. Міндеті: Президенттің Іс басқармасы жасайтын шарттарға құқықтық сараптама жүргізу.
Функциялары:
1) шарттарды әзірлеуге қатысады, шарттық жұмысқа әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады;
2) шарттардың уақтылы және дұрыс жасалуын, шарт міндеттемелерінің орындалуын есепке алуды, шарт бойынша міндеттемелерін тиісті орындамаған тауар жеткізушілеріне, жұмыс орындаушыларына немесе қызмет көрсетушілерге қатысты жауапкершілік шараларын қабылдауды қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдайды.
9. Міндеті: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және құқықтық мәселелер бойынша басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының тапсырмасы бойынша Президент Іс басқармасының құзыретіне жататын құқықтық мәселелер жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
2) Президенттің Іс басқармасы бастамашылық тәртіппен әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкес болуын тексереді, оларға қол қояды. Егер құжат жобалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес болмаса, белгіленген мерзімде анықталған қателерді жою туралы ұсыныс жасайды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы бұйрықтарының жобаларына, сондай-ақ Бөлімнің құзыреті шегінде ведомстволық қарасты ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі құжаттарға құқықтық сараптама жүргізеді;
4) Президент Іс басқармасы басшылығының тапсырмасы бойынша Президенттің Іс басқармасына келісуге түскен басқа мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысады;
5) Президенттің Іс басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының құқықтық жұмысы туралы есепті дайындайды;
6) Бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.
10. Міндеті: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау мен түсіндіру, құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру.
Функциялары:
1) Президенттің Іс басқармасында, сондай-ақ оның ведомстволық қарасты ұйымдарында құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру жөнінде шара қабылдайды;
2) белгіленген тәртіппен мәжілістер мен семинарлар өткізеді;
3) Президенттің Іс басқармасы басшылығының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнама туралы ақпараттық материалдар дайындайды.
11. Міндеті: Президенттің Іс басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының заңнаманы қолдану іс-тәжірибесін қорытындылау.
Функциялары:
1) тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді;
2) Президенттің Іс басқармасына келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады.
12. Құқығы және міндеттері:
1) Президент Іс басқармасының тиісті құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату мен алу;
2) мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Президент Іс басқармасының мүддесін білдіру;
3) Президент Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметінде құқықтық жұмыстың жай-күйін және заңдылықтың сақталуын тексеру;
4) құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты ұйымдар басшыларының келісімі бойынша олардың қызметкерлерін нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын дайындау, сондай-ақ Бөлім өткізетін іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін тарту;
5) егер нормативтік құқықтық актілердің, Президент Іс басқарушысы бұйрықтарының және өзге де құжаттардың жобалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмесе, оларға қол қоюдан бас тарту;
6) құқықтық жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша ведомстволық қарасты ұйымдардың заң қызметтері қызметкерлерінің орындауына міндетті нұсқаулар беру;
7) қолданыстағы жүйелер мен нысандар арқылы Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуды жүзеге асыру;
8) Президент Іс басқарушысының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларды жою немесе күші жойылды деп тану, тексеру жүргізу, сот дауларын қарау кезінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметінде анықталған кемшіліктерді жою және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде Президент Іс басқармасының басшылығына ұсыныстар енгізу;
9) ведомстволық қарасты ұйымдардың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер мен заң қызметтерінің басшылары не ондай қызметтер болмаса, мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар мен заң кеңесшілері лауазымдарына үміткерлерді келісу.
10) еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізгі міндеттерді орындау.
3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
13. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
14. Бөлімді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметке тағайындайтын және одан босататын Бөлім меңгерушісі басқарады.
15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Бөлім меңгерушісінің орынбасары (орынбасарлары) болады.
16. Бөлім меңгерушісі Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты.
17. Бөлім меңгерушісі Президент Іс басқармасының басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.
18. Осы мақсаттарда Бөлім меңгерушісі:
1) орынбасары (орынбасарлары) болған жағдайда, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) Бөлім құрамындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Бөлім меңгерушісінің орынбасары (орынбасарлары):
1) өз өкілеттіктері шеңберінде Бөлім қызметін үйлестіреді;
2) Бөлім меңгерушісі болмаған кезде Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты;
3) Бөлім басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда оның мінтдетін атқаратын тұлға қол қояды.
______________________
Достарыңызбен бөлісу: |