Бектемирова Сәуле Бекмұхамедқызы
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
bektemirova_s77@mail.ru
Түркі тілдеріндегі киноморфизмдердің этномәдени көрінісі
Тірек сөздер: киноморфизм, этимология, ономатопея, сема, лексема
Жер бетінде адамға ең жақын тіршілік иелерінің бірі – жануарлар (зооморфизм гр. zỏon жануарлар – күрделі сөзге жалғанатын алдыңғы құрама бөлігі, жануарлар әлеміне қатысты, мысалы, зоология, зоогеография + …morph тікелей сөз тізбегінен ажыратылатын бірыңғай тұлға) дүниесі. Адамға қатысты туған тілдік бірліктерге сол жануардың бойына біткен ерекше қасиеттері, қимыл-әрекеттері, түр-түсі‚ тұлғасы‚ дыбысы, мінезі, т.б. әсер етеді. Олар көбінесе ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Қазіргі қазақ тілінде итке байланысты күнделікті қолданылып жүрген тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің саны аз емес. Мысалы, жақсы ит өлімтігін көрсетпейді “өзін ешкімге қорлатпайды‚ көз түрткі болмай шетке кетеді”. Мысалы: Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді деуші еді‚ арғы бетке өткізіп жібер‚ қарағым (О. Бөкей). Сүтке тиген күшіктей шеттеу “біреуді қорлау, менсінбеу”. Мысалы: Сүтке тиген күшіктей Бай‚ молдалар шеттепті (С. Мұқанов). Құтпан төбеттей әупілдеді; Тазы ашуын тырнадан алады “өшін, кегін алу”. Мысалы: Ұрынарға қара таба алмай тұлан тұтқан Омарды” қазымырлығы таз ашуын тырнадан аладының кері секілді еді... (О. Бөкей). т.б. 'Ит' семасымен байланысқан тілдік бірліктер мен бейнелі сөздерді төмендегі кестедегідей етіп топтастырдық.
'Ит' семасына байланысты тілдік бірліктердің топтастырылуы
ит атауы
|
фразема
|
мақал-мәтел
|
теңеу
|
термин
|
ономатопея
|
и
т
|
ит басына іркіт төгілді; иттің етінен жек көру
|
аш иттің артын сұқ ит жалайды; бо-ранды күні бала құтырар, желді күні ит құтырар
|
аш иттей жа-лаңдады; бұ-ралқы итше, ит пен мысықтай болу
|
итбүлдірген, итмұрын, иттабан, итшомырт
|
абалау, арсылдау, қыңсылау, шабалау, шәуілдеу, шәңкілдеу, үру, ұлу, ырылдау
|
т
ө
б
е
т
|
көк (қара) төбет
|
|
арс еткен тө-бетше, қарабан қара төбеттей; қасқыр көрген төбеттей
|
төбеттөбе
|
абалау, арсылдау, қыңсылау, шәң-кілдеу, шабалау, шәуілдеу, үру, ұлу, ырылдау
|
т
а
з
ы
|
тазы ашуын тырнадан алады
|
иттің бәрі тазы болмас, еттің бәрі қазы болмас
|
“айт” десе ата жөнелетін та-зыдай; тазы иттей сүмењ-деу; құмай та-зыша қағып алу
|
|
абалау, арсылдау, қыњсылау, шғњ-кілдеу, шабалау, шғуілдеу, үру, ұлу, ырылдау
|
қ
а
н
ш
ы
қ
|
қаншық ит
|
|
қаншық иттей ырылдау; қаншық иттей тақымдау
|
|
абалау, арсылдау, қыңсылау, шәң-кілдеу, шабалау, шәуілдеу, үру, ұлу, ырылдау
|
к
ә
н
д
е
н
|
|
|
кәндендей кішірею; кән-ден итше үру
|
|
абалау, қыңсылау, шабалау, шәуіл-деу, шәңкілдеу, үру
|
и
т
а
қ
а
й
|
иттің итақайы; иттің құлы итақай
|
|
|
|
абалау, қыңсылау, шабалау, шәуіл-деу, шәңкілдеу, үру
|
к
ү
ш
і
к
|
күшік асырап ит ету; ит пен қоса таласып жатқан күшік; суықтың кү-шігі талау
|
кішкене ит қартайғанша күшік; итті күшігім де-сең, аузыңды жалайды
|
ит тиген кү-шіктей; сүтке тиген күшік-тей; ұялас кү-шіктердей
|
күшік жал
|
абалау, қыңсылау, шабалау, шәуіл-деу, шәңкілдеу, үру
|
и
т
а
р
ш
ы
|
итаршы болу
|
|
|
|
1) қыңсылау, шәуілдеу, шәңкілдеу;
2) жарамсақ
|
Тілде 'ит' семасымен байланысқан тілдік бірліктердің негізгі мағынасы мен қолданыстағы мағынасы кездеседі. Мысалы, 'ит' семасы арқылы жасалған негізгі мағынаға иттің тікелей өзіне қатысты айтылатын тілдік бірліктер жатады. Мысалы, Осы кез жаға жақтан ит қыңсылы естілді (Ә. Сараев). Қан-жынға таласқан иттердің ырылынан басқа сырттан дыбыс естілмейді (Ә. Кекілбаев) деген мысалдардағы 'ит' семасымен байланысқан тілдік бірліктердің негізгі мағынасынан гөрі, оның күнделікті қолданыстағы мағынасының көп екендігіне көз жеткіздік. Өйткені тіліміздегі күнделікті адамның жағымды, жағымсыз әрекеттеріне, сезім жағдайы мен эмоциясына, адамның жеке басына, іс-қимылына, тұрмыс-тіршілігіне және т.б. жағдайларына байланысты қолданыстағы мағынасына жоғарыдағы кестеде көрсетілген фразема, теңеу, мақал-мәтел, термин және иттің шығаратын дауысына байланысты қалыптасқан тілдік бірліктерден көруімізге болады. Мысалы, сенен аяғанды ит жесін “Саған бермегенім өзіме де бұйырмасын, аясам арам болсын”; итпісің, кісімісің деу “адам ғұрлы көрмеу, елемеу, жақтырмау, менсінбеу”; ит рәсуасы шықты “берекесі кетті”; ит өмір “қорлықпен өткен тұрмыс, қорлық, итше ырылдасқан тірлік” және т.б.
Түркі тілдері бойынша жазылған лексикографиялық материалдар негізінде ит атауларына және қазақ тілі этимологиясынан Ә. Нұрмағамбетовтың еңбектері негізінде ит, төбет лексемаларына талдау жасалынды.
Жеті қазынанының бірі, жылдық санаудағы 12 жылдың бірі, 'ит' адамның досы демекші басқа жануарлардан өзгеше қасиетімен ерекшеленетін 'ит' атауы нені аңғартады? Түркі тілдерінің қайсысында болса да‚ 'ит' сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Көне түрікмен, әзірбайжан‚ түрік‚ қырғыз, қазақ‚ қарақалпақ‚ өзбек‚ алтай ит‚ ұйғыр ишт‚ тува‚ саха ыт‚ башқұрт‚ татар эт‚ ноғай‚ ойрат ийт‚ хақас адай және т.б. Түркі тілдері ішінде сәл ерекше көрінетіні – хакас тілі. Сәл “ерекше” деуімізге де негіз жоқ емес. Түркі тілдеріндегі дыбыстардың өзара сәйкестіктерін ескерсек (а~и және д~т)‚ адай сөзінің түбірі ад-тың ит-ке дейін өзгеруінің тарихи заңдылық екеніне көзіміз жетеді. Алтай жүйесіне жатқызылып жүрген монғол тобындағы тілдерде біздегі 'ит' сөзі өзгеше дыбысталады: монғол тілінде нохой‚ қалмақ тілінде ноха. Осы ұсынылып отырған аз ғана деректердің өзі-ақ 'ит' сөзінің түркі тілдеріне ежелден тән екендігінің дәлелі бола алады. 'Ит' атауының алғашқы мағынасы қандай болғандығына қолда бар азын-аулақ тілдік деректерді арқау етіп‚ болжамдарды келтіріп көрейік. 'Ит' әр кез өзінің жауын ұнатпайтын жан иесін алдымен ырылдап‚ одан әрі үркіп қорқытатыны әркімге аян. Ал ырылдау етістігінің алғашқы түбірі бір буынды -ыр болғандығын өзге түркі тілдерінің деректері мақұлдай түседі. Татар тілінде дәл біздегідей ырылдау дыбыс құрамында айтылса‚ Тува тілінде ырланыр‚ саха тілінде ырдыгынаа‚ өзбек тілінде ирилламоқ‚ түрікмен тілінде арламак‚ қырғыз тілінде ырылда‚ хакас тілінде ыыран және т.б. Тағы бір айта кететін жайт – көрсетілген сөздердегі бір буынды ыр түбірінен иттің екінші бір қасиеті – үру пайда болуы да ықтимал. Мысалы: чуваш тілінде біздегі үру мағынасын веер тұлғасында келеді. Келтірілген деректерден ырылда сөзінің алғашқы түбірі ыр екендігі‚ одан барып үр туындағанын байқадық. Осының салдарынан итке алғашқы тән қасиет -ыр бері келе р~т дыбысының сәйкестігі негізінде ит атауының пайда болуы ықтимал. Әрине‚ ыр түбірінен 'ит' атауы келіп шықты деп келте қайырсақ‚ болжамымыз бостау болып шығар еді. Жоғарыда кейбір тілдерде ыр түбірінің ир‚ ар қалпында айтыла беретіндігін көрсеттік. Мұндағы ы~а~и дыбыстарының бірінің орнына бірі ауысып келе беретін заңдылықтарға тоқталып‚ түсіндіріп жату артық. Бізге түсінік беруді қажет ететіні р мен т дыбыс алмасулары. Басқа сөздерді айтпағанда‚ дәл ырылдау мен итке байланысты сөздің өзінде бұл аталған дыбыстардың сәйкестігінің тұңғұс-маньчжүр тобындағы тілдер дерегінен көреміз. Осы тілдердің бірінде біздегі ырылдау сөзін - иркь ұғындырса‚ екіншісінде - ит дыбыстық құрамдағы сөз түсіндіреді. Осының өзі-ақ р~т дыбыстарының сәйкестік айғағы бола алады. Түркі тілдерінде осы дыбыстардың сәйкестігін анықтайтын деректермен салыстырсақ жаға (теңіз‚ өзен‚ көлмен байланысты) сөзі татарларда - крый‚ сахаша - кыты жоғарыдағы болжам нақтылана түседі [1]. Демек 'ит' атауы‚ сол үй хайуанының өз жауынан қорғану немесе өз жауын қорқытуға жұмсалатын басты іс-әрекетінің бірі‚ негізгі қасиеті – ырылдау-дың түбіріндегі р-ның т-мен алмасуының нәтижесі демекпіз. Мысалы: Ырыл “ит‚ қасқыр‚ т.б. айбат шеккенде шығаратын дыбысы”. Ырылда “ыр-ыр етіп айбат шегу”. Ырылдас “а) орт. етіс. Ырылда-с”, “ә). ауыс. сөзге келу‚ керілдесу‚ ұрсысу”. Ырылдастыр “өзг.ет.‚ Ырылдастыр”. Ырылдастыру “қ. атау”. Ырылдасу “қ. атау” Ырылдат “өзг.ет”. Ырылдатқыз “өзг. ет.”. Ырылдатқызу “қ. атау”. Ырылдаттыр “қ. атау”. Ырылдаттыру “қ. атау”. Ырылдату “қ. атау”. Ырылдау “қ. атау” және т.б.
Иттің ұрғашысы қаншық түркі тілдерінің барлығында және барлық деректерде ешқандай өзгеріссіз осылай аталады. Дж. Клосонның айтуынша қаншық солтүстік-шығыс тілдерінде көзге елестете алмайтын сөз: ал басқа да түркі тілдерінде қаншық сөзі иттің ұрғашысы деген сөз тіркесімен беріледі. Г.И. Рамстед пен М. Рясянен kan - čyk түбірінің негізін үнді-еуропалық kan (латынша canіs) түбірімен салғастырған. Көне үнділіктерде s uva, авест span, персиялықта sag және т.б. шындығында тохар тілдерінде ku сибилянттары арқылы quon проформасы ізімен, шығыс үндіеуропалық ареалдарға әсер етеді. Дегенмен түркі тілдеріндегі иттің ұрғашысы деген тіркес атау kaη~goeη/gіeη - қыңсылау, қыңсыл тұңғыс-маньчжур және монғол тілдерінде етене таныс көне түбірлерге барып тіреледі. Сонымен бірге түркі тілдерінде де біркелкі сақталған: қырғыз тілінде: қаңқ (үздік-сыздық дыбыс, иттің шәуілдеуі, үруі), қаңқшыла (қыңсылау, шәңкілдеу); хакас тілінде: хаң (шиқыл, қыңқыл), хаіла (қыңсылау); - η ->-n -нің qan-čyq~kan-čyk айналуын позициялы түсіндіріледі: ηč->-nč-с.с. бірақ ареалды төтеп берілген морфологиялық туындыда [2, 188 б.].
Төбет орта ғасыр монғолдарда бух нохой; маньчжурларда ачжирхан; тұнғұстарда хусе инда, ңокэ. қаз. төбет, қырғыздарда дөбөт, ұйғырларда төват. Бұл сөз түркі халықтарының этимологиялық түсінігінде күрделі. В.В. Радлов сөздігінде төбеттің мағынасы – иттердің үлкені, овчарка. Ал қазіргі тілдерде төбет сөзі туралы айтылмаған. Сондықтан да төбет сөзінің семантикасын қарастыру қиынға соғады.
Төбет сөзін А.М. Шербак түркі тілдеріндегі хайуанаттар атаулары жөнінде жазған мақаласында бұл сөздің шыққан төркінін түркі тілдерінің негізінде анықтау қиынырақ екендігін көрсетсе де‚ біз сөздің негізі көптеген түркі тілдеріне ортақ 'ит' атауынан шыққандығын мына деректермен дәлелдемекпіз. Әдетте‚ жануарларды еркек‚ ұрғашы деп бөлгенде‚ алғашқысы соңғыға қарағанда‚ ірілеу болуы - жаратылыс заңы. Олай болса‚ ірілік‚ үлкендік мағынасын беретін түркі тілдерінде‚ әрі кетсе‚ монғол тобына жататын тілдерде басқа да синоним жоқ емес. Ондай синоним - монғол тіліндегі тойв немесе буряттың әдеби тіліндегі тойбо. Біздің ойымызша‚ төбет сөзі монғол тілінде үлкендік мағынаны білдіретін тойв пен түркі тілдеріне ортақ 'ит' сөздерінің тіркесінен пайда болған тәрізді. Ал монғол тілі мен түркі тілдері сөздерінің ертеректе тіркесе келіп‚ кейін бір сөз болып қалыптасып кетуі таңданарлық құбылыс болмаса керек. Сөйтіп‚ бірігіп кеткен соң түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестігі заңдылықтарынан в дыбысы б; и дыбысы е дыбысына өзгеруі туған. Демек‚ тойв+ит > товит > төбет схемасы арқылы бұл сөздің қалыптасу жолын көруге болады. Осы жолмен пайда болған тілімізде басқа да сөздер жоқ емес. Мысалы‚ тойв+ине > тебен “үлкен ине”‚ тойв + би > төбе би “бас би‚ үлкен би”, т.б. [3,75]
Тазы аң алатын жүйрік ит‚ құмай. Тазы деген сөздің пайда болуы да иттің сыртқы түрінің әсері болуы керек. Өйткені тазы иттердің жүні тықыр‚ сүйек бітімі нәзік‚ түсі ақ‚ қара‚ сары‚ көк болады. Сондықтан сыртқы түр ұқсастығына қарай тазы деп аталуы содан болар. Тазы иттерді көбіне өскен ортасына байланысты қоян‚ түлкі‚ қасқыр‚ т.б. аулауға аңға салады.
Қазақ күшік, қарақалпақ күшүк, кучук, ноғай кушук, кушелек, әзірбайжан, алтай, балқан, қырғыз, ұйғыр, кучук, башқұр, көсөк, орта ғасыр монғолдарда гөлөг, манчжурларда нухэрэ, няхан, тұнғұстарда кэйчэн, кэйчикэн, качикан, качи. Күшік сөзі а) күшік, ә) қонжық, б) жабайы аңдардың баласы деген бірнеше мағынада қолданыла береді. Көне және қазіргі тілдердің ішінде күшік сөзін әртүрлі жануарларға байланыстырып қарастыратындар өте көп. Мысалы, күшік орта алтайлықтар – қонжықтың баласы, қырғыздарда түлкінің баласы, қарақалпақтарда қасқырдың баласы, қасқырдың күшігі, бөлтірік, көне монғолдарда арыстанның баласы болып қолданылады [3, 127-129 бб.]. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде күшік (1. зат. зоол. иттің және ит тұқымдас жыртқыш аңдардың баласы, 2) ауыс.эвфем. көз өтпесін‚ тіл тимесін деп‚ т.б. кішкене баланы еркелете айту; Адамды кемсіте қорлап‚ күшікке теңеу‚ не қолда өскен‚ асыранды‚ қолбала мағынасында айту) [4, 391 б.]. Күшік сөзі де өзінің аты айтып тұрғандай кіші ит деген тіркестің кірігуінен пайда болған. Басқа халықтарда да дәл осы мағынада айтылады
Кәнден “иттің жұмсақ жүнді‚ кішкене түрі”. Кәнден иттердің бойы аласа‚ тіпті өспейтін болады. Олар көбіне шәңкілдей береді. Кәнденді кей жерлерде кәндек дейді. Шәңкілдейтін‚ шәуілдейтін дауысты осы кәнден иттер шығарады [4, 523 б.]. Мысалы: Есік ашылған кезде бізге қарай шәу-шәу етіп‚ үлкендігі мысықтай да болмайтын жылмиған қара кәнден тап-тап берді (О. Бөкей). Кәнден сөзінің пайда болуы осы даусына байланысты болу керек.
Итақай “а) көне. иттің күшігі, ә) иттің кішкентай түрі”. Иттің құлы итақай, иттің ұлы Байқұтан “кім көрінген‚ кез келген; кім болса сол” [4, 477 б.]. Мысалы: Мен Шәкенге сенемін. Осы жасқа келгенше бір қабақ шытыстық па екен. Иттің құлы итақай алып жүрген мөрді аяғаны несі (Ә. Тарази).
Итаршы “а) көне. кішкене‚ шәуілдек ит; ә) біреудің айтағына еріп, сойылын соғушы, жарамсақ” [4, 478 б.]. Мысалы: Мегежін, кәнден иттерді итаршы деген, Үлкен төбеттер абалап жатқанда тапитақ иттер де шаужайдан алады (С. Жүнісов). Итаршы болды “жарамсақ‚ жағымпаз адамның іс-мінезі”. Мысалы: Итаршы‚ итаршыға бір шаршы деп‚ сенің килігіп‚ итаршы болып‚ жағымпазданған неңді алған (Ана тілі). Итаршының кішкене‚ шәуілдек ит тәрізді мағынасын біз ертедегі жазба ескерткіштер дерегінен кездестіре алмадық. Алайда көне түркі сөздігінде итәрчи – құсбегі‚ сұңқар салушы‚ хандардың қол астындағы адамдар деген мағынада ұшыратамыз. Хандар қарамағындағы мұндай адамдар жағымпаз‚ жарамсақтанған болатындығы әркімге де белгілі.. Осындай мінездерге ұқсату‚ салыстыру нәтижесінде кейбір адамдарға итаршы болу атағы тағылып‚ қалыптасып кетуі сенбейтін нәрсе емес [5, 175 б.].
Әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасаған тілінен көрінеді. Кейде сол ұлттың тілінде ұлттың әлде бір қасиеттерін өзгелерден оқшау етіп бағалайтын‚ анықтайтын тіркестер қалыптасады. Қолданылу аясы арқылы ұрпақтан-ұқпаққа сақталады.
Әдебиеттер:
-
Нұрмағамбетов Ә. Сөз төркіні // Ана тілі. –1994. –20 қаңтар.
-
Кормушин И.В. Домашние животные // Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Лексика. – М.: Наука, 1997. – С. 590-677.
-
Историческое развитие лексики тюркских языков. – М., 1961.– 466 с.
-
Ит // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1978. – Т. 4. –350 б.
-
Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы, 1994. – 400 б.
Достарыңызбен бөлісу: |