Белок биосинтезінің негізгі сатылары: транскрипция және трансляция. Генетикалық код, оның қасиеттері. Белок биосинтезі



бет1/6
Дата20.02.2024
өлшемі1.79 Mb.
#492539
  1   2   3   4   5   6

Белок биосинтезінің негізгі сатылары: транскрипция және трансляция. Генетикалық код, оның қасиеттері.

Белок биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және белоктардың қызметі бірігеді.

  • Белок биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және белоктардың қызметі бірігеді.
  • ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар — рибосомалардың жәрдемімен белок синтезделеді.
  • Бүған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осы аминқышқылдар |белок деп есептеледі.
  • Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті белок - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес.
  • Белок биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ РНҚ белок . Көбінесе былай деп те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты белокта нақтылы көрсетіп, іске асырады».

Трансляция сатылары: инициация, элонгация, терминация.

  • Трансляция— полипептид тізбегінің гендегі аРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі. Трансляция болашақ белокқа тән аРНҚ-на жазылған нуклеотидтер кезегін түзілетін белоктардың амин қьішқылдарының кезегіне айналдырады. Бұл жұмысқа аРНҚ-нан басқа рибосомалар, тРНҚ, аминоацил синтетазалар, белоктан тұратын инициация, элонгация және терминация факторлары қосылған күрделі құрамдар қатынасады.
  • Трансляция - цитоплазмада жүретін кезең. Бұл кезең кезінде тек қана 4 әріптік нуклеотидтік тілдің 20 әріптік аминқьшқылының тілге аударылуы ғана жүріп қоймайды, сонымен қатар амин қышқылдарының белоктық тізбектегі өз орнын табу мәселесі шешіледі. Трансляцияның өзі 5 кезеңнен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет