Мәтіннен алынған мәліметтер
|
Дұрыс
|
Бұрыс
|
Өнер-білім қуып, Ресей, Омбы қалаларына келеді.
|
|
|
Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-
әрекетімен де көрсетіп отырады.
|
|
|
«Ақ сиса» әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген ән.
|
|
|
Жазылым.
«Халық өнерін жеке өнерпаздар тудырады» тақырыбында өз ойыңызды білдіріп, және тұрақты сөз тіркестерін қолдана отырып эссе жазыңыз. (2 балл)
Әдеби тіл нормалары (1 балл).
Төмендегі тұрақты сөз тіркестеріннің /Фразеологиялық ұйтқы сөздер/ мағынасын түсіндіріңіз.
Тіл тигізді - Сөзге келіп қалу - Көз алартты–
Қас пен көздің арасы -
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқу дағдысы
|
Бағалау критерийлері
|
Тапсырма реті
|
Дескриптор
|
Балл
|
Тыңдалым
|
Сұрақтарға дұрыс жауапты таңдайды, жауаптарымен сәйкестендіреді.
|
1
|
- Берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдайды;
-сұрақтарды дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді;
|
0,5
|
Айтылым
|
Тыңдаған мәтін бойынша диалогқа түседі. Ойларын
толықтырады.
|
2
|
- жұбымен жұмыс жасайды;
|
0,5
|
Оқылым
|
Берілген мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды
орындайды.
|
3
|
-мәтін мазмұнына сәйкес келетін нұсқаны табады.
|
1
|
Жазылым
|
эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, тақырып желісінен шықпай, мазмұнын толық ашып жазады.
жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.
|
4
|
-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (0,5 балл);
- эссе тақырыбының желісінен шықпай, мазмұнын толық ашып жазады (0,5 балл);
-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (0,5 балл); тұрақты сөз тіркестерін қолданады(0,5 балл).
|
2
|
Әдеби тілдің нормалары
|
Төмендегі тұрақты сөз тіркестеріннің
/Фразеологиялық ұйтқы сөздер/ мағынасын түсіндіреді
|
5
|
- Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін
/Фразеологиялық ұйтқы сөздер/ мағынасын түсінеді (1 балл);
|
1
|
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар
СЫНЫП ІІІ НҰСҚА
Оқылым.
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс сынды жылдың әр мезгілінде қазақ жұрты өз шаруашылығының, малының күйісі мен жағдайына қарай қоныс ауыстырып отырған. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын “көктеу”, “жайлау”, “күзеу”, “қыстау” деп атаған. Ертеректе қазақ ауылдары наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларында қыстаудан көктеуге көшіп қонып, мал төлдететін. Содан жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізеді. Жайлау – қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Ол жерде жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы
өседі. Ол кезде жер беті ерекше құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді, сергиді.
Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Ал көктеу қонысында мал төлдетеді. Көктеуге әдетте жылы, жауын-шашыны көп бола бермейтін, малдың төлі түрлі жұттарға аз ұшырайтын ойпаң қоныс таңдалады. Күзеуде қазақ малдың семірген тұсын көздеп базарға жақын жақтарға, өз тұрмысының ыңғайына қарай қоныс тауып отыра берген.
Тапсырма:
Автордың оқырманға жеткізбек болған негізгі ойын анықтаңыз. Мәтіндегі нақты ақпараттармен жоспар құрыңыз.
Жазылым.
1.«Көшпелілер мәдениеті – өркениеттің бастауы» тақырыбында оқылым мәтіні бойынша дискуссивті эссе жазыңыз.
Әдеби тіл нормалары
1.Мәтіннен есімше, көсемше формасындағы етістіктерді теріп жазыңыз.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар
Достарыңызбен бөлісу: |