Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата14.03.2024
өлшемі0.7 Mb.
#495501
түріСабақ
20 сабақ Күрделі сөз


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

№66 мектеп-лицей, шығармашылық топ

Пән/Сынып

Қазақ тілі /4 сынып

Сабақ

52 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы

Тарау немесе бөлім атауы:

Мамандықтар әлемі

Сабақтың тақырыбы:

Ұшқыш болғым келеді. Күрделі сөз.

Оқу мақсаты:

4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу
4.3.6.1- каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Бағалау критерийі:

- Әңгімелер мен өлеңдерді мұқият тыңдап, қалай аяқталатынын болжай алады;
- Сөз және оның мағыналары, сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады; - Сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән бере алады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс
(1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы

Уақыт

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

2 мин

Ұйым-дастыру

Тақырып, мақсаттарымен таныстыру.
Өтілетін сабақ тақырыбы мен осы сабақтағы нені біліп шығатындығы жөнінде хабарлау.
-Қымбатты оқушы!
Бұл сабақта сен мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжауды үйренесің. Күрделі сөздерді ажырата аласың. сөйлемнен сөз тіркесін бөліп алуды үйренесің.

Не меңгеретінің білу үшін оқу мақсаттарын атау.
Сөйлемнен күрделі сөздерді табуды үйрету.

Қалыптастырушы бағалау
Жарайсың! Керемет!
Ақылдым!

Презентация

8-9 мин

Жаңа сабақ

Күрделі сөз неден құралады?
Күрделі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейміз: Мысалы: Ақтөбе, ата-ана, мединститут.

Жаңа тақырыпты меңгеру
«Жаңбыр тамшылары» стратегиясы арқылы
оқушыларға күрделі сөздер жазғызу

«Бағдаршам»
әдісі бойынша бағалау



Презентация

8 мин

Тәжірбие

1,2 тапсырма орындау( тілдік мақсат орындалу керек)
Оқулықтан 108 бет, 19-жаттығу
Мәтіннің тақырыбы бойынша оның мазмұнын болжа. Содан соң мәтінді мұқият тыңда.
Хиуаз жасынан қағілез, бірбеткей, еркін, намысшыл қыз болып өсті. Өз құр­былары сияқты қуыршақпен ойнауға, әт­кеншек тебуге қызықпады. Ол әкесі айлық еңбекақысын алған сайын кітап сатып алуды әдетке айналдырды. Хиуаз оқуға өте алғыр болып, алтыншы және жетінші сыныптарды бір жылда бітіріп шықты.
Ұшқыш болуды армандаған қайсар қыздың шешіміне әке-шешесі қарсы болмады. Ол Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери әуе академия­сына барып бағын сынады. Жолы болмаған жас қыз мединституттан алған білімімен тылда еңбек етті. Болашағын әуелеген бұлттар арасынан көрген «қанатты қыз» аэроклуб оқуына жазылды. Сүп-сүйкімді қазақ қызы­ның алғырлығы мен кайсарлығына қызыққан атақты ұш­қыш Марина Раскова Хиуазды ұшу өнеріне баулыды.

• Ұшқыш болу үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек деп есептейсің?




Дескрипторы:
Оқушылардың сауатты оқуын, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.



Жаңа тақырыпты тәжірбие арқылы меңгеру
20- жаттығуды кесте арқылы ұсынып, оқушыларға ережені түсіндіре отырып күрделі сөзді анықтауды үйрету.
Дескриптор:
-Күрделі сөздерді табады
-Кестеге дұрыс орналастырып жазады.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Презентация

2-мин

Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну
Күрделі сөздер туралы қорытынды жаса.




Тақырыпты меңгергенін анықтау
1.Күрделі сөздерді ата
2.Күрделі сөзден сөйлем құра.
3.Сөйлемнен күрделі сөзді тап. Дескриптор:
-Күрделі сөзді атайды;
-Күрделі сөзден сөйлем құра.
-Сөйлемнен күрделі сөзді таба алады;

Жұлдызша”
әдісі бойынша бағалау



Презентация № 4 бет

Үй жұмысы: 23- жаттығу




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет