Беруін талдау Оқу құралы Қостанай


Дебиторлық борыштың айналымдылың коэффициенті



бет38/49
Дата19.05.2022
өлшемі1.18 Mb.
#457830
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
ef f keet up

7. Дебиторлық борыштың айналымдылың коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Мұнда: - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д3-дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі - несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі -несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.
8. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезендегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:

Мұнда: - кредиторлық борыштың айналымды­лық коэффициенті;
- кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасы.
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштыц аиналымдылык коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі -кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі - несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.
Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:
= =
Мұнда: - кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарыздарын қайтаруының орташа уақытын (банк алдындағы және басқадай заемдар бойынша міндеттемелерін қоспағанда) керсетеді.
9. Акша каражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарьшың бірі, оиың ағымдағы мшдеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және акшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғанын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:

Мұнда: - ақша қаражатының аиналымдылық коэффициенті;
- талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
- ақша қаражатының орташа қалдығы.
10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:



Мұнда: Ди - және Ки - сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.
Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық козффициентімен салыстырған абзал.
11. Істегі капиталдың айналымдылығы алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде -кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі.

Мұнда: Фк - істегі капитал.
Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағанын көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткішімен салыстырғанда бұл коэффициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның сатудан түскен табысына (ақша) тікелей әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.
12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:

Мұнда: - перманенттік капитал = меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент көсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұксас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.
13. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын баскару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процееіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі:

Мұнда: - істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;
- негізгі қызметтің табыстылығы;
Д°- негізгі қызметтен түскен табыс;
- өнімді сатудан тускен табыс.
Біздің көзқарасымыз бойынша бұл көрсеткіш қор қайтарымы секілді, шаруащылық жүргізуші субьектінің қызметіңің тиімділігін көбірек сипаттайды.
Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадық, оларды талдау, кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштерді талдаумен қатар, кәсіпорынның базарлық (рыноктық) белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап және жан-жақты талдап қорыту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет