Бесқарағай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша тезисі
Округ аппаратының жыл бойғы жұмысы бекітілген жұмыс жоспарына жүзеге асырылды. Әкімдердің есебі ауылдық округтің жұмысын бағалап, талдау жасап, уақыт талабына сай салыстыруға мүмкіндік береді. Халықтың ескертулер мен ұсыныстар айтуы арқылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша белгілі шаралар қолдануда тиімді мүмкіндіктер туғызады.
Бесқарағай ауылдық округінің аумағында 2014 жылы біршама жұмыс жүзеге асырылды. Бесқарағай ауылдық округінің жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру бағытындағы нормативтік-құқықтық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысында экономикалық дамудың дұрыс бағыты таңдалғандығын көрсетті. Аудан орталығы Бесқарағай ауылы кіші бизнес пен әлеуметтік салада дамуымен сипатталады.
Аудан орталығының тұрақты тіршілікәрекетін келесі нысандар қамтамасыз етеді: «Су мекемесі» МККК, «Шыгысэнерготрейд» ЖШС, АҚ «Қазақтелеком», АҚ «Қазпошта», «Дорожник» ЖШС және т.б. Ауылды абаттандыру, жаңа құрылыс нысандары, бизнесті дамыту, су құбырларын жүргізу және т.б. іс-шаралар бағдарламаларын жүзеге асыру басты атқарылатын істер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, бірінші қажетті тағамдарды қол жетімді бағамамен жүзеге асыру мен бесқарағайлықтарға қолдау көрсету мақсатында жазғы және күзгі уақытта орталық алаңда жәрмеңкелер өткізілді. Семей, Өскемен қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне белсене қатысты. Округтегі барлық мал басына ветеринарлық-санитарлық және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Ірі қара мал саны 3902 бас, қой-3066 бас, жылқы-493 бас, шошқа-70 бас, тауық-2538.Мал басының саны жыл ағымында төмендегені белгіленеді. Округ аумағында 1 мал соятын орын, 1 мал қорымы бар.
Жұмыспен қамту және әлеуметтіук қорғау атқарушы органдардың жұмысында маңызды орын алады. Басты назар тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы болып табылдады. 2014 жылы қоғамдық жұмысқа-302 адам қатысты, әлеуметтік жұмыс орындарына-259 адам жұмыспен қамтылды, жаңа 3 жұмыс орыны ашылды, 2 жұмыссыз кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жіберілді. Ағымдағы жылы 10 бос жұмыс орыны жәрмеңкесі өткізілді. Тіркелген жұмыссыздар саны-41адам. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау мақсатында «жастар тәжірибесі» бағдарламасымен-22 адам жұмыс істейді. Республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік балалар жәрдемақысын-34 отбасы, атауы әлеуметтік көмекті-13 отбасы, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасы, тұрғын үй көмегін-44 алады. Округте 929 зейнеткер, 154 мүгедек, 2 Ұлы Отан Соғсының ардагері мен мүгедегі тұрады.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламы бойынша емханасы жөндеуден өтті, барлығы 66 млн. 587 мың теңге, Ү-Владимировка ОМ 23 млн.608 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы 5 жас маманға жатақханадан орын берілді.
Ағымдағы жылы 130 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Орталық алаңдағы сахнаны (эстарада) қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді. Ұлы ақын Абайдың мүсіні қойылды, саябақ ашылды. Облыс әкімінің бастамасымен ШҚО аудандарының көмегімен аудан орталығын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Кіре берісте «Бесқарағай» жазуы бар стела орнатылды, кейбір көшелерде тас жолдар жасалынды, хайуандардың мүсіндері орнатылды, жарықтандыру жүргізілді, балалар әткеншектері орнатылды. Осы бағыттағы жұмыс 2015 жылы жалғасын табады.
Тұрғындарға медициналық көмекті медицина бірлестігі мемлекеттік мекемесі көрсетеді: жұқпалы аурулар ауруханасы, өкпе ауруына қарсы кабинет. Аудандық орталық ауруханада медициналық қызметкерлермен 100% қамтылған.
Бастауыш және орта білім беру ныснадарына: 2 жалпы білім беру орта мектебі, бала бақша-10 топ, оның ішінде 225 бала, 2 мини-центр-62 бала. 2 мектепте оқушылар саны Ү-Владимировка орта мекбеінде-423, Борас орта мектебінде-282 оқушыны құрайды, барлығы-705 оқушы. 5-6 жастағы балалар мектепке дейінгі дайындық-92 бала. Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша- Ү-Владимировка ОМ-82,5 балл, Борас ОМ-64,3 балл. Оқу жылы барысында аз қамтылған отбасылардан шыққан 44 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 2014 жылы мектептерге 5 жас маман жұмысқа орналасты. Оқушылардың күнделікті бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 34 мектепке қарасты үйірмелер ұйымдастырылған, онда 342 оқушы қатысады, балалар музыка мектебіне 135 оқушы барады.
Жыл бойы әртүрлі әлеуметтік топтарға арналған мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді.
Балалар-жасөспірім спорт мектебінде әр түрлі спортпен шұғылданады: еркін күрес, жеңіл атлетика, волейбол, футбол, үстел теннисі және қазақша күрес. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Республикалық және облыстық еркін күрестен өткен турнирлер, біздің округтен қатысқан оқушылар Даулетханов Ф., Бекенгалиев М. жүлделі орындарға ие болды. 2014 жылы БЖСМ 83 оқушысы 5 спорт түрі бойынша әртүрлі дәрежеге ие болды.
Ағымдағы жылы көшелерде жаңа жарықтандыру желілері жүргізілді: Жабаев, Ауэзов, Пушкин, Сейфуллин, Шакарим көшелері және жыл бойы барлық көшедегі жарықтандырулар бойынша жөндеулер жүргізілді.
Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдық тойлануына орай Әуезов көшесінде Ардагерлер үйі ашылды.
Ауданда саяси-қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихаттау топтары және Қоғамдық кеңесі құрылған.
Жыл бойы діни бірлестіктермен, БАҚ өкілдерімен және жастармен бірлесіп ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саяси-қоғамдық іс-шаралар, акциялар, сайыстар өткізіліп тұрды.
Мемлекеттік атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі қоғамдық тәртіп орнатуда көмек көрсету болып табылады.Округте қоғамдық тәртіпті сақтауда ерікті 44 халық жасағы жұмыс істейді. ЕХЖ мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме қызметкерлері жұмылдырған, барлығы-132 адам.
Қорытындылай келе, атқарушы органдардың, мекемелердің, тұрғындардың қолдауымен бірлесіп атқарған іс алдағы уақытқа қойылған тапсырмаларды орындауда өз негізін қойды.
2014 жылғы өткізілген есептік кездесулерде тұрғындармен қойылған сұрақтар ауылды абаттандыру, жарықтандыру, үйлерге су құбырларын жүргізу сияқты сұрақтар бақылауға алынып, құзіреттілігі бойынша шешілді.
2015 жылы ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында Елбасының тапсырмаларын және басқа да маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру одан әрі жалғасын табады.
Келесі жылы басты назар жеке үй құрылысына аударылады.
2015 жылға белгіленген жоспарлар :
-
көшелерді жарықтандыру
-
жолдарды жөндеу
-
ауыз сумен қамтамасыз ету
-
округті абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу
Округ әкімі Н.Жумашев
Достарыңызбен бөлісу: |