Бесқарағай ауылдық округі әкімінің тұрғындармен есептік кездесу



Дата03.07.2016
өлшемі39.75 Kb.
#175579
Бесқарағай ауылдық округі әкімінің

тұрғындармен есептік кездесу

ТЕЗИСІ
Құрметті жерлестер!
2013 жылы Бесқарағай ауылдық округі жұмысының негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде жүзеге асты.

Жұмыс Қазақстан Республикасы Конституциясы, мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілері шеңберінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды.

Салық базасының кеңеюіне, кәсіпорындар қызметінің дамуына, халықты шағын және орта бизнеске тарту, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, білім беру және медициналық көмек көрсету мекемелерін жандандыруға, халықтың «әлсіз топтарын» әлеуметтік қамтуға, салауатты өмір салтын енгізуге ерекше назар аударылды.

Ауылдағы белгіленген бағдарламаның тәжірибелі іске асырылуы ауылдағы су жүргізу желісін қайта жөндеу, Әуезов көшесі, №53 орналасқан жалға берілетін 16-пәтерлі тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру, жайлылық пен жарықтандыру бойынша жұмыстар, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жаңа сауда нысандарын салу және басқа да шаралардың қатары болып табылады.

Бесқарағай ауылдық округінде 1469 үй, оның ішінде 4390 адам, 13 ұлттар тұрады. Белсенді тұрғындардың экономикалық санағы - 2960 адам, оқушылар – 690, жұмысссыздар – 45 адамды құрайды.

Округтің жер алқабының бары: барлық жер көлемі – 35743 га, соның ішінде елдімекендерде – 13619 га. Сондай-ақ ауыл шаруашылық алқабта 13 мың.га, егістік - 4079 га, пішендер -37 га, жайылымдар – 12 мың.га.

Округ бойынша 25 шаруа қожалықтары тіркелген. Олардың игерімдеріндегі жерлер – 13,5 мың.га., соның ішінде мал шаруашылығымен – 7, өсімдік өсірумен - 12, шөп шабумен - 9 айналысады. Сондай-ақ оның ішінде 3 көршілес шаруашылықтар.

Кәсіпкерлік қызметтің 94 нысаны тіркелді. Соның ішінде : 51 дүкендер мен дүңгіршектер, 25 қызмет көрсету саласының нысандары, 1-қонақ үй, 8 кафе – асханалар, 5-дәріханалар, 4-ЖҚС.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін 2012 жылы шағын несиелер бөлінді:

Д.Бояновқа (30 орынды) асхананың құрылысына; жиһаз цехын ашу үшін Е.Байдюсеновке, мал жемдейтін база ашу үшін Б.Мейрхановаға және В.К.Кронгардқа, жылыжайда көкөністер өсіру үшін Аққожинге, техникалық қараудан өткізу станциясын ашу үшін Т.Власоваға микрокредиттер бөлінді. Кәсіпкерлік қызметтерін ашу есебінен жаңа жұмыс орындары құрылды.

2013 жылы жалпы 32 млн.200 мың теңге сомасында 16 адам шағын несие алды. Оның ішінде ІҚМ сатып алу мен өсіруге – Т.И.Шебаршоваға, Г.Сатыбалдинаға, Т.Искаковқа, Г.Айтказинға, Г.Смакановақа, Т.Мукатайға, А.Жумабековаға, Ш.Шакеноваға, Ж.Жақсыбековқа, Б.Мұхаметжановқа, Т.Абдрахмановқа, кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша шағын цехтардың ашылуына Н.Сүлейменовқа, астықты қайта өңдеуге С.Ораздановқа, компьютерлерді және ұялы телефондарды жөндеуге Б.Әлімхановқа, қоян өсіруге Р.Садықовқа берілді.

Тұрғындардың Семей қаласының базарына бармай – ақ бағасы базар бағасынан төмен тұратын керек-жарақ тауарлар мен өнімдердің ассортименті бар ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін бірнеше рет өткізді.

2013 жылы су құбырын қайта жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары жалғасын тапты. Ауылда кенттік жүйеге 2398 метр ұзындықта су тартылды. Су құрылысы және насос станциясының аумағын абаттандыру жүргізілді. Тұтынушыларға дейін құбырларды құру өткізілуде.

Елдімекендерді абаттандыру шеңберінде санитарлық тазалау, ауылды жасылдандыру мен жарықтандыру бойынша 2 ай айлық жарияланды. Қоғамдық-төлеу жұмысшыларының күшімен күн сайын ауылдың көшелерін қоқыстан тазалау, ағаштар мен тротуарды жиектерді ақтау жүргізілді.округте тұрақты түрде ауылдың шетіндегі және ферма аумағындағы қоқыстарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Ауылдық округтің аумағында малдың терісі мен жүнін қабылдау ұйымдастырылды. Ол жұмысты ауыл тұрғыны Бекболат Мұхамеджанов жүзеге асырады.

Округ аумағында 284 шамдар, соның ішінде өткен жылы 20 шам орнатылды.

2013 жылы 90 орынды балабақшаның құрылысы жүргізілуде,

Күн сайын мекемелердің қызметкерлері құқық қорғау органдарының қатысуымен кешкі уақытта ауыл бойынша ДНД патрульін жүргізеді.

Шілде айында ауылдық округ аумағында тұрғындардың скринингі өткізілді. Қабылдауды диагностикалық орталықтың дәрігерлері жүргізді.

Ауылдық округтің аумағында ардагерлер кеңесі (төрағасы Б.Н.Шортомбаев), ақсақалдар кеңесі (Т.А.Баранғұлов), әйелдер кеңесі (төрайымы К.А.Басшибекова) қызмет етеді. Оның құрамына ауыл тұрғындарының құрметті адамдары кіреді. Берілген кеңестердің комиссиясына ауылдың көптеген мәселелері қаралатын жиналыстар өткізіледі. Ішкі саясат бөлімінің ұсынысы бойынша ауылдық округпен дін бойынша кеңес құрылды.

Аудан орталығының аумағында қоғамдық-саяси, мәдени, экологиялық және басқа да қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, туған жерге деген махаббат, мемлекеттің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметіне бағытталған іс-шаралардың қатарын өткізуге «Нұр Отан» аудандық филиалы партиясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып белсенді қызмет етеді.

Ауылда жастармен жұмыс жасау үшін Жастар орталығы ашылды.

Аудан әкімінің өткен есебіндегі қойылған міндеттер орындалуда, алайда сізбен бірге алдағы уақытта біздің ауданымыз гүлденіп, әдемі және жақсы болуы үшін көп күш жұмсауымыз қажет.

Құрметті жерлестер! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылсайынғы Жолдауы – «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – жаңа саяси курсы барлық халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған және біздің мемлекетіміздің әрбір тұрғындарының қатысуына арналған.


Назарларыңызға рахмет!



Бесқарағай ауылдық округінің әкімі Н.Жұмашев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет