Жылқы экстерьері және конституциясы Жылқы конституциясы



бет1/4
Дата13.03.2024
өлшемі96.8 Kb.
#495221
  1   2   3   4
Жылқы экстерьері және конституциясы


Жылқы экстерьері және конституциясы


Жылқы конституциясы. Жылқының конституциясы олардың тез жетілгіштігін, семіргіштігін, төлдегіштігін, жүйріктілігін, жұмысқа қабілеттілігін, өнімділігінің сипаты мен денсаулығын, қоршаған сыртқы ортаға төзімділігі мен тіршілік ететін аймағына бейімділігін аңғартатын негізгі факторларының бірі болып есептелінеді.
Жылқыларды іріктеу, сұрыптау жұмыстарында малдың сыртқы экстерьерінің дене бітімінің маңызы үлкен рөл атқарады, ал дене бітімінің типі жылқының сыртқы пішіні мен формасын, әрбір дене мүшелерінің сәйкесімдерін (пропорцияларын), олардың анатомиялық және гистологиялық кұрылыстарын айқындайды. Көрнекті ғалымдар П.Н.Кулешов пен Е.Б.Богданов жылқының функциялық, экстерьерлік және өнімділік ерекшеліктерін зерттей келіп, жылқыларды бес түрлі конституциялық типке (сөлекет, нәзік, ашаң, қағылез, босаң) бөледі:
1. Сөлекет типті жылқының терісі жұқа, түгі қалың, қаңқалары ірі, басы үлкен, бұлшық еттері қомақты, тері астындағы кан тамырлары білінбейді. Дене құрылысы мұндай жылқылар сылбыр, кейде жалқау болады және бұндай жылқылар тұқымдылығы жақсартылмаған жылқылардың арасында көп кездеседі. Сөлекет денелі жылқыларға - көбінесе, орман, далалық және тау жергілікті жылқылары жатады (қазақы, монғол, башқұрт, бурят, алтай, қырғыз, қарабах, гуцул, якут, печор, эстон, полес және т.б. жылқы тұқымдары).
2. Нәзік типті жылқының терісі жұқа, түгі жіңішке, қаңқасы жеңіл, бұлшық еттері болбыр, жал-құйрықтары, кекілі мен шашаларының қылшығы сирек болады. Бұл типтес жылқылар ауа-райының қатаң жағдайларына төзімсіз, ал жаксы азықтандырылып және күтіп-бағылу жағдайлары келсе, мол өнім беруге бейім келеді.

  1. Қағылез типті жылқының терісі жұка, түті тықыр және жеңіл денелі болады, қаңқасы жеңіл, бұлшық еттері босаң, тері астындағы қан тамырлары білеуленіп әрі жақсы білініп тұрады. Қағылез жылқылар ұшқыр және нәзік, ат қорада қолдағы күтімді және жақсы азықтандыруды қалайды, оларды тебінде бағу қолайсыз. Бұл типті жылқылар ахалтеке, араб және т.б. мініс жылқы тұқымдарының арасында жиі кездеседі.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет