Бескөл филиал кітапханасының тарихы
Бұрынғы Құрманғазы қазіргі Саралжын округіне қарасты, Бөскөл 1963 жылы бөлім болып құрылды. Сол жылы ауылда мектеп пен кітапхана ашылды. Алғашқы кітапханашы болып Абахаиов Ғазиз жұмыс жасады. Сол кезде кітап қоры 1800 дана болды.
Одан кейін кітапханашы болып Ғабешова Хамия жұмыс жасады.
2008 -2011 жылдары Дилманова Арайлым жұмыс жасады. Қазіргі кезде осы кітапханада Дильманова Мейрамгүл жұмыс жасап келеді.
Кітапхана ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп, газет-журналдармен қамтамасыз етеді. Көпшілік шараларды оқырман оқушылармен «Менің елімнің рәміздері» әдеби кеш, «Бақытты жанұя» отбасы мүшелерімен сайыс кешін, «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» ертеңгілік, «Айналайын анашым» батыр анамен кездесу кеші, «Аңсарым асқақ Астана» тақырыптық кеш өткізді.ауданда өтетін семинар –кеңестерге қатысып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |