Бесқоспа селолық округінің әкімі Т. Габбасовтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі46.23 Kb.
#14978
Бесқоспа селолық округінің әкімі Т.Габбасовтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Бесқоспа селолық округінің жалпы жер көлемі -70676 га, 2-елді-мекен және 7-қыстақ орналасқан. Тұрғылықты халқының саны-1703 адам. Соның ішінде Есет батыр мен Темрейде -1607, Қызыл-Ту мен Табанталда-96 адам тұрады. Селолық округ бойынша -143 зейнеткер, мүгедектер саны-36, жұмыссыздар-34 адам. Бұл жұмыссыз адамдардың 19-ы аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі арқылы Есет батыр атындағы мектеп-бақшасының күрделі жөндеу жұмыстарына және 23 адам мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына тартылғанын жеткізді. Ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылығында тіркелген малдардың саны, ірі қара-1534 бас, жылқы-121 бас, қой-ешкі-5497 бас, шошқа-35 бас және құстардың саны -6263. Селолық округ аумағында-68 ШҚ-ы, 1-АҚ, 1-ЖШС тіркелген. Халыққа азық-түлік тауарларын сатуда 8-дүкен тұрақты жұмыс жасайды. Жолаушыларды тасымалдауда Есет батыр Көкіұлы-Ақтөбе және Есет батыр Көкіұлы-Алға маршруттары бойынша 2-жеке автобус және 1-Газель көліктері үзілссіз қызмет көрсетуде.



Білім саласы бойынша: Селолық округте екі мектеп, 1-бастауыш мектеп және 1-мектеп-бақша тіркелсе, ондағы оқушылар саны-266. Мектеп жасына дейінгі дайындық сабағында-16 бала оқиды. Балабақшада-35 бала тәрбиеленуде Мұғалімдер мен қажетті мамандармен, қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау саласында: Селолық дәрігерлік амбулатория -1 және 1-фельдшерлік пункт жұмыс жасауда. Оларға қажетті мейірбикелермен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген. 2013 жылдың 9-айлығында флюрографиядан-745 адам тексеруден өтті, 357 бала мантуға тексеруден өткен ауруға анықталғандары жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша:

«Бесқоспа селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тұрғындар талаптары бойынша-528 отбасылық анықтама және малдарын сатуға-98 анықтама және 1145 ветеринариялық паспорт берілді. Алға аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы 10-адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды. Алға аудандық Әділет басқармасында -64 азаматтық хал актілері тіркелді. Олардың ішінде туу туралы-38, қайтыс болу туралы -12, неке қию туралы-10 және әкелікті анықтау туралы-4-еу. 7-нотариалдық іс-әрекет тіркеліп, олардан мемлекеттік баж салығы -2287 теңге алынды. Халыққа арзандатылған бағамен «Иран» ЖШС-нен 2-тонна 1-сортты арзандатылған ұн жеткізіліп, таратылды. Биылғы жылдың қуаңшылығына және зиянкес шегірткелерден келген қиындықтарды айта келе, шөп шығымының аз болуына байланысты аз-қамтылған отбасыларға 2-тіркеме шөп тегін және 3-тіркеме шөп арзандатылған бағамен түсірілді.



Көркейе бер туған жер акциясы аясында:

Есет батыр атындағы мектеп-бақшаға Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 61 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оны жеңімпаз «Ақ-Наз Жаңа Құрылыс» ЖШС-і тапсыру мерзіміне сәйкес 03 желтоқсан 2013 жылы жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға берілді.



Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша:

Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында» -1593000 теңге қаржы көлемінде Республикалық бюджеттен бөлініп, Есет батыр Көкіұлы ауылындағы 8-көшеге 50-бағанаға жарық шамдары ілінді, құжаттары толық рәсімделіп іске қосылды. Бөлінген қаржы толық игерілді. Сондай-ақ Есет батыр Көкіұлы ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 57 млн. теңге қаржы бөлініп, қараша айында жөндеу жұмыстары басталды.



Жалпы әскери міндеттілік және қызмет туралы:

Қазақстан Республикасының «Жалпы Әскери міндеттілік және қызмет туралы» Заң талабына сәйкес, селолық округ бойынша-385 адам тіркеуде тұр. ҚР Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке-71 азамат

шақырылып, олардың - 6 ҚР Ұлттық әскер қатарына алынды.

Шақырылған азаматтардың барлығының да құжаттары дайындалып, Қорғаныс бөліміне тапсырылды.



ҚР «Салық және міндетті бюджеттік төлемдер туралы»

Заң талабына сәйкес есептелген салығы-382784 теңге, жиналғаны -382784 теңге орындалуы 100 %. Оның ішінде мүлік салығының жыл басында есептелгені-65798 теңге, бюджетке түскені-65798 теңге, орындалуы-100 пайыз. Жер салығының есептелгені -92079 теңге, бюджетке түскені -92079 теңге. орындалуы-100 %. Көлік салығы -225907 теңге, бюджетке түскені-225907 теңге, орындалуы -100 %.



«ҚР Мемлекеттік наградалар туралы»

Заңына сәйкес көпбалалы Өзбекстан-Қарақалпақстан Республикасынан көшіп келген отбасы Бахиева Зияданың құжаттары «Күміс алқаға» дайындалды



«Балалы отбасыларға берілетін 18 жасқа дейінгі-әлеуметтік жәрдемақы»

Селолық округ бойынша 18-жасқа дейінгі 44 отбасы құжат тапсырып, олардың 38 отбасының құжаттары өтті.. 1-жасқа дейінгі балалары бар 36 отбасының құжаттары тапсырылды және тағайындалды. Жеке сәйкестендіру нөмерлері жоқ 6- оқушы анықталып, алтауы да ЖСН алды.

«Ауылшаруашылығы саласы бойынша» Шаруа қожалықтарында-1071 ірі қара, 580-бас жылқы, 75-бас түйе және 7598 бас қой-ешкі тіркелген.

Жоспарға сәйкес малдарды бірдейлендіру, қан алу, вакцина егу жұмыстары жүргізіліп, дерекқорға енгізілді. Атап айтсақ сарып ауруына-4188 бас ірі қарадан және 9460 бас қой-ешкіден қан алынды. Құтыру ауруына қарсы -260 бас ірі қара және 200 ит егілді.

Сібір жарасына қарсы -2950 бас ірі қара, 11500 бас қой-ешкі және 600 бас жылқы егілді. Туберкулезге қарсы анықтау мақсатында -4500 бас егілді. Қарасанға-1800 бас бойдақ малдар егілді. Бершімек (Эхинококкозға) қарсы-144 ит егілді.

Көктемгі егіс науқанында 2240 гектар жерге дәнді дақылдар егілді. Қуаңшылыққа байланысты егін көлемі төмен болды. Мал қыстату мақсатында екі айлықта 50000 центнер шөп дайындау жоспарланып,

артығымен орындалды.

Селолық округ бойынша ауру малдары шыққан 3-үйге дезинфекция тегін жасалды.



Ауылдағы байланыс қызметі туралы мәселе.

Қазіргі кезде ауыл ішінде 252 бірлік абоненттік желісі және 22 бірлік бірлік сымсыз телефон қызмет көрсетуде. Сонымен қатар «Актив», «Билайн» ұялы байланыс желілерін халық игілігіне пайдалануда.

Пошта байланыс бөлімі де айына үш рет газет-журналдарды таратады.

Қазан айынан бастап Бесқоспа пошта байланыс бөлімі интернет желісіне қосылды. Электронды түрде компьютерден шыққан керекті төлем түбіртектерді алуға болады.



«Ауыз-су бағдарламасы бойынша»

Есет батыр Көкіұлы ауылы-Куйбышев бағыты бойынша су желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, тұрақты жұмыс істеуде. Мамандармен толық қамтылғандығын айтып, сұрақтары болса қоюға болатындығына тоқталды.



1.сұрақ. Зейнеткер Карагулов Кнаш-Ауылға адам доғдырының қашан келетінін сұрады. Қазіргі уақытта 2014 жылдың 4-қаңтарына дейін қысқа мерзімді оқуда екендігін. Жаңа жылдан бастап келетіндігін жеткізді.

2 сұрақ. Зейнеткер Калиев Тугел–Жол қатынасының тазартылуы жайлы сұрады. Ауыл әкімі, Биылғы жылға «Меңдібай-Қарағаш» ШҚ-ның басшысы М. Баймағамбетовпен келісім-шарт жасалатынына тоқталды.
Алда тұрған мәселелер:

1.Әлеуметтік маңызды мекемелердің қысқы маусымда қалыпты жұмыс жасауын қадағалау.

2.Есет батыр Көкіұлы–Алға-Ақтөбе маршруттары бойынша жолаушылар тасымалдауды және жол қатынастары жұмысын ұйымдастыру.

3.Шаруашылық қожалықтары мен мекемелермен бірлесе отырып,жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету.



4.УПИ-нің өкіліне көмекші сарбаздар, сақшы-жасақ тобын жандандыру.


Т.Габбасов

Бесқоспа селолық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет