ТАСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2015 жылы Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратын ұстауға бюджеттен 31041,7 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Округ бойынша жер салығы 27727 теңге, мүлік салығы 3767 теңге, көлік салығы 730925 теңге жиналып, жоспар 95 пайызға орындалды.
Өткен жылғы округ әкімінің есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан 2 ұсыныс-пікір түсіп, оларға тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді.
Кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы. Ауылдық округ бойынша 3 шаруа қожалығы, 12 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.
Округ көлемінде 1133 бас мүйізді ірі қара, 2980 бас уақ мал, 377 бас жылқы бар. Ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізілген. Ауыл тұрғындарына мал ауруына байланысты түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілді.
Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы. 2015 жылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 45 адамның 8-і тұрақты жұмысқа орналасты. 18 адам маусымдық жұмысқа, 19 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Өткен жылы 20 отбасының 64 баласына 1 493 760 теңге жәрдемақы төленді.
2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2 адам несие алуға құжаттарын тапсырды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 жас маман Тасарық ауылындағы №238 орта мектепке жұмысқа орналасып, 1-і тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Мал шаруашылығын дамыту, асылдандыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасымен 3 адам жеке шаруа қожалығын құру үшін жер алуға өтініш білдірді. Оның 2-і жер сатып алып, «Бекқожа» және «Жасұлан» шаруа қожалықтарын құрды.
Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру. Елді - мекендерді көркейту - көгалдандыру жұмыстарына бюджеттен 252,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Тасарық ауылының орталық көшесінен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып салынған ескерткіш қоршалды. Тасарық, Лахалы ауылдарындағы бақтарға 500 түп тал егілді.
Ауыз су. Округ көлемінде «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры арқылы 163 отбасы мен 7 әлеуметтік нысан ауыз су пайдаланады. Барлық үйлер мен әлеуметтік нысандарға сервистік жүйемен су кіргізілген.
Автомобиль жолдары. 2015 жылы округ бойынша «Бозкөл-Тасарық» автомобиль жолдарына облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы қаралып, тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Көлдер жүйесі. Тасарық ауылдық округіне қарасты «Мариямкөл» көліне құятын каналдар бойындағы «Қоса-1», «Қоса-2» бөгеттері, 7 қорғаныс дамбыларының жер жұмыстарының құжаттары дайындалып, мемлекеттік тіркеуге алынды.
Жайылымдық жерлерді суаруға және шөп дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін, Жайлаукөл сағасына 1 көзді, «Болатбек» көпірі тұсынан 2 көзді су тоспалары (шлюз) салынды.
Қоғамдық ахуал мен тәртіпті нығайту. Ауылдық округте құқықтық оқулар мен тәртіптік кеңестер өткізуде ауыл тұрғындарымен қоса, 3 адам медиатор болып жұмыс жасайды.
143 үйге телефон нүктесі, қосымша Вееline ұялы байланыс орнатылды. Қоғамдық ахуал тұрақты.
Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:
- Тасарық елді-мекенінің Ш.Қанатбаев, Тасарық көшелерін, Лақалы елді-мекенінің Лақалы көшелерін толығымен жарықтандыру,
- «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес Тасарық көшесін көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
- Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер жұмысына қолдау көрсету, несие алуына жұмыстар жасауды жалғастыру;
- Тасарық ауылындағы ескі мектеп ғимаратын Заң шеңберінде бұзып, мешіт салуға жұмыс жасау;
- Тасарық ауылының орталығынан «Балапан» бағдарламасы аясында жаңа балабақша және Лақалы ауылынан жаңа үлгідегі мектеп ғимаратын салу үшін жер телімдерін бөліп, алғашқы құжаттарын дайындау;
- Тасарық ауылының орталығынан ауылдық клуб құрылысын салу үшін жер телімдерін бөліп, алғашқы құжаттарын дайындау.
- Округтен жаңа шаруа қожалықтарын құрып, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алуына ықпал ету.
Тасарық ауылдық
округінің әкімі Қ.Аханов
Достарыңызбен бөлісу: |