Беттерінше шыгармашылыќпен жїмыс Істеу /сЗлану, табу/ ќзбілет-терін дамыту мјселесін басты чысаиа етіп алєан дїрыс


Сөз таптары мен тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет7/11
Дата20.05.2022
өлшемі215.5 Kb.
#458272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
kur -bastauysh-synyptarda-oqushylarga-qazaq-tilinin-morfologijalyq-zhuyesin-oqytu-26

2.3 Сөз таптары мен тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер
Қай пән болмасын, оны оқытудың нәтижелі болуы, ең алдымен оқыту ісің тиімді ұйымдастыруға байланысты. Берілуге тиіс білім мазмұны қаншалықты жетілдірілгенімен, оқушылардың білімі мен дағдысына қойылатын бағдарламалық талаптар ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қаншалықты дұрыс болса да, егер ол білім мен дағдылар оқыту ісіне бөлінген уақыт пен мүмкіндікке сай жүйе түрде үйретілмесе, бұл жұмыс нәтижелі болмайды. Әсіресе, әр пәнді оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік, психофизиологиялық тәрбиелік жақтары мен нақты мақсаттар қатаң ескеріле, жан-жақты ойластырыла жасалуының маңызы зор.
Бастауыш мектепте оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетіледі:
1. Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
2. Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
3. Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату әдісі.
4. Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.
Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынадай әдістер қолданылады:
1) мұғалімнің, хабарлауы, 2) оқушылармен әңгімелесу, 3) оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.
Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың зейінін аударып, айтылғандарды олардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады.
Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысады. Мысалы, түбірлес сөздің белгілері, зат есімнің септелуі т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады. Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш класс окушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сынып өте сирек қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикамен жазуға үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады.
Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі — «эврика» — таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны оқушылар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінен мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалада т.б.) табу керек.
Міндет: сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық ситуациялар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірибесі, дайындығы, программалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы — олардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазуша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны одай болуға тиіс. II сыныпта 5-10 минут, III сыныпта 10-15 минут, IV сыныптата 15-20 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т.б.
Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа мәтериалды түсіндіруде де қолданылады. Мысайы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.
Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығудың ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу —мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған, білімдерін бекітуді көздейтін тұтас практикалық жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.
Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалардың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар анализ жасаса, екіншіден оны синтездейді. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетико-графикалық (дыбыстық-әріптік), морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық, пунктуациялық анализ жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырып,талдау жасайды.
Синтез балалардың алған білімдерін байланыстырып, жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырады.
Әдетте анализ немесе синтез бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушы зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сын есіммен, ітістікпен етістікпен немесе керісінше т.с.с.). Міне, мұнда анализ де, синтез де қолданылады. Жұмыстың мұндай тәсілдері талдау-жинақтау (аналитико-синтетикалық) әдісі деп аталады.
Анализ бен синтезде әсіресе оқылып отырған құбылыстың ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгінуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады, ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тек мәтінді талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.
Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, устеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң үстеу сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен байланысып келетінін айтады. Ал осы тақырыпты дедуктивтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.
Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.
Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік,сызба,сурет,таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитофон т. б. Бұл құралдар өтілетін материалдық сипатына қарай, кез келген әдісте қолданыла береді. Мысалы, сөз тұлғасын анализдеуде сызбалар, сөз табы мен оның жазылуын үйреткенде таблицалар т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет