Бүгінгі күні біз үлкен өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз



Дата16.07.2016
өлшемі110.9 Kb.
#202083
Булаев қаласы

Бүгінгі күні біз үлкен өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.

Бұл 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына « Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » Жолдауында нақты көрсетілген.

Жолдауда Елбасының 2020 жылға Стратегиялық жоспары көрсетіледі, Жолдаудың басты қорытындысы бүкіл қазақстандықтардың өркендеуі, ұлттық қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы, халықты әлеуметтік және тұрғын үй –коммуналдық сапалы қызметтермен қамтамасыз ету, ұлттар арасында әрі қарай жақсы қарым-қатынастың сақталып қалуы біздің мемлекетіміз үшін ең маңызды мәселе болып табылады. Булаево қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты және серпінді мінез қолданады. Өткен жылы тұрғындардың өмір сүру деңгейін және экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданды.

2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы негізгі көрсеткіштері бойынша серпінді өсу туралы куәландырады.

Мен сіздерді өткен жылда Елбасымыздың, облыс және аудан әкімдерімен, алдымызға қойылған міндеттерін жүзеге асыру бойынша не істелінгені туралы ақпараттандырғым келеді. .

Инновациялық-өндірістік даму стратегиясын жүзеге асыру қаланың өнеркәсібін дамыту үшін, өндірістің тиімді құрылуына қолайлы жағдайлар жасайды.

Булаев қаласының өнеркәсіп өнімінің біраз бөлігі азық-түлік өнімдерін өндіру есебінен құралады.

Өндірістің өсуі, ұн өндірісін көбейту, нан және нан өнімдерін, сүт өнімдерін өндіру арқылы жүзеге асырылады.

Ұн өндірісі «АТНЕС-АСТЫҚ»ЖШС, «Булаев элеваторы»ЖШС-мен, жүзеге асырылады.

Булаев қаласында малшаруашылық өнімдерін аяқталған циклді өңдеу бойынша, «Барс» шаруашылығы етті сатып алады және өндірумен айналысады.

Жеке кәсіпкер Пальчик қала тұрғындарынан сүтті сатып алып, әрі қарай өңдеу жүргізеді.

Өткен жылы 2998 мың тонна сүт сатып алынды. Өнімнің жалпы сомасы 136 млн.теңге құрайды.

Жеке кәсіпкер Кухаренко айына 7,5 тонна 13-тен артық атаулы макарон өнімдерін шығарады.

Жалпы сыйымдылығы 160 мың тонна, астықты сақтайтын 1 желілік элеватор бар, сыйымдылығы 12 мың тонна астық сақтайтын шағын элеватор бар.

Оттегілік баллондарды толтыру бойынша «Жұмабеков» қожалық шаруашылығы қызмет көрсетеді.

2010 жылы ұн өндіру бойынша:

«Булаев элеваторы» ЖШС 461 тонна, «АТНЕС-Астық» ЖШС-3370 тонна.

2010 жылы қаланың жеке кәсіпкерлері Кухаренко, Сәрсенбаев, Чагочкин 850 тонна болатын нан-тоқаш өнімдерін шығарды, яғни ол дегеніңіз қала тұрғындарын және ауданның көп бөлігін нан өнімдерімен толық қамтамасыз етті.

Әкімшілік аймағында ауылшаруашылық өндірісін он қожалық шаруашылығы және бір ЖШС-гі жүргізеді.Өткен жылы астық түсімділігі гектарына 14,7 центнерді құрады.

Бұл 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында: «Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғалыс күші».

Булаев қаласында 439 жеке кәсіпкер субъектілері тіркелген және мұнда мыңнан астам адамдар жұмыс істейді.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі ауылшаруашылығымен айналысатындар 20 пайыз, саудамен айналысатындар -70 пайыз.

Кәсіпкерлік субъектілерінің көзқарасын қорғау және алға жылжыту мақсатында қалада әкімшілік тосқауылдарды жою және кәсіпкерлік саласында сұрақтарды шешу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Булаев қаласында бағаның өсуіне тыйым салуды қадағалау мақсатында тәуліктік бақылау жүргізіледі.

Мониторингте қаланың ықшам аудандарында орналасқан дүкендердің 80 пайызы және екі азық-түлік базары қамтылған.Тауарлардың бағасы бірінші қажеттілікте тұрақты болып қала береді.

2010 жылы жеке кәсіпкерлермен құрылып және пайдалануға берілген нысандар: ЖК Коняев- автовокзалдың ғимараты.Жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен ғимарат қайта құрылып және 2 техникалық қамтамсыз ету стансасы дайындалып,пайдалануға беріледі (Береговой және Зеленый көшелері бойынша), мұнда жеңіл автокөлік түрлерінің барлығы үшін қызметтер жасалады.

Әлеуметтік саясаттың маңызды бөлшегі болатын халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту, олардың үйлерге деген сұранысын қамтамасыздандыру, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін ол тұрғындардың денсаулығы болады.

2010 жылы 626,3 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Коммуналдық тұрғын үй құрылысы үшін 9 га бөлінді.

Қалада «Булаево қалалық су шаруашылығы»мемлекеттік коммуналды кәсіпорыны жұмыс істейді және Булаево қаласын сумен қамтамасыздандырады.

2010 жылы «Ауыз су» салалық бағдарлама төңірегінде және Булаево қаласының сушаруашылығы құрылысына 2003-2010 жылдарға облыста сумен қамтамасыздандыру бағдарламасына 50 млн. теңге бөлінді. Қаражаттың барлығы толық игерілді.

«Максима»ЖШС-мен Булаево қаласының( 3,2 км) Никулин (900 км), Киреев, Заводской, Маяковский, Чехов, 1-ші Западный көшелері бойынша су таратушы желілерді қайта жаңарту және құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді.Сонымен қатар 18 су бөлуші колонкалар , ал біреуі қаланың солтүстік бөлігінде орнатылды.

Су құбырына 232 жеке тұлға, оның 4-уі ҰОС ардагері (Г.А.Афонин, П.П.Подгайная, С,С,Соколов),14 заңды тұлға.

Булаево қаласын көгалдандыруға және абаттандыруға жергілікті бюджеттен -6163,5 мың теңге, ал елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз етуге - 4785,0 мың теңге бөлінді.

Өндірілді:

-Көктемгі-күзгі мерзімде 450 ағаш көшеттері отырғызылды.

Целинный, Комаров көшелері бойынша ағаштарды кесу жүргізілді.

Бос қалған аумақтардың (695 мың.теңге) шөптерін шабу және шығару жұмыстары өткізілді.Бұл мақсаттар үшін шөп шабу машинасы сатып алынды (680 мың теңге).

Целинный көшесі бойынша скверді қайта жаңарту басталды:

Алаңға асфальлт төселді,12 жарықтандыру шамдары, 2 күрке орындық, 3 орындық орнатылды, барлық жұмсалғаны 400 мың теңге.Бұл жұмыстар 2011 жылы қайтадан жалғастырылады.

Юбилейный көшесі бойынша ескі билорд бөлшектеліп, 500 мың теңгеге жаңа билборд орнатылды.

Ағымдағы жылы тамыз айында Мағжан Жұмабаев алаңында Даңқ Аллеясы ашылып оған 2,5 млн. теңге жұмсалды.

«Достық» мәдениет және дем алу саябағына әткеншек, 2 батут сатып алынды және орнатылды, сомасы 4 млн.теңгеге тир құрылды және жұмыс істеуде.

Мұражай үшін ғимаратқа жөндеу жұмыстары өткізілуде.

2010 жылдың қыркүйегінде Пионер көшесі бойынша қосымша 10 көшені жарықтандыру шамдары орнатылды.Ағымдағы жылы қараша айы бойынша тағы да 5 жарықтандыру шамдары орнатылады.

- 2010 жылы Булаево қаласына жарықтандыруға 9292,1 мың теңге бөлінді.

Булаев қаласының көшелері бойынша және Медвежка селосында жарықтандыру 2011 жылы жалғастырылатын болады.

Автомобиль жолдары -маңызды звеноның бірі. Онсыз ешқандай экономикалық сала қызмет істей алмайды.

Қаладағы жол ұзындығы 83,8 км, сол сияқты 22,1 км асфальт бетонды жол, 61,7 км қара жол.

2010 жылда Булаев қаласының көшелерін жөндеу мен жақсы деңгейде ұстауға 12,2 мың. теңге және сонымен қатар қысқы ұстауға 917 мың теңге бөлінді.

Жеке кәсіпкер А.Б.Палагичевпен Булаево қаласының ,Заготскот және Медвежка селоларының көшелеріне қара жолдарды тегістеу бойынша жұмыстар өткізілді.Жұмыстар көктемгі- күзгі уақытта ай сайын жүргізіліп отырды.

Сомасы 1,2 млн теңгеге НПС бұрылыс жолына, Батыр Баян ,Мир , Комаров, Водопроводный және Юбилейный көшелерінің шұңқырларына тегістеу жұмыстары өткізілді.

Целинный көшесі бойынша сомасы 1,4 млн.теңге болатын автотұраққа асфальт төсемі салынды.

Сәбит Мұқанов көшесі бойынша автотұрақ үшін аумаққа тегістеу жүргізілді.

Водопроводный және Пионер көшелері бойынша 3 аялдама орнатылды.

Юбилейный көшесі бойынша жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы өткізілді.

Буденный көшесі бойынша, автокөлік қозғалысыын шектейтін 2белгі орнатылды.

«Қазақтелеком»АҚ-мен қалалық байланыс жүйесінің қызметі көрсетіледі.

Жоғары жылдамдықты «OkyNet.kz» аймақтық ақпаратты- оқу желісіне қосылужүзегег асырылып және «Интеракивті мектеп» жобасына барлық білім жүйесінің мекемелері қосылды.

Булаев қаласының аумағында «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалы жан-жақты банктік қызмет көрсетеді.

«Қазпошта» АҚ филиалы жоғары дәрежелі пошта, қаржы және агенттік қызметінің жаңа технологияларда және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді көрсетеді. Сонымен қатар дәстүрлі пошталы қызмет, банктік қызмет көрсетуде жаңа түрлері енгізіледі, тұрғындардың депозиттерді қабылдау және салу, зейнетақы төлеу, жәрдемақы, еңбекақы және басқа да қаржылай және агенттік қызметтер дамуда.

Булаев қаласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша, жұмыссыздықты төмендету және аз қамтылғандардың санын қысқартуда жоспарлылық жұмыстары өткізіледі.

2010 жылы әлеуметтік атаулы жәрдемақы 88 өтініш берушімен 278 аз отбасыға сомасы 3904,1 мың теңге, сонымен қатар Медвежка селосынан 17 өтініш берушімен 60 отбасы мүшелеріне сомасы 570,5 мың теңге жәрдемақы бөлінді.

Булаево қаласы бойынша 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы -354 отбасындағы 678 балаға сомасы 9065,0 мың теңге сонымен қатар Медвежка селосы бойынша 56 отбасындағы 121 балаға сомасы 1626,2 мың теңге жәрдемақы бөлінді.


Тіркелген жұмыссыздардың саны 61 адамды құрайды, тіркелген жұмыссыздардың үлесі тұрғындардың экономикалық белсенділік санында 0,4 пайызды құрайды.

Елбасының жолдауын жүзеге асыру төңірегінде қалада тұрғындарды жұмыспен қамту стратегиясы нақтыланып, жол картасы өңделді, мұнда дағдарыстың салдарын жеңіп шығу үшін нақты бағдар анықталды, яғни жаңа жұмыс орындары ашылып және жұмыспен қамтамасыздандырылды.

Қала экономикасын дамыту нәтижесінде және 2010 жылы қызметтік саланы кеңейтуде 483 адам жұмысқа орналастырылды,153 жұмыс орны ашылды, оның ішінде :


  • жеке кәсіпкерлікте-72,

  • басқалары-41,

  • жол картасы бойынша-120,

  • қоғамдық, мерзімдік, әлеуметтік – 162,

  • бұрын ашылған тұрақты орындар-168,

  • ауылшаруашылықта-30,

  • құрылыста-10,

  • жұмыс берушілердің өтінімі бойынша-119.

Жол картасын жүзеге асыру төңірегінде оқу орталықтарында 20 талап ету бойынша мамандықтарын даярлау және қайта даярлаудан 116 адам өтті.

Булаев қаласындағы әкімшілік-аймақтық шекарасында 4 жалпы білім беретін мемлекеттік орта мектеп және 1 мемлекеттік орта мектеп-гимназия, 120 орынға арналған балабақша және 1 орта мектепте білім қазақ тілінде беріледі. 30 тәрбиеленушілерге арналған 1 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді.

Сонымен бірге Булаев қаласында ОӨК жұмыс істейді, онда қалалық мектептердің 10-11 сынып оқушыларынан 177 оқушы тігінші,ағаш ұстасы, дәнекерлеуші, шаштараз мамандықтары бойынша білім алады.

Булаево қаласында кәсіптік-техникалық лицейдің құрылысы жоспарланып отыр.

Өткен жылы ақшалай қаражат бөлінді:

№ 1БМГ үшін –биология кабинетіне – 4095 мың.теңге; жылту жүйесін жөндеуге (2 қазандық) – 2 366 мың.теңге.

№ 2 БОМ – жылту жүйесін жөндеуге (1 қазандық) – 700 мың.теңге.

№ 3 БОМ –ағымдық жөндеуге (терезелер) 1 млн. Теңге;

№ 4 БОМ жабындыны жөндеуге 760 мың. Теңге, кір жуу машинасына- 88 мың теңге және теледидарға-72 мың теңге бөлінді.

Медвежка мектебі үшін (жабындыны жөндеуге) -646 мың теңге; лингафондық, мультимедиялық кабинетке -2239 мың.теңге.

Булаев қаласындағы орталық ауруханада 105 орынға арналған емдеу бөлмесі бар, онда түрлі ауруларға медициналық көмек көрсетіледі. Туберкулезге қарсы диспансер емханасы 50 орындық, 90 мемлекеттік санитарлық-эпидеимялық стансасының қабылдау кешеніне кіреді,

Булаево қаласы үшін 2010 жылы аудандық емханаға сатып алынды:

Медвежка селосында медициналық пунктінің ғимаратына сомсы 25 мың теңге, емхана ғимаратында орнату үшін кондиционер және хирургиялық бөлімшенің ота залына сомасы 649800 мың.теңге, сомасы 1000 мың теңге стоматологиялық қондырғы, сомасы 240 мың теңге стоматологиялық кабинет үшін екі камера, офтальмологиялық кабинет үшін саңылаулы шамдарға сомасы 1500 мың теңге, дәріханалық пункттер арқылы тұрғындар үшін жүзеге асыруға дәрі-дәрімектерді сатып алуға пайдаланған қызметтерге ақшалай қаражат-4269 мың теңге.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығына сәйкес қала мекемелерінде, кәсіпорындарда, ұйымдарда іс-жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді.

Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту үшін Мәдениет үйінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша кабинет ашылды.

Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Қалада 1 мектеп қазақ тілінде және 4 аралас мектеп қызмет істейді.

Соңғы жылдары қаланың мәдени мекемелерінің жұмыстарында қайсыбір оң үрдістер байқалуда.

Булаево қаласының тұрғындары өз бос уақыттарында танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар.

2010 жылы аудандық Мәдениет үйіне сатып алынды:

Сомасы 1495600 мың теңге - киіз үй киімдері, киіз үйдің металлды құрастыруына, подиумға сомасы 1,3 мың теңге, мүсінге сомасы 3 млн.теңге,аттракциондарға (2 батут, тир, әткеншек) - 4392899 мың.теңге, қазандықтарды жөндеуге - 1,5 млн.теңге жұмсалды.

Тұрғындардың денсаулықтарын жақсарту үшін спорттық жағдайлар және дене тәрбиесі объектілерін, материалдық-техникалық базасын нығайту, сақтау.

Булаево қаласында 3,0 мың адам спортпен шұғылданады. Булаево қаласында 1 орталық стадион, 5 спорт зал. Жасөспірімдер мектебі бар.

Қаладағы спорттық үйірмелерді 5 жаттықтырушы және 8 дене тәрбиесінің мұғалімдері жүргізеді.

2010 жылы 620 мың теңге спорттық құралдар сатып алуға жұмсалды. Булаев қаласы мекемелерінің, ұйымдарының және кәсіпорындар жұмысшыларының арасында 5 түрлі спорттық жарыстар ұдайы өткізіліп тұрады.

Демократиялық қоғамдық жағдайда қылмыс және жемқорлыққа үлкен мән береді.

Қала аймағында шұғыл жағдай соңғы жылдары тұрақты түрде келеді.

Қала бойынша күн сайын түнгі рейдтер мен қылмыстық алдын алу шаралары жүргізіледі.

Көбіне сауда нысандарында кәмелеттік жасқа толмағандарға арақ өнімдерін сатуды жүзеге асыруға көп көңіл бөлінеді.

Менің ойлауымша ағымдағы жылы құқық қорғау органдары азаматтарды қорғауды жоғары кәсіби деңгейінде, сонымен қатар қарама-қарсылық араласудан қоғамдық қорғау тәртібімен қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

2010 жылы Булаево қаласының әкімі 177 шешім қабылдады, әкімшілік аппаратымен 211 жазбаша өтініштер мен шағымдар, 32130 анықтамаларды алу үшін сұраулар қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2010 жылдың қаңтар-ақпан айында Булаево қаласы мен Медвежка селосының тұрғындарымен Булаево қаласының әкімі 7 кездесу өткізді.

Есептік кездесулерде 16 ескертулер мен ұсыныстар келіп түсті.

Бүгінгі күні орындалғандар:

1.Булаево қаласының Буденный көшесі бойынша жолдардың шұңқырларына жөндеу жұмыстары өткізілді.

Буденный көшесінің жөндеуіне облыстық бюджеттен 10 млн.теңге бөлінді.

Конкурстық рәсімдер өткізілді. Конкурс жеңімпазы болып «Петропавл жолдары»ЖШС-гі анықталды, жұмыстар сапалы да уақытында жүргізілді.

2.Буденный көшесі бойынша автокөлік қозғалысын шектейтін 2 белгі орнатылды.

Булаево қаласы бойынша барлығы 16 жол белгісі орнатылды.

3.Медвежка орта мектебінің жабындысын жөндеуге білі бөлімінен 6,791 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.Мектеп төбесінің жабындысына жөндеу жүргізілді.

4.Медвежка селосының медициналық пункті үшін жеке үй-жай сатып алынды.

5.Булаево қаласының газдық қондырғыларын жөндеу туралы сұрақ шешілді. 2010 жылдың наурыз айынан мамыр айы бойынша «Жол картасы » бағдарламасы бойынша Петропавл қаласында газ плиталарын жөндеу бойынша шебер мамандығын оқуға В.Н.Романенко өтті, маусым айынан «РОКА»ЖШС газ толтыру пункітінде жұмысқа кірісіп кетті.

6.Ауданның білім бөлімімен сомасы 2 млн.теңгеге Шығармашылық үйінің жөндеуіне қаражат бөлінді.Ағымдағы жылы Шығармашылық үйі ашылды.

7.Ауданның кітап-жазбасы туралы: бүгінгі күні ауданның жазба кітабынан 2 кітап шығарылды.; «Солтүстік Қазақстан облысы және ауданның ең алғашқы басшылары», «Жеіңс ауынгерлері- біздің ауданның тарихи беттері».

8.2010 жылдың қыркүйегінде Пионер көшесі бойынша қосымша 10 көшені жарықтандыру шамдары орнатылды.Ағымдағы жылдың қараша айында тағы 5 жарықтандыру шамдары орнатылады.

2010 жылы Булаево қаласын жарықтандыруға 9292,1 мың теңге бөлінді.

«Максима»ЖШС-мен Булаево қаласының( 3,2 км) Никулин (900 км), Киреев, Заводской, Маяковский, Чехов, 1-ші Западный көшелері бойынша су таратушы желілерді қайта жаңарту және құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді.Сонымен қатар 18 су бөлуші колонкалар , ал біреуі қаланың солтүстік бөлігінде орнатылды. Бұл мақсаттар үшін 50 млн.теңге бөлінді.



Жеке кәсіпкер А.Б.Палагичевпен Булаево қаласының ,Заготскот және Медвежка селоларының көшелеріне қара жолдарды тегістеу бойынша жұмыстар өткізілді.Жұмыстар көктемгі- күзгі уақытта ай сайын жүргізіліп отырды.

1. 2010 жылы Буденный көшесі және Медвежка селосы бойынша қосымша су бөлуші колонкаларды орнату мен су таратушы желілердің құрылысы қарастырылмаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет