Балтабай Жансая
ЖМ-011
Ситуациялық есеп:
34 жастағы жүкті әйел терапиялық бөлімшеге келесі шағымдармен келді: жалпы әлсіздік,тез шаршағыштық,басының айналуы,бас ауыруы,шашының түсуі,тырнақтарының сынғыштығы, ашушаңдық,физикалық күштемеден кейін ентігу, жүректің қатты соғуы, жүрек тұсының шаншып ауыруы, құрғақ тамақты жұтудың қиындауы,шикі фаршқа тәбетінің қатты тартуы,басқа тағамдарға тәбетінің төмендеуі,есте сақтау қабілетінің,жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі.
Анамнезден:Жүктілігі 24 апта.6 ай бұрын алғаш рет жалпы әлсіздік,тәбетінің төмендеуі,ұйқышылдық,бас ауыруы мазалаған.Уақыт өте келе науқас бұл көріністерді жүктіліктің көріністері деп ойлап,аса қатты мән бермеген.Соңғы 1 айда шикі фаршқа құмарлық, тырнақтарының сынғыштығы,шашының түсуі,терісінің қатты құрғауы пайда болған.Осы уақытқа дейін 5 жүктілік, оның төртеуі босанумен,соңғы жүктілік 1 жыл бұрын түсікпен аяқталған.Менструация 14 жастан бастап,қалыпты,циклді түрде келіп жүрген,тек түсіктен кейін етеккірі жиілеп,мөлшері артып,циклі тұрақсыз түрде ауырсынып келген.
Объективті тексеру кезінде: жалпы жағдайы орта ауырлықта,терісі және кілегей қабаттары бозғылт, құрғақ.Тырнақтары жұқа,тығыздалған.Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген.Өкпесінде везикулалық тыныс,ешқандай патологиялық сырылдар еестілмейді
ТАЖ-20 рет/мин.Жүрек тондары тұйықталған,ырғақты,барлық тыңдау нүктелерінің үстінен систолалық шуыл естіледі.Пульсі ырғақты,100 рет/мин,АҚ 90/60 мм сын. бағ.
Тілі тегіс,түсі қалыпты, іші жұмсақ,ешқандай ауырсынусыз,нәжісі-қалыпты,бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.Қағу симптомы екі жақтанда теріс мәнді.Несеп бөлуі-ауырсынусыз,мөлшері-қалыпты.Жатыр жүктіліктің 24 аптасына сәйкес ұлғайған, қалыпты-тонусты. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ритмды, минутына 136 рет.Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ.
Қан анализінде: HB-85 г/л, эр. 2,8х10 12/л, тк 0,75, тромб. 180х10'/л, лейк. 7,0х10 /л, эоз. 3%, с/я 55%, т/я 6%, лимф. 27%, мон. 10%, ЭТЖ 20 мм/сағ.
Биохимиялық қан анализі:қан сары суының темірі 6,5 мкмоль/л, сары судың темір байланыстырғыш қасиеті 98 мкмоль/л, ферритин 12 мкг/л.
СҰРАҚТАР:
1. Науқаста қандай синдром анықтадыңыз?
2.Диагнозды нақтылаңыз?
3. Науқасқа қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
4.Емі.
ЖАУАПТАР:
1. Науқаста қандай синдром анықтадыңыз?
Сидеропеникалық синдром:
шашының түсуі,тырнақтарының сынғыштығы,терісінің бозаруы,шикі фаршқа тәбетінің тартуы,құрғақ тамақты жұтудың қиындауы,тахикардия,гипотония.
Анемиялық синдром:бас айналу,бас ауыру,ентігу,жұмысқа қабілетінің төмендеуі,жүректің қатты соғуы,жүректің шаншып ауыруы.
Астеникалық синдром:жалпы әлсіздік,ашушаңдық,есте сақтау қабілетінің төмендеуі,тез шаршағыштық.
2.Диагнозды нақтылаңыз?
Теміртапшылықты гипохромды анемия 2 саты,орташа ауырлық дәрежесі.
3. Науқасқа қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
ФГДС
Асқазанның рентгеноскопиясы
Ректороманоскопия
Іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі.
Гинеколог, гастроэнтеролог және гематологпен кеңесу.
4.Емі.
этиологиялық факторларды жою (негізгі сырқатты емдеу);
емдеу тағамы (диета № 11);
темірқұраушы препараттармен емдеу;
темір қорының орнын толтыру (қанықтыру терапиясы).
Дәрі-дәрмексіз ем:
Диета. Темір тапшылықты анемия кезінде науқасқа темірге бай диета ұсынылады. Жануар текті өнімдердегі темір өсімдік текті өнімдердегі темірге қарағанда едәуір көп көлемде ішекке алынады.
Дәрі-дәрмекпен ем:
Темір глюконаты 300 мг,2 таблеткадан күніне 2 рет пероральды;
Темір сульфаты таблеткасы 256.3 мг (80 мг темір),1 таблеткадан х күніне 2 рет
пероральді;
Темір сульфаты, таблетка 20 мг + аскорбин қышқылы 60 мг,1 таблеткадан х тәулігіне 1-2 рет пероральді.
Достарыңызбен бөлісу: |