Тәуелсіздіктің 10 жылдығына 10 игі іс



Дата23.02.2016
өлшемі46.74 Kb.
#3033
Тәуелсіздіктің 10 жылдығына 10 игі іс

Қазыналы қарашаңырақ


Ел Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекесіне барша еліміздегідей қарағандылықтар да ерте бастан дайындалды. Ол тек алқалы жиын өткізіп, ойын-сауық қою ғана емес, халықтың шын мәнісінде Тәуелсіздік әкелген жетістіктерді көріп-тани білуіне арналған шараларды жүзеге асыру болатын. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада 2001 жылдың 30 қаңтарында өткен әкімдердің республикалық Кеңесінде Тәуелсіздіктің 10 жылдығы жылында экономиканы өркендету, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту тұрғысында барлық деңгейдегі әкімдердің алдына қойылатын міндеттерді саралап берген. Президент баршаны елең еткізген идеяны ортаға салды.

– 2001 жыл бойы «Ғасырлар эстафетасы» деп атауға болатын бүкілхалықтық акция өткізуге немесе мысал үшін «Ел мерейтойына менің үлесім» ұранымен бүкілхалықтық қозғалыс ұйымдастыруға болар, - деді Елбасы, - яғни, жаңа ғасырға және жаңа мыңжылдыққа қадам басқанымыздың құрметіне, еліміздің тәуелсіз болуының он жылдығының құрметіне он ізгі істер, бастаулар мен ойлар жылы жасау керек.»

Міне, сол мерекелік жылдың өне бойында Қарағанды қаласында және облыс қөлемінде жүзеге асырылған игі істердің арна басында Елбасының осы идеясы жатқан еді.

Кең-байтақ республикамыздың барша өңірінде өз мүмкіндігі, өз ерекшеліктеріне орай игі бастамалар көтеріліп, ізгі істерді жүзеге асыруға деген құлшыныс кең құлаш жайды. Ал, Қарағанды аумағындағы Тәуелсіздіктің 10 жылдығы мерекелік жылындағы жүзеге асқан барлық айтулы істердің ұйтқысы, әрі дем берушісі облыс әкімі Камалтин Мұхамеджанов болғандығын атап өтуіміз керек.

Бұл күнде әр қарағандылықтың «Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі жүзеге асырылған» деп мақтанар, Тәуелсіздіктің әкелгені мен бергені деп қабылдап, ауыз толтыра айтарлық істері көз алдымызда сайрап жатыр. Осылардың ішінде ерекше бөліп айтуға тұратыны «Тәуелсіздіктің он жылдығына - 10 игі іс» бастамасымен облыс орталығы Қарағанды қаласындағы баршаның күшімен жүзеге асырылған келелі жұмыстар. Иә, бұл игі бастама, өнегелі іске тек қарағандылықтар ғана емес, облыстың барлық тұрғыңдары ат салысып, өз үлестерін қосты. Соның нәтижесінде барша еліміз Тәуелсіздіктің мерейлі 10 жылдығын атап өткен жылдың айшықты белгісіндей келер күнге мұра ретінде жүзеге асырылып, бүгінде әр қарағандылықтың мақтанышына айналған жаңадан бой көтерген әсем ғимараттар, көркімен көз тартар сәулет өнерінің тамаша жетістіктері, қаланың көркіне, келбетіне көрік берген жаңа объектілер шоғыры бой көтерді. Олар мыналар болатын.

Этносаябақ. Қаланың орталығы мен Оңтүстік-Шығыс аумағының арасын жалғастырып жатқан осы саябақ облысымыздың барша тұрғындарының күшімен аз мерзім ішінде салынып, іске қосылды. Этносаябақтан кенді Қарағандыны, мысты Жезкдзғанды, көрікті Қаркаралы мен бауыры тарихи ескерткіштерге толы қарт Ұлытауды, Балкаш көлі мен Нұра өзенін көз алдыңа келтіресің. Этносаябақ облыс келбетінің ықшамдалған нұсқасы. Қаланың орталығынан шыққан жолаушының немесе Алматы трассасы бойымен қалаға бет бұрған әр жолаушының қарсы алдынан атына жайдақ мініп, барша жәмиғатқа жақсылык хабарды жеткізуге асыққан бозбала бейнесі менмұндалап қарсы шығады. «Сүйінші» деп аталатын осы стелла алдыңыздан шыққан кеудесін қуаныш кернеген болашактың өкілі іспеттес.

«Шахтер» стадионы. Негізі 1958 жылы қаланған каладағы аса ірі спорт кешені саналатын орталық стадион Тәуелсіздіктің 10 жылдығы карсаңында күрделі жөндеуден өтіп, реконструкцияланып, әрі қайта жабдықталып, адам танымастай өзгеріп, осы заманға сай лайықты кескін-келбетке ие болды.

Осы заманғы №77 балабақша мектебі. Іргетасы 1993 жылы қаланған мектеп құрылысы белгілі себептермен тоқтап калған болатын.

Қаланың «Көгілдір тоғандар» шағын ауданындағы мектеп ғимараты осы заманғы талапқа сай салынып, қатарға қосылды. Айта кету керек, бұл мектепте бүлдіршіндердің дені сау болып өсуіне, терең білім алып шығуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалған.

Көркейген көшелер. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы қарсаңындағы қолға алынып, әрі қаланың әр тұрғынынан жанды қолдауға ие болған игі істің бірі Қарағандының көшелерін абаттандыру ісі деуіміз керек. Бұл іске қаланың орталық көшелерін көріктендірумен шектелмей, жалпы қаламыздың барлық аумағы қамтылды. Егер нақты фактіге сүйенсек, қаланың 60-қа тарта көшесі абаттандырылған еді. Осылардың ішінде Н.Әбдіров даңғылы, Гоголь, Жамбыл, Костенко тәрізді орталықтағы көшелер жаңа сипатқа бөленсе, Жауынгер-Интернационалистер көшесі адам танымастай өзгерді.

«Құлама су» кешені. Қарағаңды қаласында судың тапшылығынан болар, суағарлар, жол жиегінде сыддырлап ағатын бұлақтар жоқ, шаһардың сәні боларлық фонтандар да сирек. Осы бір олқылыктың орнын мереке қарсаңында пайдалануға берілген «Құлама су» кешені толтырғандай болып еді. Ол қала тұрғындарының сейіл құратын, тынығатын сүйікті орындарының біріне айналды.

Жаңарған вокзал. Қарағандының теміржол вокзалы 1955 жылы пайдалануға берілген. Арада өткен уақыт осы ғимараттың кескін-келбетіне де әсерін тигізбей қоймады. Мереке қарсаңында вокзал күрделі жөндеуден өтті. Негізі бұрынғы архитектуралық келбеті сақталған ғимарат жаңаша сәнге ие болды.

Алаңдар. Ірі қалаларда көпке танымал алаңдар аз болмайды. Бұған дейін қарағандылықтар Ерубаев көшесі мен Ленин даңғылы қиылысындағы Гагарин атындағы алаңды ғана білетін. Мерекелі жылы қаламызда жаңа алаңдар пайда болды. Жаңадан кұрылған экономикалық сот ғимаратының алдындағы алаң безендіріліп, осы алаңға ұлтымыздан шыққан алғашқы заң кызметкері Жақып Ақбаевтың есімі беріліп, оған ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ қаланың Оңтүстік-Шьғыс аймағындағы Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің алдында «Жастар алаңы» ашылып, қала көркіне көрік қосты.

Көпірлер. Мереке қарсаңында қаламыздағы 7 көпір мен көтерме жол жөндеуден өтті. Бұлардың ішінде қала орталығы мен Оңтүстік-Шығыс аумағын жалғастыратын автомобиль көпірлері, Майқұдыққа шығатын көтерме жол және басқалар бар.

Тау шаңғысы жолы. Таза ауада серуендеу, тынығу бойға қуат береді. Арқаның аязды күндерінде шаңғымен серуендеудің, биіктен төмен қарай зымыраудың өзі қандай ғанибет. Алайда Қарағаңдыда бірлі-жарым террикоңдар болмаса, іргеде тауда, төбеде жоқ.. Оның орнын Оңтүстік-Шығыстағы университеттің желке тұсында бой көтерген тау шаңғысы жолы толықтырды десек болады. Қарағандылықтар аз уақыт ішінде жасанды тау тұрғызып, осы аймақты бірегей спорт кешеніне айналдырды.

Жаңа ғасырдың бастау жылы негізінен Қарағандының қайта түлеу, жаңғыру, жаңа талапқа сай аббаттандыру жылы болды десек те болғандай. Жоғарыда аталған жалпы ел болып колға алған 10 игі істен бөлек осы 2001 жылы жекелеген коммерциялық ұйымдар күшімен де қала келбетін жақсарта түскен бірнеше жаңа ғимарат бой көтерді. Солардың қатарында «Аквалэнд», «Валют-Транзит» өнеркәсіп-қаржы қауымдастығының ғимараты, «Алтын арба» сауда үйі және басқалар бар. Жаңа ғасыр Қарағанды үшін жаңа жоралғымен, қала келбетін жақсартуға деген ұмтылыспен басталды. Мұның өзі Арқа төсінде жер асты байлығына байланысты бой көтерген шаһардың келер күнге нық қадам басуы деп ұққан абзал.


Аман Жанғожин,

Ермағамбет Лұқпан.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет