Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде
Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы. Демек, қызығуды тәрбиелеу оқуға немқұрайды қарауды жеңуге көмектеседі. Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге жәрдемдеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Мектеп оқушыларының қызығуын қалыптастыру, белсендіру одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерлі тәрбиелеуге көмектеседі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүние танымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім – дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетанымда қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат қоғам – бір тұтас дүние. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді.
Бастауыш сыныпта дүниені танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.
Біріншіден адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б. осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.
Табиғат байлығының мән мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүние тану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.