Бықай, Ф.
Туризм Баянауыл бағын аша ма? [Текст] / Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. - 2009. - 29 қыркүйек (№315-318). - (Туризм көкжиектері)
Ел мен жердің өткені мен бүгініне, болашағына шынайы көзқарас, ниет пен пейіл болса, өрине, бола алады. Көгілдір таулары, мөлдір тұнық көлдері, көк тасының өзінен ағаш өсіп шығатын, жұпар иісті таза ауасы ғажайып, табиғатының көркемдігі таңдай кақгыратын қазактың бұл жері қалайша туризм аймағы бола алмайды деп, әрине, бұл сүраққа сіз де дау айтарсыз. Мәселенің мәнісі сонда болып тұр.
Туризмді өркендету, Баянауылда туризм клаастерін құру, бұл жерді Бурабай секілді курортты аймаққа айналдыру сияқты сөз қозғамастан бұрын, қарапайым ғана бір мысалға жүгінейікші. Біз қазір аузымыздың суы құрып айтатын осындай сұлу жердің табиғатын өзіміз қорғап, аялап, сақтап жүрміз бе? Ал, туризм дегеніміздің өзі, бүгінгі күні экономиканың көптеген секторларының бірлескен шоғырын құруға ықпал жасай алатын үлкен саланың біріне айналып отыр. Әлемнің көптеген елдері үшін туризм нағыз табыс көзі.
Іргесі 1985 жылы қаланған, аумағы 50 мың 688 гектар жерді алып жатқан Баянауыл ұлттық паркі және бұған арқарлары асу асқан, сан түрлі құстары, өсімдігі, жәндіктері бар Қызылтау қорығын қосқанда табиғаттың небір кереметтерін ұсынып, туристерді тәнті етуге әбден болады. Соңғы кездері бай арабтар көз сүзіп, біздің елден сатып әкетіп жүрген қазақтың ителгі құсын да осы тау биігінен көресіз.
Баянауылддың көрікті жерлеріне алып келетін көлік жөне жаяу жолдар, атпен алып жүретін арнайы маршруттар да ойластырыла бастапты. Жалпы, біздің білуімізше, Баянауылға келген туристердің, қонақтардың көп барып демалатын, серуен құратын, қызықгайтын жерлері — көгілдір Жасыбай көлі мен осы көлдің батыс жағындағы құпиясы көп Қоңыр әулие үңгірі. Ұлттық табиғи парктің директоры Темірболат Қасен осы бағытқа адамдардың өте көп келуін байқаған соң, киындық тудырмас үшін парк қызметкерлері әулиенің үңгіріне көтерілетін ағаштан соқпақты баспалдақ жол орнатыпты. Енді бұл жерлерде туристерге арнап екі-үш кісілік шағын үйлер де салынады. Қазір қонақ үйдің де құрылысы қызу жүргізілуде. Өйткені, біздің казақ ата-баба аруағына, әулиелерге сенетін халық, Қоңыр әулиенің шапағаты мен шипасы тисін деп бүл күндері еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келуде. Ал, басқа жерлерден келетін туристер өз менталитеттеріне сай ел мен жер көріп, танысуды, рухани баюды мақсат тұтады. Міне, енді осының бәрі, сайып келгенде, осы бағытта қолға енді ғана шаншып жатқан жұмыстар деуге болады. Әйтпесе, Баянауылдың оңтүстік-батысы, шығысы нағыз туризмге арналғандай, яғни туристерді өздері шақырып тұрған жерлер. Ол үшін көлік жолдарын салып, инфрақұрылымдық әлеует жасалуы кажет. Парк ұжымы алдағы уақытта 25 шақырымдық жарқыраған асфальт жол саламыз деп жоспарлап қойыпты.
Қысқасы, экологиялық-этнографиялық туризмнің сұранып тұрған жері деп Баянауыл аймағын айтуға толық құқылымыз, өйткені, бұл жердің қатпар-қатпар тау-тасы,орман-тоғайы, қаптаған түрлі жан-жануарлары мен мүйіздері қарағаидай арқарларының өзі неге тұрады?..
Мысалы, бір ғана Мұрынтал ауылы аумағын алып қараңызшы: дәл осы жерде Алты Алашқа аты мәшһүр Қазыбек бидің денесін салған сөре тақгай сақтаулы тұр. Атақты әнші бабамыз — Жаяу Мұсаның кесенесі де осы жерде.
Ары қарай алдыңыздан үш жүзге аты мәлім Бұқар жырау Қалқаманұлының кесенесі шығады. Бұл дегеніңіз, барып-қай-туыңыз 160-180 шақырым болатын Баянауылдың тағы да бір туристік маршруты.Бұл қазір жоба ретінде жасалуда, бұйыртса, 2011 жылы жүзеге асып қалуы да кәдік. Ал, жоғарыда атап өткен Жасыбай көлі демалыс аймағынан жаз бойы туристер де, қонақтар да еш арылмайды. Көп келеді. Оны өзіміз де көріп жүрміз. Жұрт: Жасыбай көлінің суы таза, суы таза болатыны — көлде шаян бар, шаян жүрген су таза болады, деп жатады. Көл маңайында жиырмаға жуық демалыс үйі орналаскан. Олар ерекше қорғалатын табиғи аумақты мақсатты пайдаланғандары үшін мемлекетке салық төлеп отыр. Былтыр олар 35 миллион теңге пайда келтіріпті. Бұл ұлттық паркте туризмді өркендету саласында жұмыстардың жандана бастағанын да көрсетеді.
Туристерді шақырып тұрған жердің келесі бірі — тау етегіндегі Торайығыр көлі. Ғажап көрініс. Барсаңыз, бүл жерден кеткіңіз келмейді-ау. Амал қанша, кеңестік кезеңде осы жерге мал бордақылау алаңын салып, қазақ десең өзіңе тиеді, біреулер қасиетті, көрікті жердің келбетін осылай да бұзып, былғаныш етіпті. Көлді әбден тазалап барып, туризм аумағына айналдыру, аумақты көріктендіру, инфракұрылымдық жайлар салу тағы да кезек күтуде. Абылай хан бабамыз жеңіс тойын тойлаған тау етегіндегі Сабындыкөл де осы қатарда.
Беу, Баянауыл... Қайбір жылы бір ғалымдар осы жерге 150 жыл болды дегенде мың жылдық көне тарихы бар қазақтың жерінің жасын неге азайтасындар, деп біз қарсы мақала да жазғанбыз. Кейбір баянауылдықтармен әңгімелесе калсаңыз, туристердін керегі жоқ, туризмді қайтеміз, бізге ата-бабамыздан калған тау-тасымызды, орман-тоғайымызды, көгілдір көлдерімізді келер ұрпақтар үшін сақтау керек, сырттан келгендер жер қадірін білмейді, ластап, күл-қоқыстарын лақтырып кетеді, деп күңкілдеп жатады. Мұны ел мен жерге деген нағыз патриотгық сезім деп айтуға болады. Бір жағынан бұл да дұрыс шығар, бірақ заман көшінен қалыс қалуға тағы болмайды ғой. Тек тазалық талап етілуі тиіс. Өйткені, бойымызда әлі де болса туристік танымдық мәдениет қалыптаса қоймаған. Сондықтан, баянауылдықгар айтып жүргендей, егер де бұл жерлерден туристік орталық ашылатын жағдай бола қалған күнде табиғаттың тоз-тозы шықпауы үшін арнайы заңнамалар бекітіліп, нормативтік құжаттар, карталар жасалуы қажет. Әрине, қай ел үшін де туризм керек. Біздің облыста әлі де бүл мөселе кенжелеп тұрғаны рас, көбіне қалтаға ақша-мызды басып алып, шетелге жүгіреміз. Мысалы, статистикалық мәлімет бойынша, 2007 жылы біздің өңірге шетелден бірде-бір турист келмепті. Егер Баянауыл, Жасыбай бар, келіңдер, көріңдер, деп үгіт-насихат, жарнамалық жүмыстар жүргізілмесе, шетелдік саяхатшыны қалай қызықтыра аламыз? Біздің жарнамашылар Түркияға шақырып жарнамалап жатады. Біздің облыста да туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы бар көрінеді. Бірақ жасалып жатқан нақты жұмыс болмаса, одан не пайда?!
Өз өңірімізде ішкі туризм жақсы болғанымен, сыртқы туризм, сырттан келетін туристер ағыл-тегіл деп айтуға әлі ертерек. Қазір жергілікті ғалымдар ертедегі көшпенділер өмірін көрсетеміз, туристерді қызықгырамыз, деп бір жоба әзірлеуде екен. Мұның да кезінде қалай жүзеге асқанын көрерміз. Ал жалпы облыста Баянауыл өңірінен баска да көрікті жерлер бар. Мысалы, "Қазқонақ" табиғи ескерткіші, Шарбақгыдағы Маралды көлі, Мойылдының балшығы, атақты Шәукен құмы, Шалдай ормандары, қысқасы, көрсетер жер жетеді. Келген туристерді осы жақтарға жеткізбей тұрған тозған жолдардың әлегі тағы бар. Облыстағы 3447 шақырым жолдың 5 пайызы ғана жарамды!.. Осыдан кейін "Біздің жаққа кел, кел", деп туристерді аттап бастыра аласың ба?..
Достарыңызбен бөлісу: |