Бибатпа Кӛшімова


ӚГІЗ-ӚРЕУЛІ (Огиз-Ореулы)



Pdf көрінісі
бет170/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ӚГІЗ-ӚРЕУЛІ (Огиз-Ореулы) – Маңғыстау ауд-дағы қоныс. Ӛгіз – кӛне тҥркілік 
«ағып жатқан су», ал Ӛреулі – ӛрелі «кең кӛлемді, ауқымды» деген мағына беретін 
тәрізді. Сонда атаудың мағынасы: «мол сулы қоныс» немесе «сулы, ҥлкен қоныс». 


ӚГІЗБАЙ (Огизбай) – Маңғыстау ауд-дағы қҧдық. Атау ӛгіз (зат есім) және бай (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ӛгіз – кӛне тҥркілік «ағып жатқан су». Татар 
гидронимиясын зерттеген Ф.Г.Гарипова бай – «ертедегі ӛзен ағысынан тҥзілген 
аңғарлар, яғни «ӛзен, қҧрғақ ӛзен», ал Орталық Азия топонимиясында: «қҧрғақ арна» 
«сусыз алқап» мағынасында қолданылады» деп кӛрсетеді (Ф.Г.Гарипова, 26). 
Мағынасы: «бҧрын су аққан арнадан, аңғардан қазылған қҧдық». 
ӚЗБЕК ҚОРЫМЫ (Озбек корымы) – қор., Мҧнайлы ауданы. Халық атауынан 
қойылған атау. Мағынасы: «ӛзбек халқының ӛкілі жерленген қорым». 
ӚЗЕН (Озен)шағын ойыс, қ., Қарақия ауданы, Маңғыстау ҥстіртінде. Біздің 
пікірімізше, ӛзен сӛзі «белгілі бір арнамен ағып жатқан суға қатысты айтылмаған. 
Кӛне тҥркі тіліндегі «ӛз» тҥбірінен ӛрбіген, яғни ӛзен – «бір кезде су ағып, кейін 
қҧрғап қалған, созылып жатқан ойыс жер, кішірек сай» мәніндегі сӛз. Сонда атаудың 
мағынасы: «созылып жатқан ойыс жер». 
ӚЗЕНҚҦДЫҚ (Озенкудык) – ойпат, Қарақия ауданы. Атау ӛзен (зат есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «созылып жатқан 
ойыс жердегі қҧдық» (қараңыз:ӚЗЕН).
ӚЛІҚОЛТЫҚ (Оликолтык) – шығ., сор, қор., Бейнеу, Маңғыстау ауд-ры, Каспийдің 
солт.-шығысында. Атау ӛлі (сын есім) және қолтық (зат есім) сӛздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. «Ӛліқолтық – Каспийдің қазір қҧрғап қалған бір пҧшпағы, бҧрынғы 
шығанақ. Кей жылдары шығанақтағы итбалықтың, балықтың жаппай қырылып қалу 
себепті солай аталған. Ӛлі қолтық жергілікті жерде ешқандай тірлік белгісі жоқ жер 
мағынасында» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 198). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет