Билет 7 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы



бет1/2
Дата28.01.2024
өлшемі18.98 Kb.
#490131
  1   2
билет 7,8


Билет 7 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы.
Ресейдің 1914 жылдың жазында басталған Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы қазақ халқының жағдайын тіптен әлсіретіп жіберді. Мүның ақыры 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен революцияға әкеп соқтыратындығы сөзсіз еді. Қазақтардың иығына енді тағы бір салықтың түрі - соғыс салығы түсті. Патша өкіметі соғыс қажетіне байланысты түйе мен жылқы малдарын, арбалар мен қажетті саймандарды тартып алды. Соғыс басталысымен салық 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Майдан қатарына алынған адамдары бар отбасыларына көмек көрсету деген желеумен қазақ түрғындарына еңбек ету борышы енгізілді. Жетісу өскери губернаторы Фольбаум 1916 жылғы 16 ақпандағы бүйрығымен, оларды жер жырту мен түқым себуге еңбекақысыз пайдалануды міндеттеді. Жергілікті өртүрлі міндеттілік пен алым-салықтың түрлері кобейді. Соғыс жылдары пара алу бүрын болмаған дәрежеге жетті. Соғыс қажеттілігіне орай мал және озге де мүліктерді еріксіз алу кең тарады. Тек соғыстың 2,5 жылы ішінде Түркістан халқынан 70 мың жылқы, 15 мың түйе және 13,5 мың киіз үй, сондай-ақ 40 мың пүттан аса мақта мен мындаған пүт макта майы, сабын т.б. еріксіз жиналды. Соғыстың алғашкы жылында, тек Жетісудан алынған мал шаруашылығы онімдері 34 миллион сомға шақ еді. Соғыстың ауыр зардаптары Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында байқала бастады. Жүмыс күшінің жетіспеуі салдарынан Орталық Қазақстанда комір, ал батыс аудандарда мүнай өндіру колемі азайып кетті. Ембі экономикалык аймағында соғыстың алғашқы жылы 1915 жылғы ондірілген мүнай 265560 тоннадан 8 мың тоннаға дейін азайды. Әсіресе. шетелдік кәсіпкерлердің меншігіндегі кәсіпорындарының жүмысшылары қиын жағдайды басынан кешті. Шетелдіктердің қолындағы таукен шахталары кәсіпорындарында жүмыс күнінің үзақтығы оз бетінше белгіленіп, өндіріс ерекшеліктері есепке алынбай, 12-14 сағатқа созылды. Жүмысшылардың нақты жалақысы күнненкүнге төмендей берді. Айталық, Спасский зауытында 1914 жылы бір күндік жүмысқа 1 сом 04 тиын, 1915 жылы - 94 тиын, 1916 жылы - 91 тиын төленсе, Сарысу зауытында бүл жылдары жалақы 1 сом 22 тиын, 1 сом 02 тиын және 94 тиын болды. Соғыс жылдары қоныс аударып келген шаруалардың да жағдайы нашарлап кетті. 1915 жылы наурызда Верный, Лепсі, Пржевальск уездерінде ауыл түрғындары бағаның осуіне, салык пен әртүрлі борыштарды отеуге карсы наразылық корсетті. Тәртіп орнату үшін елде оскери күш қолданылды. Ауыл, қала және селолар еңбекшілерінің жағдайы күрт томендеуіне байланысты Қарағанды және Екібастүз шахталарында шахтерлар, Орынбор-Ташкент жоне Транссібір теміржолдарындағы теміржолшылар 1914 жылдың озінде ереуілдер мен котерілістер жасаған болатын. Тап күресі жүмыс орнын тастап қашып кету, наразылық корсету, ультиматум кою. экономикалық сипаттағы ереуілдерге шығу торізді орекеттермен сипатталды. Сонымен қатар, қоныс аударып келген деревнялардағы ауқаттылар мен қазақ шаруалар арасында күрес үлей түсті. Оған коса Қазакстан оскери түткындардың лагеріне айналды. Моселен, 1914 жылы желтоксанда Дала генерал губернаторлығы орталығында әртүрлі үлт окілдерінен жиналған әскери түтқындардың саны 20 мыңға дейін жетті. Олар негізінен Дала өлкесінің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан оскери округінің арнайы пункттерінде орналастырылды. 1916 жылы 25 маусымдағы II Николай патшаның Сібір, Орта Азия және Қазақстан бүратана халықтарынан 19 бен 43 жас аралығында 400 мың ер адамды соғыс аймағындағы қүрылыстарды салуға алынатыны туралы жарлығы халықтың наразылығын одан әрмен күшейтті. «Патша үкіметі орыс жүмысшылары мен шаруаларына қарағанда бүратана халықты арзан жүмыс күші ретінде пайдаланып, айтқанға кондіріп, айдауға жүргіземіз деп ойлады. Әрі олардың наразылығынан қорыққан жок; екінші жағынан, төменгі шендегі орыетар мен жүмысшыларды оскери қимылға тікелей пайдалануға болатын еді. Бірақ, әскерге шакыру жасындағыларды негізгі жүмыстарынан қол үздірмеуді ойлады», - деп жазды Т.Рыскүлов пен Г.Бройдо. Әскерге алынатындардың тізімін жасау болыс басқарушыларына жүктелді. Іс жүзінде, бүл жүйе жаппай парақорлық пен қызмет бабын жеке басына пайдалануға әкеп соқтырды. Қазақтардың туған жылы туралы жазбаша қүжаттарының болмауы отарлық әкімшіліктің ойына келгенін істеуге ыңғайлы болды. Байлар мен ауқатты адамдар пара беріп, балаларын «ауру» немесе «кәмелетке жасы толмаған» деп әскерден алып қалды, ал олардың орнына кедейлер, олардың балалары жіберілді. Сонымен қатар, 1916 жылы 23 тамыздағы Түркістан генерал-губернаторы А.Н.Куропаткиннің қүпия бүйрығымен «әскерге алудан болыстық, ауылдық және селолық басқармалардың лауазымды адамдары, жергілікті адамдардан болған томенгі шенді полицейлер, имамдар, молдалар және мударистер, есепшілер, кіші несие беретін мекемелердің бухгалтерлері, мемлекеттік мекемелердің оқушылары, дворян жоне әулетті беделді адамдар және т.б. босатылды».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет